Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
First Edition

Денеге жағатын «Gimme more» сүті

Хош иісті сүт

Денеге жағатын аса жеңіл хош иісті сүт теріні ылғалдандырып, тартып, нығайтады әрі жұмсақ, тегіс, жібектей етіп, жарқыратады. Лимон, меруертгүл, жұпар су, балқарағай мен бәденнің сиқырлы ноталарының бірігуі денені нәзік қоршап, сүйікті First Edition Gimme more иіссуының шлейфін жасайды. Кокос, жожоба және ши секілді бағалы майлардан құралған бірегей күтім формуласы теріге қайталанбас жұмсақтық пен ұзақ сақталатын күтім мен жайлылық сезімін сыйлайды.

Limited edition

250 мл

Ресейде шығарылған

650

Денеге жағатын «Gimme more» жұпар иісті сүті сүйікті хош иісіңіздің сезімтал да қымбат нотада барынша ұзақ уақыт аңқуын қамтамасыз етеді, теріні жұмсақ, иілгіш әрі мақпалдай нәзік етеді. Сүттің бағалы майларға бай формуласы теріге тамаша күтім көрсетіп, оны тереңнен ылғалдандырып, қоректендіру арқылы қартаю процестерінің алдын алады. Сарапшылар мойындаған, нағыз селективті француз иіссуының нәзік хош иісі сізді күні бойы қуанышқа бөлеп жүреді.

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге.
  • Қымбат та эксклюзивті хош иістерді ұнататындарға.
  • Косметиканың сапалы әрі қауіпсіз болуына көңіл бөлетіндерге.
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.

  • Сүттің аса жеңіл текстурасы әп сәтте сіңеді.
  • Жабысқақ әсер қалдырмайды.
  • Теріні қарқынды түрде ылғалдандырып, қалпына келтіру арқылы оның сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады.
  • Терінің қорғаныш қасиеттерін арттырады.
  • Кокос майы – терінің регенерациясын жүргізіп, оны маңызды дәрумендер мен микроэлементтерге қанықтырады. Қорғаныш қабатын қалпына жақсы келтіреді, теріні күтіп, сергітіп, әлдендіреді, липидтік алмасуды іске қосады, қабыршақтанудан қорғайды, теріге ылғал сіңіруге септесіп, қартаю мен солудың алдын алады.
  • Ши майы – табиғи, тиімді әрі айрықша қасиеттерге ие косметикалық құрал, оның көмегімен терідегі барлық дерлік мәселелерді шешуге болады. Майды жаққан жердегі қанның ағысы жеделдейді, соның әсерінен тері ішінен жасарып, тіндердің серпімділігін арттыратын коллаген мен эластин молынан өндіріледі. Сондай-ақ бұл май регенерация процесін тездетіп, қабыну процестерінің алдын алады, теріні тереңнен ылғалдандырып, жұмсартып, күтім көрсетілген келбетке келтіреді. 
  • Жожоба майы – дәрумендер мен микроэлементтерге аса бай бұл май теріні нығайтып, серпімділігін арттырады, ал майдың құрамына кіретін протеиндер мен амин қышқылдары табиғи коллаген синтезінің жүруіне септеседі. Май теріні ылғалдандырып, пайдалы заттармен қоректендіреді, оның түсі мен реңкін біркелкі етіп, жұмсартып, жібектей етеді. 
  • Е дәрумені – терінің серпімдігін арттырып, терінің айқын білінетін қартаю белгілерінің пайда болуының алдын алады, антиоксиданттық әсер береді, теріні қоректендіріп, ылғалдандырып, қорғайды. 
  • Глицерин – эпидермистегі жасушалық зат алмасуды іске қосады, соның әсерінен тері жаңарып, қалпына келеді, әрі ол теріні ылғалдандырып, жұмсартып, қоректендіреді. Токсиндердің сыртқа шығарылуына, терідегі ұсақ тесіктердің ластардан табиғи түрде тазаруына септеседі. 

Құрамы: AQUA, HYDROXYETHYL UREA, CAPRYLIC/ CAPRIC TRIGLYCERIDE, ETHYLHEXYL STEARATE, GLYCERYL STEARATE, PEG-100 STEARATE, CETEARYL ALCOHOL, POLYSORBATE 60, COCOS NUCIFERA (COCONUT) OIL, BUTYROSPERMUM PARKII (SHEA) BUTTER, SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA) SEED OIL, FRAGRANCE, HYDROXYETHYLCELLULOSE, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, TOCOPHERYL ACETATE, SODIUM HYALURONATE, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE.

Аздаған сүтті таза теріге жеңіл уқалап жағыңыз, сіңгенін күтіңіз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз