Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
First Edition

First Edition Night Out

Иіссу

«Жыл хош иісі – FiFi® Russian Fragrance Awards 2019»

First Edition – болмысыңды сөзсіз жеткізетін хош иістер. Сезімнің оянуы – әрдайым құпияға толы. Өзіңе әдеттегі аядан шығуға рұқсат бер! Night Out – жеңіл жұпар реңктер сезілетін терең де қоңырқай ағаш сүректі хош иіс. 

Көлемі 50 мл

Францияда жасалған

4500
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

FIRST EDITION – арнайы NL компаниясы үшін француз парфюмерлері әзірлеген селективті иіссулар топтамасы. Night Out – жеңіл шығыстық реңктер сезілетін терең де көп қоңырқай, сүректі жұпар иіс. 

Бастапқы реңктер: қарағай, сауырағаш, бұрыш, шегіргүл.
Жүрек реңктері: сандал, қалампыр, пачули, даршын, цистус.
Шлейфті реңктер: балқарағай, сандал, қайың, бензоин (жылы ванильді-балды реңктер), жұпар су.

Кімдерге арналған?

  • Даралықты бағалайтындарға.
  • Әрдайым өзіне адал, дегенмен әркез әртүрлі болып жүргенді ұнататындарға.
  • Өзіне әрдайым ерекше дүние іздеп жүретіндерге.

Селективті парфюмерия деген не? Селективті (ағыл. select – «таңдаулы») – эксклюзивті парфюмерия, оған мынадай қасиеттер тән:

  • сирек кездесетін сапалы компоненттер. Әр композиция «әлемдік иіссу астанасы» аталып кеткен Грасса қаласының парфюмерлері үйлесімді композиция етіп жинақтаған 100 түрлі компоненттен құралған.
  • ерекше, күрделі, дара хош иістер. Хош иіс – адамдар арасындағы тартылыстың негізі. Денеге себілген иіссу әр адамда әртүрлі аңқитындықтан, әркімнің дербестігін көрсете алады. Ер адамның денесінде белгілі бір компоненттер қаттырақ сезілсе, әйел адамның денесінде мүлде басқалары ерекше аңқиды. Иіссу жыл мезгілі, температура және ылғалға қарай сезілу сипатын өзгертеді. Дегенмен қашанда тұрақты әрі әдемі шлейф қалдырады.
  • шлейф қалдыру. Хош иістің шлейфі – қандай да бір әсер қалдырып, тартылыс тудырып, есте қалып қоятын із. Нағыз әдемі шлейф – селективті парфюмерияны масс-маркеттен ерекшелендіріп тұратын зат. Шлейфті реңктер денеге сепкен соң 20-50 минуттан кейін сезіле бастап, бірнеше сағат бойы сақталып тұрады. First Edition хош иістері – толыққанды әрі ұзақ сақталатын шлейфті иістер.

ALCOHOL DENAT., PARFUM (FRAGRANCE), AQUA (WATER), EUGENOL, LIMONENE, HEXYL CINNAMAL,  CINNAMAL, BENZYL BENZOATE, LINALOOL.

Иіссуды қайда себу керек деген сұраққа, Коко Шанель: «Қай жеріңізді өпкенін қаласаңыз, сол жерге себіңіз» деп жауап берген.

Иіссуды білезікке, құлақтың сырға тағатын тұсына, шынтақтың ішіне, мойынның бұғаналар арасындағы ойық тұсына себу керек.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз