Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

PERU дәнді кофесі

Перудің биік таулы аймақтарында өсірілген 100%-дық арабика, жеңіл де жұпар гүлдер иісі мен тәтті дәмдеуіштердің, сондай-ақ нәзік жаңғақ сарынына бөлейтін терең дәмі бар.

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

350 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Арабика Перудің биік таулы аймақтарында орналасқан экологиялық таза плантациялардағы Чанчамайо алқабында өсіріледі. Бұл кофе сұрпы 2010 жылы 22-ші Speciality Coffee Association of America жәрмеңкесінде әлем бойынша үздік деп танылған. Перуде өсірілген кофенің дәмі нәзік әрі жұмсақ, ал жұпар иісі ашық та қанық әрі жанға жағымды болады. 

Medium-қуырудың әсерінен бұл сусынның дәмі бір жағынан өткір қасиетке ие болса, екінші жағынан нәзік дәмі мен қанық жұпар иісін сақтап қалады.  

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.
  • «Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 
  • Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.
  • Кофені қуырған бойда бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 
  • Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады.

100 % арабика.

Біз ұсынатын кофе әзірлеу тәсілдері.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ ұйқысыздық, артериялық гипертензия және асқынған жүйке қозғыштығына шалдыққан адамдарға қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз