Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Coffee Scrub Coconut

кокос жұпар иісі қосылған кофе скрабы

Нәзік кокос жұпар иісі қосылған табиғи кофе скрабы - сабын мен душқа арналған гельмен шектеліп қалмай, теріні тазартатын мінсіз құрал іздеп жүргендерге нағыз олжа. Скрабтау барысында қанның микроциркуляциясы күшейіп, зат алмасу процестері іске қосылып, терінің бедері тегістеліп, тығыздығы жақсарады. Скраб құрамындағы табиғи бағалы майлардың арқасында тері жұмсақ, тегіс әрі ылғал мен қорекке қаныққан кейіпке келеді.

250 г

Ресейде шығарылған

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кокос жұпар иісі қосылған Coffee Scrub теріні тамаша тазартып, оны қажетті деңгейде ылғалдандырады. Теріні скрабтап тазалай алатын қасиетімен танымал ұсақ ұнтақталған табиғи кофе, кокостың жұмсағы мен құрақ қанты теріні қабыршақтардан ұқыпты тазартып, қанның микроциркуляциясын жақсартады. Бұл тері астындағы май қабаттарының тегістелуіне, тері тығыздығының жақсаруына септеседі. Скраб құрамындағы табиғи кокос, шабдалы сүйегі мен бадам майлары теріні ылғалдандырып, оған табиғи жылтыр мен жұмсақтық береді.

Кімдерге арналған?

  • Жаңа дүниені байқап көргісі келетіндерге.
  • Табиғи және тиімді косметика іздеп жүргендерге.
  • Стильді ораманы бағалайтындарға.
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне көңіл бөлетіндерге.
  • Косметиканың әсері болғанын қалайтындарға.
  • Бірінші қолданғаннан-ақ нәтижесі айқын көрінеді. Тері едәуір жұмсарып, жібектей нәзік болады.
  • Тек табиғи компоненттер.
  • Теріні ұзақ уақыт ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.
  • Үйдегі спа-күтімге арналған жарқын жұпар иістер.
  • Целлюлиттің белгілерімен күресуге көмектеседі.

Құрамы: COFFEA ARABICA SEED POWDER, SUCROSE (BROWN SUGAR), COCOS NUCIFERA (COCONUT) FRUIT, COCOS NUCIFERA (COCONUT) OIL, SEA SALT, PRUNUS PERSICA (PEACH) SEED OIL, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS (SWEET ALMOND) OIL, TOCOPHEROL (E), PARFUM.

Белсенді компоненттер:

  • Арабиялық кофенің ұнтақталған дәндері – теріні тамаша сергітіп, жасартады, шлактарды шығаруға септесіп, целлюлиттің пайда болуының алдын алады.
  • Табиғи құрақ қанты, теңіз тұзы мен кокос үгіндісі – табиғи қабыршақ түсіргіш компоненттер теріні ұқыпты тазартады, тіпті ең сезімтал теріге де қолдануға да болады.
  • Кокос, шабдалы сүйегі мен тәтті бадам майы – теріні ылғалдандырып, қоректендіреді, антиоксиданттық қасиетке ие.

Ылғал денеге скрабты үстіден астыға қарай жағып, 10-15 минуттай уқалаңыз. Өзіңізге ыңғайлы температурадағы сумен жуып тастап, теріні сүлгімен сүртіңіз. Аптасына 2-3 рет пайдалануға болады.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз