Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
First Edition

Денеге жағатын «My Way My Play» сүті

Хош иісті сүт

Еліктіріп, назарыңды жаулайтын жұпары бар, денеге жағатын хош иісті сүт – First Edition My way My Play.

250 мл

Ресейде шығарылған

650
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Денеге жағуға арналған жұмсақ та ерігіш сүт теріні тамаша ылғалдандырып, тартып, нығайтады әрі оны жібектей жұмсақ та иілгіш етеді, бетін едәуір тегістеп, жылтыратады. Теріңізді сыртынан қоршап алып, сүйікті First Edition My way My Play иіссуыңызбен үндесетін бергамот, балқарағай және сандалдың сезімтал реңктерінің рахатына бөлейді. Кокос, ши және жожоба майларымен байытылған, текстурасы жеңіл сүт теріге әп сәтте сіңіп, ұзақ сақталатын жайлы әрі жағымды сезім сыйлайды.

  • Дерматологтардың сынағынан өтіп, мақұлданған.
  • Текстурасы өте жеңіл, тез сіңеді.
  • Жабысқақ әсер қалдырмайды.
  • Теріні қарқынды түрде ылғалдандырып, қалпына келтіреді әрі терінің сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады.
  • Терінің қорғаныш қасиеттерін арттырады.
  • Кокос майы – терінің регенерациясын жүргізіп, оны маңызды дәрумендер мен микроэлементтерге қанықтырады. Қорғаныш қабатын қалпына жақсы келтіреді, теріні күтіп, сергітіп, әлдендіреді, липидтік алмасуды іске қосады, қабыршақтанудан қорғайды, теріге ылғал сіңіруге септесіп, қартаю мен солудың алдын алады.
  • Ши майы – табиғи, тиімді әрі айрықша қасиеттерге ие косметикалық құрал, оның көмегімен терідегі барлық дерлік мәселелерді шешуге болады. Майды жаққан жердегі қанның ағысы жеделдейді, соның әсерінен тері ішінен жасарып, тіндердің серпімділігін арттыратын коллаген мен эластин молынан өндіріледі. Сондай-ақ бұл май регенерация процесін тездетіп, қабыну процестерінің алдын алады, теріні тереңнен ылғалдандырып, жұмсартып, күтім көрсетілген келбетке келтіреді. 
  • Жожоба майы – дәрумендер мен микроэлементтерге аса бай бұл май теріні нығайтып, серпімділігін арттырады, ал майдың құрамына кіретін протеиндер мен амин қышқылдары табиғи коллаген синтезінің жүруіне септеседі. Май теріні ылғалдандырып, пайдалы заттармен қоректендіреді, оның түсі мен реңкін біркелкі етіп, жұмсартып, жібектей етеді. 
  • Е дәрумені – терінің серпімдігін арттырып, терінің айқын білінетін қартаю белгілерінің пайда болуының алдын алады, антиоксиданттық әсер береді, теріні қоректендіріп, ылғалдандырып, қорғайды. 
  • Глицерин – эпидермистегі жасушалық зат алмасуды іске қосады, соның әсерінен тері жаңарып, қалпына келеді, әрі ол теріні ылғалдандырып, жұмсартып, қоректендіреді. Токсиндердің сыртқа шығарылуына, терідегі ұсақ тесіктердің ластардан табиғи түрде тазаруына септеседі. 

AQUA, HYDROXYETHYL UREA, CAPRYLIC/ CAPRIC TRIGLYCERIDE, ETHYLHEXYL STEARATE, GLYCERYL STEARATE, PEG-100 STEARATE, CETEARYL ALCOHOL, POLYSORBATE 60,  COCOS NUCIFERA (COCONUT) OIL,  BUTYROSPERMUM PARKII (SHEA) BUTTER, SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA) SEED OIL, FRAGRANCE, HYDROXYETHYLCELLULOSE, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER,  TOCOPHERYL ACETATE, SODIUM HYALURONATE, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE.

Аздаған сүтті таза теріге жеңіл уқалап жағыңыз, сіңгенін күтіңіз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз