Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
BioDrone, PH Balance Stones

PH Balance Stones картридж

Суды сілтілеуге арналған ауыстырмалы картридж

Табиғатта суды табиғи түрде байытатын механизм бар: су тау шыңынан ағып келе жатқанда әртүрлі тастармен әрекеттеседі. Осының арқасында су теріс тотығу-тотықсыздану әлеуетіне ие болып, сілтіленеді. Мұндай су адамның ағзасына оңай сіңеді әрі ағзадағы жасушалардың энергия алмасуының тиімділігіне ықпал етеді. Біз осы механизмді PH Balance Stones жинағының аясында жасап шығардық.

TRUE WATER

Саған сай су. Саған сай өмір. Саған сай саналылық.

Таза салмағы: 40 г

Ресейде шығарылған

990
890

TRUE WATER сілтілі суы қандай қасиеттерге ие?

  • Ағзаның қышқылды-сілтілі теңгерімін жасуша деңгейінде тұрақтандырады.
  • Жасушалардың қартаю процесін баяулатады.
  • Ағзаның қорғаныш қызметін қалпына келтіреді.
  • Токсиндерді шығарады.
  • Бос радикалдарды бейтараптандырады.
  • Дене және ақыл-ой еңбегінен кейін күш-қуатты тез қалпына келтіреді.
  • Дұрыс тамақтанудың маңызды бөлшегі.
  • Табиғи калий, кальций, магний, натрий және мырыштың көзі.

Картридждің құрамы 100% табиғи:

Цеолит — суды сүзіп, оның pH көрсеткішін ағзаның ішкі ортасының физиологиялық көрсеткішіне дейін сай келтіріп, тұрақтандыратын минерал.

Шунгит — судың құрылымын түзетін табиғи «сүзгі». Құрылымы жағынан мұндай су тірі жасушаның сұйық ортасына ұқсас келеді әрі ол ағзаға оңай сіңеді.

Шақпақтас — ағза жасушаларының энергия алмасу тиімділігіне әсер ететін минерал. Қалпына келтіру процестерін тұрақтандырады.

Күміс — антисептикалық әсерімен (вирусқа қарсы, бактерицидтік, фунгицидтік) танымал бағалы металл.

Магний — ағзадағы көптеген тіндердің құрамында кездесетін өмірлік маңызы зор микроэлемент. 300-ге жуық биохимиялық процестерге қатысады, мәселен: бұлшықеттер мен жүйке талшықтарын, иммундық жүйені сақтау, сүйек тінінің құрылымын нығайту.

Кімдерге арналған?

  • Пайдалы әдеттерді ұстанатындарға.
  • Экологиялық тазалық пен саналы түрде тұтынуды таңдайтындарға.
  • «Жай» судың орнына одан пайдалырақ суды ішкісі келетіндерге.
  • Өзі ішетін ауыз судың сапасына алаңдайтындарға.
  • Экологиялық тазалық — 100 % табиғи құрам.
  • Үнемді — 1 құрылғы + ауыстырмалы картридждің арқасында, сіз 6 ай бойы премиум санатты бөтелкедегі сілтілі суға кететін ақшаңызды үнемдейсіз.
  • Әмбебап — TRUE WATER суын шай, кофе, смузи, сондай-ақ BioDrone әзірлеуге және ББҚ ішуге қолдануға болады.

Құрамы: құрамында күміс бар табиғи цеолит, түйіршіктелген магний, шунгит, шақпақтас.

Қолданылуы: картридждің ішіндегіні құрылғының контейнеріне салып, ағын судың астында мұқият жуып алу керек, содан соң қақпағын салып, тығыздап жабыңыз. Құрылғының ішіне ауыз су құйып, 15-20 минуттай тұндырып қойыңыз.

Құрылғы 14 тәуліктен аса қолданылмаған болса, картриджді ағын судың астында жуып, бөлме температурасында кептіру керек.

Картриджді қалпына келтіру тәсілі: тағамдық лимон қышқылының 1 шай қасығын бөлме температурасындағы 100 мл суға араластырып, картриджді осы ерітіндінің ішіне 1-2 минутқа салып қойыңыз. Ағын судың астында мұқият жуып алыңыз. Картриджді әрі қарай пайдалана беруге болады. Мұндай регенерацияны 20 күнде 1 рет жасап тұруға кеңес береміз.


Сақтау шарттары: қолданылмаған картриджді еш саңылаусыз қапталған тұтынушылық ыдысқа салып, 0-ден +25 С°-қа дейінгі температурада, 75 %-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдықта, тік күн сәулелерінен қорғалған, жылу және иіс көздерінен алшақ жерде сақтау керек.

Сақтық шаралары: картриджді ішке қолдануға болмайды, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек, қыздыруға болмайды, тік күн көздерінен, ашық жалын көздерінен сақтау керек, иісі өткір заттардан алшақ жерде бөлме температурасында кептіру керек.

Жарамдылық мерзімі: кепілді сақтау мерзімі – шығарылған күннен бастап 5 жыл. Картриджді пайдалану мерзімі: 6 ай.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз