Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

Кофеинсіз DECAF дәнді кофесі

Әлемнің үздік плантацияларынан жиналған, medium-қуыру әдісімен әзірленген таңдаулы арабика сұрыптарының қоспасы сәл қышқылтым татитын, ауыздан кетпейтін анық та қанық дәмге ие. Мұндай кофе дәндерінің құрамында кофеин болмайды, дегенмен әдеттегі сусындағыдай берекелі дәм мен қанық жұпар иісі сақталады. 

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

350 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бұл купажды әзірлеу үшін Гватемала, Мексика және Колумбиядан жиналған «Specialty» класының таңдаулы арабика моносұрыптары қолданылды. 

Кофеинсіз кофені бәріне ішуге болады, оның ішінде: 

  • жүкті және бала емізетін әйелдерге; 
  • артериялық қан қысымы жоғары болғанда; 
  • кофеинді көтере алмайтын жағдайда; 
  • жүйке қозғыштығы болса. 

Medium-қуырудың әсерінен бұл сусынның дәмі бір жағынан өткір қасиетке ие болса, екінші жағынан нәзік дәмі мен қанық жұпар иісін сақтап қалады. 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.
  • «Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 
  • Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.
  • Кофені қуырған бойда бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 
  • Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

100 % арабика

Біз ұсынатын кофе әзірлеу тәсілдері.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз