Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Биобелсенді алтын қосылған гидрогельді патчылар

лифтинг әсері бар

Гидрогельді патчылар – корей косметикасының басты хит өнімі әрі толыққанды күтімге уақыт тапшы болғанда көмекке келетін құтқарушы. Биологиялық белсенді пептидтердің арқасында бұл патчылар нәзік қабақ терісін қарқынды түрде ылғалдандырып, сергітіп әрі әлдендіре отырып, көз қарасыңызды жарқыратады. Тиімді компоненттер қосылған формулалар жасушаларды пайдалы микроэлементтерге байытады, көздің астындағы қара дақтарды ағартады, ісіну мен шаршауды басады. Күнделікті қолдануға арналған. 

Алюминий фольганың ашылып кетуден қорғаныш есебінде емес, тасымалдау барысындағы термиялық әсерлерден отырып қалмауы үшін жасалғанына назар аударыңыз, сондықтан таспа жартылай алынып қалуы мүмкін. Одан патчылар кеуіп не ластанып қалмайды, себебі өндіруші бұл өнімді фольгасыз әзірлеп шығаруға рұқсат етеді. Бұдан өнім жарамсыз болып қалмайды, өнімді ашқан соң фольга алынып тасталады, содан соң жинақ ішіндегі қосымша пластик қақпақты қолдану керек.

60 дана (90 г)

Кореяда шығарылған

1290 ₽

Таза алтын қосылған BL Oriental Beauty Gold гидрогельді патчылары – теріні балғын да жарқыраған күйге бөлейтін жаңа әрі заманауи тиімді өнім. Алтын лифтинг-әсерге ие, ол жасушалардың регенерация процесін іске қосады. Белсенділігі жоғары компоненттер жасушаларды ылғал мен қоректік микроэлементтерге байытады, коллагеннің түзілуін белсендіреді, теріні тегіс әрі созылғыш күйіне қайтарады, бос радикалдарды бейтараптандырады. Бір рет қолданғаннан кейін-ақ тері тегіс, жинақы әрі күтім жасалғандай өзгеріп шыға келеді. Теріңіздің жастығы мен жарқырауына арналған әп сәттік әсер!

Кімдерге арналған?

  • Жаңаға құмар жандарға. 
  • Экспресс сұлулық құралын іздеп жүргендерге.
  • Стильді орамаға құмар жандарға.
  • Косметиканың сапалы әрі қауіпсіз болуын маңызды санайтындарға.
  • Косметиканың әсері болғанын қалайтындарға. 
  • Дерматологтардың сынағы мен мақұлдауынан өткен. 
  • Құрамында SLS, парабендер мен минералды майлар жоқ. 
  • Тері ұзақ уақытқа ылғалдандырылады. 
  • Мимикалық әжімдерді азайтады. 
  • Ісінуді басып, көздің астындағы қара дақтарды кетіреді. 

WATER, GLYCERIN, CARRAGEENAN, BUTYLENE GLYCOL, COPTIS CHINENSIS ROOT EXTRACT, ACETYL HEXAPEPTIDE-8, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZATE, PROPANEDIOL, PENTYLENE GLYCOL, COCOS NUCIFERA (COCONUT) FRUIT EXTRACT, PINUS SYLVESTRIS LEAF EXTRACT, PURE GOLD, ALLANTOIN, CYAMOPSIS TETRAGONOLOBA (GUAR) GUM, RICINUS COMMUNIS (CASTOR) SEED OIL, POTASSIUM CHLORIDE, ARGININE, CERATONIA SILIQUA (CAROB) GUM, SUCROSE, PEG-60 HYDROGENATED CASTOR OIL, CELLULOSE GUM, ETHYL HEXANEDIOL, 1, 2-HEXANEDIOL, CALCIUM LACTATE, ETHYLHEXYLGLYCERIN, CALCIUM CHLORIDE, CAPRYLYL GLYCOL, MICA, TIN OXIDE, CI 77491, TITANIUM DIOXIDE, CHLORPHENESIN, FRAGRANCE, DISODIUM EDTA.

Белсенді компоненттер 

  • Ацетил гексапептид-8 ботокс тәрізді әрекет етеді, мимикалық әжімдерді азайтып, жаңа әжімдердің алдын алуға көмектеседі.
  • Таза алтынның құрамында биобелсенді элементтер бар, олар жасушаларды әп сәтте ылғалдандырып, жаңару процесін жеделдетеді, бос радикалдарды бейтараптандырып, теріні сау әрі жарқыраған күйге бөлейді.
  • Аллантоин эпидермистің жаңаруын жеделдетеді, бос радикалдардың жағымсыз әсерін бейтараптандырады, тіндердің регенерациясын тездетіп, жасушаның қартаю процесін баяулатады. Терінің жазылуына ықпал етеді, оның тосқауыл қою қасиеттерін қалпына келтіреді.
  • Кокос сығындысы теріні әп сәтте қоректік микроэлементтер мен ылғалға байытады. Теріні жұмсартып, балғындық сезімін сыйлайды, теріні тыныштандырып, шаршау іздерін басады. 

Алдын ала тазартылып, құрғатылған астыңғы қабаққа астыңғы кірпіктерден 2 мм-дей орын қалдырып жабыстырыңыз. Шамамен 20-30 минуттан кейін алып тастаңыз. Өнімнің қалдығын теріге сәл ұрғылап сіңіріңіз. Жуып тастамаңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз