Жеке деректерге қатысты саясат

Жеке деректерді өңдеуге қатысты саясат

Жеке деректерді өңдеуге қатысты осы Саясат 2006 жылдың 27 шілдесіндегі РФ Федералдық заңының «Жеке деректерге қатысты» №152-ФЗ-ның 18.1 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленген және де ол «НЛ Континент» ЖШҚ-ның (әрі қарай – Компания) жеке деректер субъектісінен алатын барлық жеке мәліметтеріне қатысты әрекет етеді.

Компания Жеке деректерді өңдейтін операторлар тізімінде 54-17-0002790 тіркеу нөмірімен тіркелген.

1. Жеке деректерді өңдеудің құқықтық негізі.

2. Жеке деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәсілдері.

Субъектілердің жеке деректерін өңдеудің мақсаты (әрі қарай – «ЖДр») – Компания Жарғысымен анықталатын жұмыстардың орындалуын және қызмет түрлерінің көрсетілуін, Компанияның клиенттер алдындағы шарт жүзіндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету.

Жеке деректерді өңдеу (жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде бөлісу де), иесіздендіру, бұғаттау, жою) төмендегілерге бөлінеді:

3. Өңделетін деректердің категориялары, түрлері.

Компанияда жеке деректер РФ заңнамасына сәйкес жиналып, өңделеді.

Өңдеу мақсатын ескере отырып, өңделетін жеке деректер құрамына мыналар кіруі мүмкін: тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы; туған айы; туған күні; туған жері; мекен-жайы; отбасылық жағдайы; қызмет орны, лауазымы, білімі; мамандығы; табысы; жынысы; жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері (құжаттың сериясы мен нөмірі, берілген күні, құжатты берген мекеменің атауы және бөлімшенің коды); азаматтығы; салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болса).

4. Жеке деректермен орындалатын әрекеттер тізімі:

Жинау; Жүйелеу; Жинақтау; Сақтау; Нақтылау (жаңарту, өзгерту); Пайдалану; Тарату (оның ішінде жіберу де); Иесіздендіру; Бұғаттау; Жою.

5. Жеке деректері өңделетін субъектілердің категориялары:

6. Жеке деректерді өңдеуді тоқтату шарттары.

Жеке деректер өңдеу мақсатына жеткен соң немесе өңдеу мақсатына жету қажеттілігі жойылған жағдайда, федералдық заң бойынша өзге шаралар қарастырылмаса, сондай-ақ жеке дерекке қатысты заңсыз әрекет орындалғаны анықталса және заңнама жүзінде бекітілген құқық бұзушылықтарды уақытылы шешу мүмкіндігі болмаса, жеке деректер жойылады.

7. Құпиялықты қамтамасыз ету.

Клиенттер мен серіктестермен жасалатын шарттарда, сол келісім-шарттарды орындауға қатысты құжаттарда және ақпараттық жеке деректер жүйелерінде қамтылатын олардың жеке деректері құпияда сақталады.

152-ФЗ немесе басқа да федералдық заңдар бойынша өзге шаралар қарастырылмаған болса, Компания жеке деректерді өңдеу барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті әрі жеткілікті шаралардың тізімі мен құрамын өз бетінше анықтайды.

8. Өңдеу барысында жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

8.1 Жеке деректерді заңсыз немесе кездейсоқ қолды болудан, жойылудан, өзгертуден, бұғатталудан, көшірілуден, таратылып, бөлісуден және өзге де заңға қайшы әрекеттерден қорғау үшін, жеке деректерді өңдеу барысында Компания қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүргізеді.

8.2 Жеке деректердің қауіпсіздігі төмендегі тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

9. Жеке деректерге қол жеткізу мүмкіндігі.

Жеке деректерге қол жеткізу мүмкіндігі жеке деректер субъектісіне (оның заңды өкіліне) сұраныс негізінде беріледі. Сұраныста жеке деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын негізгі құжаттың нөмірі, көрсетілген құжаттың берілген күні мен берген мекеме туралы мәліметтер және жеке деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің өз қолымен қойылған қолы болуы керек.

10. Серіктестер мен үшінші тұлғаларға қолжетімді деректердің көлемі мен оларды ашу шарттары.

Компания жеке деректердің құпияда сақталуын қамтамасыз етеді және оны жеке деректер субъектісінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға таратпауға міндеттеледі (егер заңнама бойынша басқа шара қарастылмаған болса). Егер Компания субъектінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға тиісті шарттың негізінде таратса, мұндай шарттың маңызды ережесі ретінде үшінші тұлға жеке деректердің құпиялығын қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз