Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Мүкжидек

Дәрумендендірілген құрғақ сусын

Классикалық тәтті-қышқылтым дәмді сусын солтүстік өңірлерде өсетін жидектердің ең пайдалы да құнды қасиеттерін бойына жиған. Ал табиғи сығындылар кешені – бұл сусынды денсаулықты күнделікті нығайтудағы таптырмас көмекші.

Таза салмағы: 180 г

Әрқайсысы 6 г-нан 30 қалташа

Ресейде шығарылған

410 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Enerwood Vita композицияларының негізі – бірегей сығындылар квадрокешені:

  • Кебектер – асқазан-ішек жолдарының жұмысын тұрақтандырады. Құрамында А, Е, С топтарының дәрумендері В (В1, В2, В6, РР), амин қышқылдары мен микроэлементтер бар.
  • Шырғанақ – ағзаны әлдендіргіш, қабынуға төтеп бергіш және қалпына келтіргіш әсер етеді. Құрамында С, В1, В2, Е дәрумендері (токоферол), фолий қышқылы, рутин, сондай-ақ каротин мен каротиноидтер, қант, органикалық қышқылдар, макроэлементтер (калий, кальций, магний, темір) мен микроэлементтер бар.
  • Рейши саңырауқұлағы – табиғи адаптоген және иммунтүрлендіргіш. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциядан қорғайтын ақуыз) өндірілуіне септеседі, ағзаның күйзеліске қарсы тұруына көмектесіп, күйзелістің жағымсыз салдарын бәсеңдетеді.
  • Мүкжидек сығындысы – құрамында органикалық қышқылдар (лимон, урсол, бензой қышқылдары), аскорбин қышқылы, флавоноидтер, гликозидтер, пектиндер, йод және өзге де микроэлементтер. Ағзаны әлдендіргіш әрекет етеді, қанның құрамына жағымды әсер етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді сусын ішкенді ұнататын жандарға.
  • Денсаулығын күтетін адамдарға.
  • Сусынның құрамына мән беретіндерге.
  • Кез келген жерде пайдалы сусын ішкісі келетіндерге.
  • Табиғи және пайдалы – сусын құрамындағы барлық дәрумендер мен минералдар, амин қышқылдары табиғи көздерден алынған. Заманауи өндіріс технологиялары мен шикізаттың дұрыс сақталуы өнім құрамындағы компоненттердің барлық пайдасын сақтауға мүмкіндік береді. Өнім құрамында пектинді заттар бар, олар токсиндерді сорып, шығарады, асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырады. 
  • Топтама құрамындағы барлық дәмдердің негізі – бірегей квадро-кешен (кебектер, шырғанақ, рейши саңырауқұлағы, жидек пен өсімдік сығындылары), оның құрамындағы төрт компоненттің әрқайсысының денсаулыққа пайдасы зор, ал барлығы біріккенде бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің әсерін күшейтеді.
  • Ағзаға қажетті қышқылдар қамтылған – шарап, шайыртас және аскорбин қышқылдары күшті антиоксиданттар болып табылады, әрі олар ағзаға жағымды әсер етеді.
  • Қант пен жасанды бояғыштарсыз – сусынның түстерін табиғи ингредиенттер (қызылша сығындысы, бета-каротин, қызғылт жүзімнің қабығы және т.б.) береді. Тәттілікті фруктоза мен стевиозид секілді табиғи тәттілендіргіштер береді, олар қанттан 24 есе тәтті, құрамында бағалы дәрумендер мен микроэлементтер бар болғандықтан, қандағы қант деңгейін көтермей, ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады.
  • Ыңғайлы әрі жеңіл – шағын қалташаларды сөмкеге салып алып жүріп, үйде, жұмыста, жолда ішуге ыңғайлы. Сусынның дайындалу тәсілінің қарапайымдылығы сондай, оны тіпті кішкентай бала да әзірлей алады – жай ғана су құйып, араластырса болғаны.
  • Тиімді – Enerwood Vita (30 қалташасы) орамасы – табиғи ингредиенттерге негізделген дәмді әрі пайдалы 6 литр сусын.

Құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: мүкжидек сығындысы, шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), табиғи қызылша бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Мүкжидек» хош иістендіргіші.

Дайын бір порцияның калориясы (6 г құрғақ өнімде) – 23 ккал

1 порция құрамындағы дәрумендер, микроэлементтер мен амин қышқылдарының мөлшері (6 г құрғақ өнімде):

 

Дәрумендер
B1 0,27 мг
B2 0,34 мг
B6 0,36 мг
PP 2,4 мг
A (оның ішінде каротиноидтер) 0,56 мг
C 21 мг
E 1,6 мг
Микроэлементтер
Калий 474 мг
Фосфор 187 мг
Магний 43 мг
Амин қышқылдары
Лизин 111 мг
Метионин 31,8 мг
Триптофан 42 мг
Лейцин 186 мг
Изолейцин 63 мг
Аргинин 175,8 мг
Гистидин 75,6 мг
  • Қалташаның ішіндегі өнімді қалауыңыздағы температурадағы 200 мл (1 стақан) суға салып, әбден ерігенше жақсылап араластырыңыз.
  • 1–2 минут тұндырып қойыңыз.
  • Ыстық күйде де, салқын күйде де іше беруге болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз