Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
First Edition

First Edition Wild girl

Әйелдерге арналған иіссу

First Edition – болмысыңды сөзсіз жеткізетін хош иістер. Бұл иіссу өз ерекшелігін сақтай отырып, әр адамның бойында түрліше ашылады. Wild girl хош иісінің сезімдер мен эмоцияларға, құштарлық пен тартымдылыққа толы еліктіргіш реңкке бай өз тарихы бар.

Көлемі 50 мл

Францияда жасалған

4500
!Сыйлық шотынан төлеуге болады
!Тауар қоймада жоқ

FIRST EDITION – арнайы NL компаниясы үшін француз парфюмерлері әзірлеген селективті иіссулар топтамасы. Wild girl – ұмытылмас сиқырлы кешкі бейне жасауға болатын, сырлы сазға оранған,  жарқын да жып-жылы сүректі-жемісті хош иіс. Бұл иіссудың әрдайым ортаның гүлі, сүйікті де сүйкімді болып жүргісі келетін батыл да беделді бикештердің көңілінен шығары сөзсіз. 

Бастапқы реңктер: апельсин, шабдалы.
Жүрек реңктері: құлпынай, раушан.
Шлейфті реңктер: мүк, пралине.

Кімдерге арналған?

  • Даралықты бағалайтындарға.
  • Әрдайым өзіне адал, дегенмен әркез әртүрлі болып жүргенді ұнататындарға.
  • Өзіне әрдайым ерекше дүние іздеп жүретіндерге.

Селективті парфюмерия деген не? Селективті (ағыл. select – «таңдаулы») – эксклюзивті парфюмерия, оған мынадай қасиеттер тән:

  • сирек кездесетін сапалы компоненттер. Әр композиция «әлемдік иіссу астанасы» аталып кеткен Грасса қаласының парфюмерлері үйлесімді композиция етіп жинақтаған 100 түрлі компоненттен құралған.
  • ерекше, күрделі, дара хош иістер. Хош иіс – адамдар арасындағы тартылыстың негізі. Денеге себілген иіссу әр адамда әртүрлі аңқитындықтан, әркімнің дербестігін көрсете алады. Ер адамның денесінде белгілі бір компоненттер қаттырақ сезілсе, әйел адамның денесінде мүлде басқалары ерекше аңқиды. Иіссу жыл мезгілі, температура және ылғалға қарай сезілу сипатын өзгертеді. Дегенмен қашанда тұрақты әрі әдемі шлейф қалдырады.
  • шлейф қалдыру. Хош иістің шлейфі – қандай да бір әсер қалдырып, тартылыс тудырып, есте қалып қоятын із. Нағыз әдемі шлейф – селективті парфюмерияны масс-маркеттен ерекшелендіріп тұратын зат. Шлейфті реңктер денеге сепкен соң 20-50 минуттан кейін сезіле бастап, бірнеше сағат бойы сақталып тұрады. First Edition хош иістері – толыққанды әрі ұзақ сақталатын шлейфті иістер.

ALCOHOL DENAT, PARFUM (FRAGRANCE), LIMONENE, ALPHA-ISOMETHYL IONONE, HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, CITRAL, AMYLCINNAMYL ALCHOHOL.

Иіссуды қайда себу керек деген сұраққа, Коко Шанель: «Қай жеріңізді өпкенін қаласаңыз, сол жерге себіңіз» деп жауап берген.

Иіссуды білезікке, құлақтың сырға тағатын тұсына, шынтақтың ішіне, мойынның бұғаналар арасындағы ойық тұсына себу керек.

Өнім туралы пікірлер First Edition Wild girl

Сіздің тұрғылықты жеріңіз