Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Enerwood Fashion қарақұмық шайы

Гүлтәжі мен жалбыз қосылған

Біз шайдың сән-салтанаты сақталған ең үздік дәстүрлерді жинап, оны Fashion шайының купаждарында іске асырдық. Fashion шайының иісі де, қанық хош иісі де, ұсынылуы да – бәрі-бәрі әдемі. 

Жарқын әрі балғын жалбыз, сәл ауыз қуыратын түймедақ және шайқурай жапырақтарының еліктіргіш қышқылтым дәмінен құралған композицияның ажарын татар қарақұмығының дәндері аша түседі. Гүлтәжі гүлшоғырларының арқасында бұл шай шабдалы реңкті ғажайып қызғылт түске боялады. Нағыз талғампаздарға арналған ләззат!

Қарақұмық шайының компоненттері: 

  • Гүлтәжі — жапырақтардың пайдалы қасиеттері ағзаны күшейтеді.
  • Шайқурай — стреспен күресуге көмектесетін қасиеті бар.
  • Түймедақ — қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен танымал.
  • Жалбыз — жүйке жүйесін орнықтырады.
  • Қарақұмық — дәрумендер мен антиоксиданттар көзі.

Глютенсіз

Кофеинсіз

Хош иістендіргіштерсіз

20 қалташа

Ресейде шығарылған

300
!Сыйлық шотынан төлеуге болады
!Тауар қоймада жоқ

Бұл купаждың негізі — тұтас композицияға ерекше өң беретін татар қарақұмығының дәндері. Дәм палитрасы: жарқын әрі балғын жалбыз, сәл ауыз қуыратын түймедақ және шайқурай жапырақтарының еліктіргіш қышқылтым дәмі. Гүлтәжінің гүлшоғырлары шайға ерекше дәм қосып, шабдалы түстес қызғылт реңк береді. 

Жеке сашелерге бөлінген жібек қалташалар купаждың хош иісі мен құрылымын өте жақсы сақтайтындықтан, жаңа демделген шай шоғының әсемдігін жан-тәніңмен сезінуге болады. Шай компоненттерінің өлшемі дәмнің қанықтығы мен тереңдігі іріжапырақты сұрыптардың үздік үлгілеріне сәйкес келетіндей етіп таңдалған. Сондықтан дәм мен хош иістің мінсіз үйлесіміне бөлену үшін, шайды 4 минуттан аса демдеуді ұсынамыз. 

Кімдерге арналған?

  • Әдемілікті (киімнің, өмірдің, ас пен сусынның) бағалайтындарға. 
  • Сапа мен дәмді бағалайтындарға. 
  • Дәл осы шақты бағалайтындарға. 

Сәнді купаждар мейрамханадағы шай мәдениетінен бастау алады. FASHION шайлары мейрамханадағы шай карталарының ең дәмді шайларынан шабыт алған. FASHION шайы – достарыңызбен кездесіп, кафе мен мейрамханаларда шайдың дәмі мен жұпар иісінен, жалпы атмосферадан ләззат ала отырып ішуге үйреніп қалған дүниеңіз. 

Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.

Дербес орама. Шайды орауға таңдалған жеке жұқалтыр конверттердегі жібек қалташалар купаждың құрылымы мен тартымдылығын сақтай отырып, шай шоғырының біртіндеп ашылатын әдемілігіне тамсануға мүмкіндік береді. 

Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.

Стильді шай қорабы. FASHION шайы – рахаттанып ішетін және сыйлық ретінде сыйлауға болатын шай.

Құрамы: гүлтәжі (жапырақтары), шайқурай (жапырақтары, сабағы), түймедақ (гүлдері), жалбыз (жапырақтары), татар қарақұмығы (дәндері).

Амарантовый лист — жапырақтарының пайдалы қасиеттері ағзаны күшейтіп, сусынға ерекше қызғылт түс береді.

Шайқурай — стреспен күресуге көмектесетін қасиеті бар.

Түймедақ — қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен танымал.

Жалбыз — жүйке жүйесін орнықтырады.

Қарақұмық дәндері — дәрумендер мен антиоксиданттар көзі. Ағзадан артық сұйықтықтарды шығаруға септесіп, зат алмасуды жеделдетеді.

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып демдеп, 4-5 минуттай тұндырып қойыңыз. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер Enerwood Fashion қарақұмық шайы

Сіздің тұрғылықты жеріңіз