Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

«Әп сәттік көмек» маскасы

тітіркенген сезімтал теріге арналған қарқынды күтім

Тітіркенген және қабынған теріге әп сәтте көмек көрсете алатын SOS-маска. Шырғанақ майының арқасында бұл маска теріге күшті регенерациялағыш әсермен әрекет етіп, аллергендер мен микробтарға тосқауыл қояды, тітіркенуді тез басып, теріні тыныштандырады. Күнге күйген іздерді жақсы кетіреді, акнеден кейінгі қатты қызаруды басады. Анар сүйектерінің майы құрғақ, өңсіз, жарылған, дөрекі теріні қарқынды түрде қалпына келтіреді. Нәтижесінде теріңіз жібектей жұмсарып, кемшіліктерінен құтылады.

50 мл

Ресейде шығарылған

580 ₽

Бет теріңіз көмекке шақырып жатыр ма? Sos-маска тітіркенген әрі қабынған теріге көмектесуге асығуда. Шырғанақ майы теріні тиімді әрі тез тыныштандырса, анар сүйектерінің майы қажетті қорек пен күтімді береді. Қарқынды түрде қоректендірудің арқасында тері тегіс те серпімді күйге еніп, сергек әрі жас көрінеді.

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Айқын нәтиже. Құралдардың тиімділігі тұрақты клиенттердің ой-пікірі мен тәуелсіз ерікті тестілеу нәтижелерімен дәлелденген.
  • Be Loved косметикасының негізі – косметология саласындағы ең жаңа ғылыми жаңалықтар мен теріге күшті әсер етіп, ондағы ақауларды жасушалық деңгейде шешетін айрықша компоненттерден құрылған.
  • Ұқыпты күтім. Барлық құралдар SLS пен парабендерден таза, бейтарап pH-ке ие, ең нәзік әрі сезімтал деген теріге де қолдануға болады.
  • Керемет текстуралар. Жеп-жеңіл, ерігіш текстуралар теріңізге тиген бойда еріп, премиум санатты күтімнің рахатын сыйлайды.
  • Франциялық жұпар иістер. Әлемдік парфюмерлер астанасы саналатын Грасса қаласынан әкелінген таңдаулы жұпар иістер күнделікті күтімді нағыз рахатқа айналдырады.

CELLCODE57*, GLYCERIN MONOSTEARATE*, DIGLYCOL STEARATE, POLYSORBATE 20, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL*, HYDROXYPROPYL GUAR*, MAGNESIUM SILICATE*, PUNICA GRANATUM SEED OIL*, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL*, ISOPROPYL ISOSTEARATE, ETHYLHEXYL STEARATE, GLYCERIN*, PRUNUS ARMENIACA (APRICOT) KERNEL OIL*, BUTYROSPERMUM PARKII (SHEA BUTTER) OIL*, COCO-CAPRYLATE/CAPRATE*, PANTHENOL, SODIUM HYALURONATE, SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA ) SEED OIL*, HIPPOPHAE RHAMNOIDES OIL*, LANOLIN*, TOCOPHEROL*, KIGELIA AFRICANA FRUIT EXTRACT*, PHRAGMITES COMMUNIS EXTRACT*, PLANTAGO LANCEOLATA LEAF EXTRACT*, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT*, PORTULACA PILOSA EXTRACT*, MANGIFERA INDICA LEAF EXTRACT*, MENTHA PIPERITA LEAF EXTRACT*, VISCUM ALBUM FRUIT EXTRACT*, SODIUM BENZOATE (AND) POTASSIUM SORBATE, BEESWAX*, SILVER CITRATE, BISABOLOL*, FRAGRANCE.

*Табиғи текті компоненттер

Белсенді компоненттер:

CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді, әрі ұзақ мерзімді қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 

Шырғанақ майы – қабынуды басады, бактерияға қарсы әрекет етеді, регенерациялағыш әсері бар. А, С, РР, Е, К дәрумендерді, В тобының дәрумендері, каротиндер, қанықпаған май қышқылдары, токоферолалар теріні өңсіздіктен, әжімдерден, құрғақтық пен солудан қорғайды. 

Анар сүйектерінің майы – қарқынды қоректендіргіш құрал, терінің шамадан тыс құрғақтығынан арылуға көмектеседі, теріні ылғалдандырып, оған табиғи жылтыр сыйлайды. Антиоксиданттық қасиеттерге ие. 

Алдын ала тазартылған, құрғақ бет терісіне көздің айналасына тигізбей жағыңыз. 15-20 минуттан соң масканың қалдығын ылғал косметикалық майлықпен сүртіп немесе жылы сумен жуып жіберіңіз. Аптасына 1-2 рет қолданыңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз