Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Спорттық және мембраналы киімдерді жууға арналған гель
Спорттық және мембраналы киімдер мен аяқ киімдерді, термокиім, қандай бір зат сіңірілген маталар, мамықтан тігілген киімдер мен күртешелерді жууға арналған инновациялық гель. Дақтарды тиімді кетіреді, киімді сол күйінде сақтайды, бактерияға қарсы әсер етіп, иіссіздендіреді. Құрамына қауіпсіз әрі теріні тітіркендірмейтін компоненттер қосылған.
1000 мл
Ресейде шығарылған
Гельдің бактерияға қарсы формуласы спорт және мембраналы киімдер мен аяқ киімдерді жууға таптырмас құрал. Гель кез келген дақ түрін кетіреді, киімнің құрылымы мен пішінін сақтайды, сіңген тер иісін кетіреді, оңай шайылады. Мандарин эфир майы гельге жеңіл әрі нәзік жұпар иіс береді.
Гельдің құрамында табиғи компоненттер негізіндегі Antibacterial formula FR18 атты ресейлік ғалымдар әзірлеген бірегей формула бар. Бұл — киімді микробтардан қорғап, оған ұзақ уақыттық балғындық сыйлайтын, ұзақ уақытқа әсер ететін, белсенділігі жоғары, заманауи, микробқа қарсы қоспа. Киімді жуған кезде ғана емес, жуып болған соң да ұзақ уақытқа дейін көптеген бактериялардан, көгеруден және тітіркенуден тиімді қорғайды. Адамның денсаулығына жағымсыз әсер етпейді; көзді не теріні тітіркендірмейді және теріге аллергиялық әсер тигізбейді. Гельдің құрамына алюмокалий ашудасы мен апельсин терпендері секілді таза табиғи компоненттер кірген.
Қолмен жуғанда да, кір жуғыш машинада жуғанда да пайдалануға болады.
Кімдерге арналған?
су; <5 % АББЗ*, <5 % БББЗ*, сабын*, фосфонаттар, полимер, ЭДТА тетранатрий тұзы, функционалдық қоспалар, Antibacterial formula FR18, метилхлороизотиазолинон, метилизотиазолинон, хош иістендіргіш**.
* Өсімдік компоненттеріне негізделген.
** Бадам эфир майына негізделген.
Қалпақшаны өлшегіш ыдыс ретінде пайдалануға болады (Қалпақшаның сыйымдылығы = 60 мл, ½ қалпақша – 30 мл).
Қолдану жөніндегі нұсқаулық | |||
Қолдану тәсілі |
Ластану деңгейі |
||
Кір жуғыш машина |
Болмашы |
Орташа |
Қатты |
Судың кермектігі |
25-30 мл |
30-50 мл |
50-70 мл |
Судың кермектігі:орташа |
30-40 мл |
40-50 мл |
70-100мл |
Судың кермектігі:қатты |
50-60 мл |
60-80 мл |
100-120 мл |
Қолмен жуу |
10 литр суға 30-50 мл |
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.