Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Diet Smart

Панна-котта Шоколад

Протеинді десерт

Бір сәт балдай өмірдің немесе итальяндар айтпақшы, дольче витаның дәмін татып көріңіз. Италиядан шыққан жұп-жұмсақ әрі нәзік десерт – панна-котта енді бізге де қолжетімді. Зиянды қоспалар мен консерванттарсыз әзірленген жеңіл әрі тәтті пудинг оңай әзірленеді, оның дәмінен нағыз рахат табасыз әрі ол ағзаңызды қажетті ақуыз мөлшерімен қамтамасыз етеді. Ағзаға қажетті протеинді дәмі тіл үйірер тәттіден алыңыз, дәмді аспен жүрек жалғап, өзіңізді еркелетіңіз!

Әрқайсысы 20 г-нан 3 саше

Ресейде шығарылған 

Келесі өнімдер жинағына кіреді:
350
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Energy Diet Panna Cotta – крем тәріздес пудинг түріндегі тәтті десерт қана емес, сондай-ақ құрамы ақуызға бай, калориясы төмен өнім. Energy Diet Panna Cotta-ның құрамында табиғи пребиотик – инулин және өсімдік ферменттері – бромелайн мен папаин бар. Құрамында қант, зиянды қоспалар мен консерванттар жоқ. Шоколад дәмді Energy Diet Panna Cotta сүт ақуызымен байытылған, демек оның спортшылар мен салмағын қадағалап жүретін адамдардың көңілінен шығары сөзсіз. Өзіңізді, жақындарыңыз бен қонақтарыңызды жеңіл әрі пайдалы десертпен қуантыңыз!

Кімдерге арналған?

  • Өзін пайдалы аспен жүрек жалғап еркелеткісі келетіндерге.
  • Өнім құрамының табиғи болғанын қалайтындарға.
  • Денсаулығына көңіл бөлетіндерге.
  • Тамақтану әдеті мен салмағын қадағалап жүретіндерге.
  • Тәттіден бас тарта алмайтындарға.
  • Тамақтану рационына ерекшелік қосқысы келетіндерге.
  • Бір порцияның 17%-ы – ақуыз.
  • Нәзік кілегейлі дәм.
  • Глютенсіз.
  • Оңай әрі тез әзірленеді (сүт қоссаң болғаны).

Сүт ақуызының концентраты, тағамдық желатин, какао ұнтағы, инулин, қара шоколад (қант, үгітілген какао, құрамында май мөлшері аз какао ұнтағы), хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспа (кокос майы, глюкоза шәрбаты, сүт ақуызы, глицерин және сіркесу қышқылы мен майлы қышқыл эфирлері (эмульгатор)), үшкальций фосфат (тасушы), ксантан шайыры (тұрақтандырғыш), табиғи «карамель» бояғышы, тәттілендіргіш (натрий цикламаты, натрий сахаринаты), бромелайн (ананас сығындысы), папаин (папайя сығындысы), кремний диоксиді (тасушы).

Тағамдық құндылығы:

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г құрғақ өнімге шаққанда

Құрғақ өнімнің порциясына шаққанда

100 г құрғақ өнімге шаққанда ҰТТ %-ы*

Құрғақ өнімнің порциясына шаққанда ҰТТ %-ы*

Энергетикалық құндылығы, ккал / кДж

350 / 1 470

140 / 570

14

5

Ақуыздар, г

62

17

83

23

Майлар, г

5

3

6

4

Көмірсулар, г

9,5

9

3

3

Тағамдық талшықтар, г

9

2

30

7

* «Тамақ өнімдері таңбалану бөлімінде» КО ТР-не сәйкес ҰТТ (ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері), 2 қосымша​

Құрғақ өнімнің 1 порциясын (20 г) майлылығы 1,5%-дық 150 мл ЫСТЫҚ (50–60 °С) сүтпен араластырып, жабық ыдыстың (шейкердің) ішінде шайқаңыз. Формаға құйып, тоңазытқышқа 2–3 сағатқа салып қойыңыз.

Маңызды! Форманың биіктігі неғұрлым төмен болса, десерт соғұрлым тез дайын болады.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз