Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Күреңот пен рейши саңырауқұлағы қосылған қара цейлон шайы
Жалбызбен дәмделген мына қара шайдың татымды дәмі мен күншуақты жұпар иісі каркаде мен лимонның нәзік қышқылымен толықтырылған. Құрамындағы күреңот иммунитетті күшейтсе, сермене күш-қуатты қалпына келтіріп, жұмысқа деген қабілетті арттырады.
Таза салмағы: 120 г
Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа
Ресейде шығарылған
Ресейде ең танымал шай – қара шай. Every black шайының негізі – дәл купаждау алдында ұнтақталатын тұтас жапырақты қара шай. Мұндай шай өндірісі үшін шай шоғының ең жас жапырақтары, яғни үстіңгі 1-2 жапырақ жиналады, мұндай жапырақтар сусынға қанық жұпар иіс пен терең дәм береді, дегенмен көптеген пакеттелген шайларда жапырақ шайы өндірісінің қалдықтары, яғни «шай тозаңы» қолданылады.
Every black шайының ерекшелігі – күреңот. Оның қанық гүлді-шөпті жұпар иісі гүлдеген жазғы көгалды еске салып, сусынды көпқырлы әрі хош иісті етеді. Сонымен қатар, күреңоттың денсаулыққа пайдасы зор. Русь жерінде күреңот тұнбасын батырлар сусыны деп атаған, себебі ол ағзаның инфекциялармен күресуіне септесіп, күш-қуатты қалпына келтіріп, иммунитетті күшейтеді.
Кімдерге арналған?
Құрамы: қара цейлон шайы, ферменттелген иван-шай/күреңот (жапырақ), каркаде/бөрітарақ (гүлдері), лимон (қабығы), жалаң мия (тамыры), ащы жалбыз (жапырақ), қытай серменесі (жемістері), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Лимон» тағамдық хош иістендіргіші.
Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек.
Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн.
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.