Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Enerwood Fashion қарақұмық шайы

Алма мен даршын қосылған

Біз шайдың сән-салтанаты сақталған ең үздік дәстүрлерді жинап, оны Fashion шайының купаждарында іске асырдық. Fashion шайының иісі де, қанық хош иісі де, ұсынылуы да – бәрі-бәрі әдемі. 

Татар қарақұмығының пайдалы дәндерінің композициясы қызыл алма мен хош иісті даршынның классикалық үйлесімімен байытылған. Осындай дәмді шоғыр шайға ерекше әдемі сарғылт түс беретін қырмызыгүлдің жұпар иісті реңкіне бөленеді. 

Қарақұмық шайының компоненттері:

  • Қарақұмық — дәрумендер мен антиоксиданттардың көзі;
  • Алма — құрамында темір бар;
  • Даршын — жалпы тонусты арттырады; 
  • Қырмызыгүл — қабынуға қарсы қасиетімен танымал.

Глютенсіз 

Кофеинсіз

20 қалташа

Ресейде шығарылған

300
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бұл купаждың негізі — тұтас композицияға ерекше өң беретін татар қарақұмығының дәндері. Оны шырынды қызыл алма мен жан жылытар даршын толықтырып тұрады. Қырмызыгүлдің хош иісі композицияның әдемі нүктесін қойып, тыныштық пен жайлылық сезіміне бөлейді. Әрқайсысы жеке-жеке оралған жібектей жұмсақ қалташалар шай купажының құрылымы мен сұлулығын сақтай отырып, шай шоғырының баппен ашылатын әдемілігін толыққанды сезіну қуанышын сыйлайды.

Шай компоненттерінің өлшемі дәмнің қанықтығы мен тереңдігі іріжапырақты сұрыптардың үздік үлгілеріне сәйкес келетіндей етіп таңдалған. Сондықтан дәм мен хош иістің мінсіз үйлесіміне бөлену үшін, шайды 4 минуттан аса демдеуді ұсынамыз. 

Кімдерге арналған?

  • Әдемілікті (киімнің, өмірдің, ас пен сусынның) бағалайтындарға. 
  • Сапа мен дәмді бағалайтындарға. 
  • Дәл осы шақты бағалайтындарға. 

Сәнді купаждар мейрамханадағы шай мәдениетінен бастау алады. Fashion шайлары мейрамханадағы шай карталарының ең дәмді шайларынан шабыт алған. Fashion шайы – достарыңызбен кездесіп, кафе мен мейрамханаларда шайдың дәмі мен жұпар иісінен, жалпы атмосферадан ләззат ала отырып ішуге үйреніп қалған дүниеңіз.

Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.

Дербес орама. Шайды орауға таңдалған жеке жұқалтыр конверттердегі жібек қалташалар купаждың құрылымы мен тартымдылығын сақтай отырып, шай шоғырының біртіндеп ашылатын әдемілігіне тамсануға мүмкіндік береді.

Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.

Стильді шай қорабы. Fashion шайы – рахаттанып ішетін және сыйлық ретінде сыйлауға болатын шай.

Құрамы: татар қарақұмығының дәндері, алма (жемісі), даршын, қырмызыгүл (жапырақтары).

Қарақұмық дәндері — дәрумендер мен антиоксиданттардың маңызды көзі. Ағзадан артық сұйықтықты шығарып, зат алмасуды жеделдетуге септеседі.

Алма — оның бәріне таныс қышқылтым дәмі мен хош иісі шайға қайталанбас реңк сыйлайды. Алма — темір мен йодтың көзі.

Даршын — депрессияға қарсы тамаша құралдардың бірі: оның сергіткіш жұпар иісі көңіл күйді көтеріп, қарын ашу сезімін басады.

Қырмызыгүл жапырақтары — қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен танымал. Шай шоғырына сарғылт-қызғылт реңк береді. 

Бір шай қалташасын 200 мл қайнаған суда (t ~ 80–90 °C) 4-5 минуттай демдеңіз.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаңыз.

Өнім туралы пікірлер Enerwood Fashion қарақұмық шайы

Сіздің тұрғылықты жеріңіз