Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Бамбук көмірі қосылған гидрогельді патчылар

детокс әсері бар

Гидрогельді патчылар – корей косметикасының басты хит өнімі әрі толыққанды күтімге уақыт тапшы болғанда көмекке келетін құтқарушы. Биологиялық белсенді пептидтердің арқасында бұл патчылар нәзік қабақ терісін қарқынды түрде ылғалдандырып, сергітіп әрі әлдендіре отырып, көз қарасыңызды жарқыратады. Тиімді компоненттер қосылған формулалар жасушаларды пайдалы микроэлементтерге байытады, көздің астындағы қара дақтарды ағартады, ісіну мен шаршауды басады. Күнделікті қолдануға арналған. 

60 дана (90 г)

Кореяда шығарылған

1290

Пептидтер мен бамбук көмірі қосылған BL Oriental Beauty Black гидрогельді патчылары – теріні балғын да жарқыраған күйге бөлейтін жаңа әрі заманауи тиімді өнім. Бамбук көмірі өзінің тазартқыш қасиеттерімен бүкіл әлемге әйгілі: ол токсиндерді шығарып, жасушалар регенерациясы процесін іске қосады. Белсенділігі жоғары компоненттер жасушаны ылғал мен қоректік микроэлементтерге байытады, терінің табиғи жұмсақтығы мен созылғыштығын қайтарады. Бір рет қолданғаннан кейін-ақ тері тегіс, жинақы әрі күтім жасалғандай өзгеріп шыға келеді.

Кімдерге арналған?

  • Жаңаға құмар жандарға. 
  • Экспресс сұлулық құралын іздеп жүргендерге.
  • Стильді орамаға құмар жандарға.
  • Косметиканың сапалы әрі қауіпсіз болуын маңызды санайтындарға.
  • Косметиканың әсері болғанын қалайтындарға. 
  • Дерматологтардың сынағы мен мақұлдауынан өткен. 
  • Құрамында SLS, парабендер мен минералды майлар жоқ. 
  • Тері ұзақ уақытқа ылғалдандырылады. 
  • Мимикалық әжімдерді азайтады. 
  • Ісінуді басып, көздің астындағы қара дақтарды кетіреді. 

WATER, GLYCERIN, CARRAGEENAN, BUTYLENE GLYCOL, COPTIS CHINENSIS ROOT EXTRACT, ACETYL HEXAPEPTIDE-8, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZATE, PROPANEDIOL, PENTYLENE GLYCOL, COCOS NUCIFERA (COCONUT) FRUIT EXTRACT, PINUS SYLVESTRIS LEAF EXTRACT, CHARCOAL POWDER, ALLANTOIN, CYAMOPSIS TETRAGONOLOBA (GUAR) GUM, RICINUS COMMUNIS (CASTOR) SEED OIL, POTASSIUM CHLORIDE, ARGININE, CERATONIA SILIQUA (CAROB) GUM, SUCROSE, PEG-60 HYDROGENATED CASTOR OIL, CELLULOSE GUM, ETHYL HEXANEDIOL, 1, 2-HEXANEDIOL, CALCIUM LACTATE, ETHYLHEXYLGLYCERIN, CALCIUM CHLORIDE, CAPRYLYL GLYCOL, SYNTHETIC FLUORPHLOGOPITE, TITANIUM DIOXIDE, TITANIUM / TITANIUM DIOXIDE, CHLORPHENESIN, FRAGRANCE, DISODIUM EDTA.

Белсенді компоненттер 

  • Ацетил гексапептид-8 ботокс тәрізді әрекет етеді, мимикалық әжімдерді азайтып, жаңа әжімдердің алдын алуға көмектеседі.
  • Бамбук көмірі терінің қабыршақтанған жасушаларындағы қабыршақтарды түсіріп, микроциркуляция мен жаңа жасушалардың пайда болуын жеделдетеді. 
  • Аллантоин эпидермистің жаңаруын жеделдетеді, бос радикалдардың жағымсыз әсерін бейтараптандырады, тіндердің регенерациясын тездетіп, жасушаның қартаю процесін баяулатады. Терінің жазылуына ықпал етеді, оның тосқауыл қою қасиеттерін қалпына келтіреді.
  • Кокос сығындысы теріні әп сәтте қоректік микроэлементтер мен ылғалға байытады. Теріні жұмсартып, балғындық сезімін сыйлайды, теріні тыныштандырып, шаршау іздерін басады. 

Алдын ала тазартылып, құрғатылған астыңғы қабаққа астыңғы кірпіктерден 2 мм-дей орын қалдырып жабыстырыңыз. Шамамен 20-30 минуттан кейін алып тастаңыз. Өнімнің қалдығын теріге сәл ұрғылап сіңіріңіз. Жуып тастамаңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз