Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

INDIA ұнтақталған кофесі

Оңтүстік Үндістанның плантацияларында өсірілген 100 % арабика моносұрпы. Үнді арабикасы – жеңіл цитрус сарынына бай жанға жайлы дәмдеуіштер мен бекзат какао татитын нәзік те үйлесімді дәмге ие.   

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

350 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Үнді кофесін елдің оңтүстік бөлігінде, қорықтық аймаққа жататын плантацияларда өсіреді. Кофе ағаштары бірқалыпты ылғал жерде, апельсин ағаштарының көлеңкесінде өсіп-өнетіндіктен, кофе дәндерінің дәмі барынша толыққанды болып сақталады. Жемістерді жинаудан бастап өңдеуге дейінгі барлық өндіріс сатылары мұқият қадағалаудан өтіп, дәндердің теңдессіз сапасы қамтамасыз етіледі. Жемістер қолмен жиналып, сұрыпталады. Дайын болған сусын жеңіл цитрус сарынына бай жанға жайлы дәмдеуіштер мен бекзат какао татитын нәзік те үйлесімді дәмге ие болады. 

Medium-қуырудың әсерінен бұл сусынның дәмі бір жағынан өткір қасиетке ие болса, екінші жағынан нәзік дәмі мен қанық жұпар иісін сақтап қалады. 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.
  • «Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 
  • Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.
  • Кофені қуырған бойда бөлшектеп өлшейтіндіктен кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 
  • Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

100 % арабика

Біз ұсынатын кофе әзірлеу тәсілдері.

4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске салып, үстіне 250 мл* қайнаған су құйып, 4 минут тұндырыңыз. Сусынды рахаттанып ішіңіз.

*500 мл қайнаған суға 8 шай қасық кофе.

250 мл суға есептелген 4 шай қасық ұнтақталған кофені кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне салыңыз. Кофе әзірлейтін сүйікті бағдарламаңызды қосыңыз. Жұпар иісті әрі дәмді сусынды рахаттанып ішіңіз.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ ұйқысыздық, артериялық гипертензия және асқынған жүйке қозғыштығына шалдыққан адамдарға қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз