Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Omega-3

Алмастырылмайтын май қышқылдары

Солтүстік ендіктегі теңіз балығынан алынатын көп қанықпаған май қышқылдары мен зығыр майынан құралған Омега-3 кешені нағыз бірегей өнім, себебі ол ағзамыздағы барлық дерлік жүйелердің жұмысын тұрақтандыруға септеседі. Бұл қышқылдар жүрек пен тамырларды нығайтып, буындардың қозғалғыштығын арттырып, мидың жұмысын жақсартады. Сондай-ақ КҚМҚ көңіл күйді көтеріп, жұмыс өнімділігін арттыратын, «бақыт гормоны» саналатын серотониннің синтезін реттейді. Сонымен қатар, Омега-3-ті қабылдау арқылы, бет теріңіз сұлуланып, тырнақтарыңыз нығайып, шашыңыз қалыңдай түседі.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрі емес 

Әрқайсысы 760 мг-нан 30 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Денсаулық пен сұлулықты сақтауда КҚМҚ-дың маңызы мен қажеттілігі аса зор екендігі сөзсіз. Алайда біздің ағзамыз омега-3-ті өздігінен синтездей алмайтындықтан, оны тек тамақтан алып отырады. Бұл қышқылдардың негізгі көздері: теңіз балығы, зығыр майы мен балқарағай майы, грек жаңғағы – күнделікті тамақтану рацонымызда көп кездесе бермейтін өнімдер. Сондай-ақ, Омега-3-тің пайдалы қасиеттері өнімдерді термиялық өңдеуден өткізгенде жоғалып кетеді. Бұл мәселенің оңтайлы шешімі – Омега-3 Greenflash кешені. Оның әр капсуласында 350 мг көп қанықпаған алмастырылмайтын май қышқылдары бар.

Оның құрамында бірегей ROPUFA® компоненті бар, ол солтүстік ендіктегі теңіз балығынан алынып, арнайы антиоксиданттардың көмегімен әртүрлі қоспалар, токсиндер мен балластық заттардан көп сатылы тазарту жүйесінен өтеді. Олар алынған майдың қышқылдануын болдырмай, оның жарамдылық мерзімін ұзартып, жағымсыз балық иісінің шығуына тосқауыл болады. Сонымен қатар ROPUFA® құрамында КҚМҚ концентрациясы жоғары: «Омега-3» бір капсуласында қарапайым балық майының 3-4 капсуласындағыдай КҚМҚ бар.

Желатинді капсулалар омега-3-тің екінші көзі – зығыр майының қышқылдануын болдырмайды, сондай-ақ оның дәмін бейтараптандырып, жеңіл қабылдануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның құрамында жасуша жарғақшаларын нығайтып, иммунитетті күшейтіп, қартаю процестерін баяулататын майда еритін дәрумендер (А, Е, D3) бар.

  • Калориясы төмен болғанымен, құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының концентрациясы жоғары.
  • Әр капсулада омега-3-тің бірнеше көзі бар.
  • Тамаша нәтижеге жеткізетін майда еритін дәрумендер кешенімен байытылған.
  • Дәмі мен иісі бейтарап.
  • Қабылдауға ыңғайлы пішінде, яғни желатинді капсула түрінде берілген.

Құрамы: «РОПУФА® 75 n-3» (75% КҚМҚ омега-3), зығыр майы, альфа-токоферол ацетаты, А дәрумені, D3 дәрумені, желатин, тазартылған су, тұрақтандырғыш глицерин.

Белсенді компоненттер

ROPUFA® – солтүстік ендіктегі теңіз балығынан алынған бірегей компонент, арнайы антиоксиданттардың көмегімен әртүрлі қоспалар, токсиндер мен балластық заттардан көп сатылы тазарту жүйесінен өтеді. Олар алынған майдың қышқылдануын болдырмай, оның жарамдылық мерзімін ұзартып, жағымсыз балық иісінің шығуына тосқауыл болады. Сонымен қатар ROPUFA® құрамында КҚМҚ концентрациясы жоғары: «Омега-3» бір капсуласында қарапайым балық майының 3-4 капсуласындағыдай КҚМҚ бар.

Зығыр майы – құрамы дәрумендерге (ретинол, токоферол, В тобының дәрумендері, К дәрумені), F дәруменінің құрамына кіретін көп қанықпаған май қышқылдарының толық кешеніне (омега-3 және омега-6 тобының май қышқылдары) бай. Ағзадағы зат алмасу процестерін дұрыстауға, иммундық жүйенің жұмысын тұрақтандыруға септеседі.

Е дәрумені (токоферол, альфа-токоферол) – тағамдағы басты антиоксидант. Қартаю процесін баяулатып, жасушалардың қоректенуін жақсартады. Қантамырлар қабырғаларының күйін тұрақтандырады. Тромбылардың түзілуін болдырмайды, миокардты нығайтады.

А дәрумені – тотығу-сауықтыру процестеріне қатысады, ақуыздар синтезіне әсер етеді, жасуша жарғақшаларының қалыпты құрылуына ықпал етеді. Ымырт уақытындағы көру қабілетіне жауапты, көздің мөлдір қабығын ылғал күйде сақтайды. A дәрумені май алмасу мен жаңа жасушалардың өсуіне ықпал етеді, қартаю процестерін баяулатады.

D3 дәрумені – фосфор және кальций алмасуды реттейді, сүйектердің түзілуі мен қалыпты өсуі үшін қажет, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне және қанның ұйыюна ықпал етеді. 

Бір капсуланың құрамында:

Биологиялық белсенді заттардың атауы Масса, мг ҰТТ %-ы * АТД %-ы **
±10%
КҚМҚ Омега-3 350 мг-нан кем емес   18
Е дәрумені 14 мг 140  
А дәрумені 0,7 мг 87,5  
D3 дәрумені 3,5 мкг 70  

*ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну

**АТД – адекватты тұтыну деңгейі

Пайдалану тәсілі және мөлшері: ересектер мен 14 жастан асқан балаларға күніне 1 капсуладан тамақпен бірге қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз