Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Diet Smart

ED Smart Grapefruit, 15 сашелік

Ақылды ас

Energy Diet Smart Grapefruit функционалды коктейлінің әр порциясында сізді грейпфруттың балғын да шырынды дәмі күтіп тұрады. Піскен цитрустың қанық та сәл қышқылтым дәмін сусынның үлпілдеген консистенциясы толықтырып тұрады. 

Energy Diet Smart — бойға бірнеше сағат сақталатын күш-қуат беретін теңгерімді өнім. Коктейльдің құрамында толыққанды теңгерімді тамақтануға қажеттінің бәрі бар.

  • Өсімдік және жануар текті ақуыздар кешені — теңгерімді амин қышқылдарына бай, ағзаға сіңіп, тіндерге енуі жақсы. Бұл – ағзаның кез келген жасушасына аса қажетті құрылыс материалы. Ақуыздар мидың жұмысын тұрақтандырып, гормоналдық жағдай мен ферменттер синтезін қалпына келтіреді. 
  • Жылдам және баяу көмірсулар энергияны толықтырып, тоқтық сезімін ұзағырақ сақтайды.
  • Күрделі майлар жүйке жүйесін қалпына келтіріп, жадты жақсартып, тері мен шаштың, тырнақтың сұлулығын арттырады.
  • Антиоксиданттар жасушаларды қорғап, қартаю процестерін бәсеңдетеді.
  • Ферменттер мен талшықтар ас қорытуды жақсартады.
  • Антистресс-компоненттер арықтау барысындағы стрестен қорғайды.

Әрқайсысы 30 г-нан 15 саше

Ресейде өндірілген

2000

ED Smart Grapefruit-ті вегетариандық және вегандық тамақтануға пайдалануға болады. Оның құрамында амин қышқылды профильді құруға септесетін өсімдік текті жоғары сапалы ақуыз бар. Оның дайындалу жолы оп-оңай: су қосып, шейкерде жақсылап шайқаса болғаны — дайын. 

Бұл коктейль дене салмағын азайтып, салмағын оңтайлы деңгейде ұстап тұрғысы келетіндерге пайдалы болмақ. ED Smart-тың құрамында ас қорытуды жеделдетіп, ағзадағы майды жағып, оны энергияға айналдыратын компоненттер бар. Демек ол ағзадағы зат алмасу процесі бәсеңдеп, тонусы төмендеген жандарға пайдасын тигізеді. Бар болғаны 100 ккал мөлшеріндегі коктейльдің әр порциясы сізге көл-көсір пайда әкеледі. ED Smart Grapefruit толыққанды бір мезгілдік асты алмастыра алады немесе оны тіскебасар не десерт ретінде пайдалануға болады. 

Коктейльдің басты компоненті — майдың ыдырауын жеделдететін өсімдік текті ақуыз, сол себепті ол салмақ тастауға септесіп, бірнеше сағат сақталатын тоқтық сезімін бере алады. Диеталық тамақтануға қолдануға болады. 

Кімдерге арналған?

  • Вегандық және вегетариандық тамақтануды ұстанатындарға.
  • Артық салмақтан арылғысы келетіндерге. 
  • Таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас ішуге уақыты болмайтындарға.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғысы келетіндерге.
  • Дұрыс тамақтануды ұстанатындарға.
  • Заманға сай белсенді адамдарға. 

ED Smart коктейльдері — теңгерімді тамақтануға қажеттінің бәрін бойына жиған «ақылды» ас:

  • Өсімдік текті протеин (соя ақуызының изоляты) — денсаулықты, иммунитет пен жастықты сақтауға қажетті, өсімдік текті ақуыз. Ағзаның барлық жасушасына ауадай қажет құрылыс материалы.
  • Жылдам және баяу көмірсулар (палатиноза, мальтодекстрин) — табиғи функционалдық көмірсулар, ағзаны энергияға толтырып, тоқтық сезімін барынша ұзақ сақтайды.
  • Фосфолипидтер (органикалық күрделі майлар) — жүйке жүйесін тұрақтандырады, зақымданған жасушаларды қалпына келтіреді, қартаю процестерін баяулатады, жадты жақсартады, иммунитетті күшейтуге септеседі, жүрек-қантамыр жүйесіне жағымды әсер етеді.
  • Антиоксидантты RMP-Complex™ (мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы) жасушалардың бұзылу процесін тоқтатып, қартаюын баяулатады.
  • Digestive Complex, ас қорытуды жақсартуға бағытталған, жалбыз және бөрікгүл сығындыларымен күшейтілген инулин мен ферменттер кешені (бромелайн мен папаин).
  • Antistress Complex құрамындағы гриффония сығындысы, В6 дәрумені мен магний цитратының арқасында арықтау барысында ағзада болатын стреспен тиімді күресуге көмектеседі.
  • VMP Complex — бірін-бірі толықтыратын дәрумендер мен минералдардың теңгерімді кешені, мұндай дәрумендер мен минералдар иммунитетті күшейтуге жауап береді әрі бас миының жасушаларын қоректендіреді, сондай-ақ күні бойы асқан ақыл-ой еңбегі мен физикалық белсенділікті қамтамасыз етеді.

ED Smart Grapefruit:

құрамында өсімдік текті ақуыз бар;

— вегандық және вегетариандық тамақтануға қолдануға болады;

— калория мөлшері аз болғанымен, пайдасы көл-көсір;

— теңгерімді құрамдағы КАМК  + дәрумендер кешені;

— оңай әзірленеді (керегі — тек қана су);

— әр порцияда — бар болғаны 100 ккал.

Құрамы: соя ақуызының изоляты, VMP Complex (калий цитраты, үшкальций фосфат, темір фумараты, кремний диоксиді, С дәрумені (аскорбин қышқылы), мырыш цитраты, Е дәрумені (токоферол ацетаты), РР дәрумені (ниацинамид), марганец аспарагинаты, В5 дәрумені (кальций D-пантотенаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), мыс аспарагинаты, D3 дәрумені (холекальциферол), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), В12 дәрумені (цианокобаламин), хром пиколинаты, В2 дәрумені (рибофлавин), В9 дәрумені (фолий қышқылы), калий йодиді, биотин (D-биотин)), Digestive Complex (инулин, тағамдық цитрус талшықтары, бромелайн (ананас сығындысы), папаин (папайя сығындысы), бөрікгүл сығындысы, жалбыз сығындысы), майсыздандырылған соя лецитині, палатиноза, мальтодекстрин, табиғи құрғақ шырындар (грейпфрут, қызылша, лимон), хош иістендіргіштер, Antistress Complex (магний цитраты, гриффония сығындысы, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді)), целлюлоза шайыры (тұрақтандырғыш), лимон қышқылы (қышқылдықты реттегіш), тара ағашының шайыры (тұрақтандырғыш), бета-каротин (бояғыш), тәттілендіргіш (натрий цикламаты, натрий сахаринаты), RMP-Complex (мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы).

Өндірісте балдыркөк, күнжіт және оларды өңдеуден шыққан өнімдер қолданылады. 

ҚҰРАМЫ

КЕШЕННІҢ АТАУЫ

ІШІНДЕ НЕ БАР?

ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?

НӘТИЖЕСІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Ақуыз

Соя ақуызының изоляты

Толыққанды аминқышқылды профильді қалыптастыруға қажетті өсімдік текті ақуыз

  • Тоқтық сезімі сақталады
  • Жасушаларға қажетті құрылыс материалы
  • Кальцийдің көзі
  • Теңгерімді амин қышқылдары профилі

Ақуыз — жасушалардың қоректенуіне, бөлінуіне және қайта қалпына келуіне жауап беретін қызметтің дұрыс жүріне септесетін басты материал. Соядан алынған өсімдік текті ақуыз амин қышқылдарындағы жетіспеушіліктердің, оның ішіне ағзаның өздігінен өндіре алмайтын қажеттіліктерінің орнын толтыруға көмектеседі. Калориясы аз диета ұстанғанда бұлшықет тіндерінің бұзылуын болдырмайды

Көмірсулар

Палатиноза

Табиғи функционалдық көмірсу

• Табиғи энергобустерлер
• Тез жиналатын және ұзақ сақталатын тоқтық сезімі
• Жақсы көңіл күйдің көзі
• Мидың отыны
• Жүйке жүйесін қоректендіреді

ГИ = 30-ға тең, яғни көрсеткіші төмен, сахарозадан алынатын табиғи "ұзын" көмірсу, ол май қыртыстарында сақталмайды

Мальтодекстрин

Табиғи функционалдық көмірсу

Табиғи жылдам көмірсу. Балалар тамақтарында қолдануға рұқсат етілген жалғыз қант алмастырғыш. Тәбетті бақылау қызметін атқарады

Майлар

Лецитин (фосфолипидтер)

Биобелсенділігі жоғары, қанықпаған күрделі майлы қышқылдар, - адам азғасына қажетті отын, сондай-ақ жасуша қабықтарына арналған құрылыс материалы

•  Қартаюды шегереді
• Жадты жақсартады
• Адам ағзасының отыны іспеттес
• Май жинаудың алдын алады
• Шаш, тырнақ, тері әдемі бола түседі

Өсімдік текті күрделі майлар алмастырылмайтын майларға жатады, себебі ағза бұл затты өздігінен өндіре алмайды әрі онсыз жұмыс істей алмайды. Күрделі майлардың максималды концентрациясы (фосфолипидтер) жүректе, бас миында, бауырда, сондай-ақ жүйке жүйесінің жасушаларында жиналған

Digestive Complex

Инулин, бромелайн (ананас сығындысы), папаин (папайя сығындысы), бөрікгүл сығындысы, жалбыз сығындысы

Еритін пребиотикалық талшықтар мен ерімейтін тағамдық талшықтар (жасунық). Ақуыздың тез ыдырауына қажетті өсімдік ферменттері. 
Бөрікгүл мен жалбыз сығындылары

• Ақуыздың сіңірілуіне септеседі
• Май қорларын ыдыратады
• Зиянды заттарды сыртқа шығарады
• Ішекті тазартады
• Қарын ашу сезімін басады
• АІЖ жұмысын тұрақтандырады

Кешен құрамындағы өсімдік ферменттері ақуыздардың ағзаға сіңіуіне септесе отырып, май жасушаларын жағуға ықпал етсе, талшықтар мен пребиотиктер ішекті тазартып, зиянды заттарды шығарып, ішек микрофлорасын жақсартады. Қарын ашу сезімін бәсеңдетеді. Жалбыз және бөрікгүл сығындылары ағзадан токсиндерді шығарып, антиоксиданттық және антисептикалық әсер беретін қасиеті бар

VMP Complex

12 дәрумен + 11 минерал: А, Е, D3, B1, B2, B5, B6, B12, PP (B3), H, калий, кальций, фосфор, магний, мырыш, темір, мыс, марганец, йод, хром, кремний

Өмірлік маңызы зор 23 элемент - 12 дәрумен мен 11 минерал, - ағзаның жұмысын тұрақтандырып, өзіңді жақсы сезінуге септеседі.

  • Қартаюды шегереді
  • Иммунитетті нығайтады
  • Миды қоректендіреді
  • Асқан белсенділікті сақтап тұрады
  • Жадты жақсартады

Бірін-бірі толықтыратын дәрумендер мен минералдардың теңгерімді кешені, мұндай дәрумендер мен минералдар иммунитетті күшейтуге жауап береді әрі бас миының жасушаларын қоректендіреді, сондай-ақ күні бойы асқан ақыл-ой еңбегі мен физикалық белсенділікті қамтамасыз етеді. Ағзадағы пайдалы заттарға деген мұқтаждықтың орнын толтыруға септесіп, қорғаныш қызметтерін жандандырып, зат алмасу процестерін тұрақтандырады

Antistress Complex

Магний цитраты, гриффония сығындысы, В6 дәрумені (гидрохлорид пиридоксині)

Гриффония - ең маңызды табиғи амин қышқылының бірі, серотониннің (қуаныш гормоны) тікелей арғы атасы L-триптофанның көзі. Магниймен күшейтілген В6 дәруменінің (инозитол) тыныштандырғыш қасиеті бар, ол жүйке жүйесінің балансын сақтап, оны стрестік қышқылдандырғыш процестердің бұзғыш әсерінен қорғайды.

  • Стресс пен шаршаудан қорғайды
  • Тәбетті басады
  • Қажып-шаршағанды басады

Кешен құрамындағы компоненттер көңіл күйді көтеруге септесіп, шаршауды басу арқылы ағзаны стрес пен қажудан қорғайды. Бұл кешен жүйке жүйесін нығайтып қана қоймай, эмоционалдық фонды да тұрақтандыруға көмектеседі 

RMP-Complex™

Мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы.

Нағыз табиғи антиоксиданттар

  • Антиоксиданттық қорғаныс
  • Қартаюды шегереді
  • Жасушаларды бұзылудан қорғайды

Табиғи компоненттерге негізделген, патенттелген, аса күшті антиоксиданттық RMP-Complex™ кешені ағзадағы қартаю процестерін баяулатады

Хош иістендіргіштер

Табиғи тектес хош иістендіргіштер — табиғи хош иістендіргіштердің молекулалық құрамын толық қайталайтын, зертханада көшіріліп жасалған қосылыстар

Тәттілендіргіштер (натрий сахаринаты мен натрий цикламаты)

Ең қауіпсіз қант алмастырғыштар. Сіңбей, ағзадан өзгеріссіз күйінде шығады. Тісжегі тудырмайды. Құрамында артық калория жоқ, қандағы глюкоза мөлшерінің күрт өзгеруіне әкелмейді

 

 

Тағамдық және энергетикалық құндылығы (орташа мәндер)

 

Құрғақ өнімнің бір порциясында (30 г)

Дайын өнім порциясындағы ҰТТ %-ы (30 г)*

Энергетикалық құндылығы, ккал / кДж

100 / 420

4,0

Ақуыздар, г

14,0

18,7

Майлар, г

2,0

2,4

Көмірсулар, г

5,0

1,4

Тағамдық талшықтар, г

3,0

10

Дәрумендер, -ден кем түспейтін

А дәрумені, мг

0,2

25

E дәрумені, мг

2,5

25

D3 дәрумені, мкг

1,25

25

C дәрумені, мг

15,0

25

B1 дәрумені, мг

0,35

25

B2 дәрумені, мг

0,1

 6,25

PP дәрумені, мг

4,5

25

B5 дәрумені (пантотен қышқылы), мг

1,5

25

B6 дәрумені, мг

0,5

25

B9 дәрумені, мг

0,05

25

B12 дәрумені, мкг

0,25

25

Биотин, мкг

12,5

25

Минералды заттар, -ден кем түспейтін

Калий, мг

620

18

Кальций, мг

250

25

Фосфор, мг

280

35

Магний, мг

100

25

Мырыш, мг

3,75

25

Темір, мг

3,5

25

Йод, мкг

37,5

25

 

 

адекватты тұтыну деңгейінің %-ы **

Хром, мкг

12,5

25

Кремний, мг

7,5

25

Марганец, мг

0,5

25

Мыс, мг

0,25

25

 

* 022/2011 «Тамақ өнімдері таңбалану бөлімінде» КО ТР-не сәйкес ҰТТ (ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері), 2 қосымша

* * Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес, II тарау, 1 бөлім, 5 қосымша 

Құрғақ өнімнің 1 порциясын (30 г) бөлме температурасындағы 200 мл суға қосып, жабық ыдыста (шейкерде) жақсылап шайқаңыз. Дайын болған бойда ішіңіз.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау.

Коктейль сіздің жалғыз тамақтану көзіңіз болмауы тиіс. Күніне кем дегенде бір рет әдеттегі асыңызды ішіп, кем дегенде 2 литр су ішуіңіз керек. Жүкті әйелдер коктейльді ішпес бұрын дәрігермен кеңескені жөн. 

Өнім туралы пікірлер ED Smart Grapefruit, 15 сашелік

Сіздің тұрғылықты жеріңіз