Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Detox Colon

Ішекті тазарту

Өсімдік сығындылары мен тағамдық талшықтардың арқасында Greenflash Detox Colon ішекті тазартып, ағзада жиналып қалған токсиндер мен шлактарды шығарып, микрофлораны тұрақтандырады. Осылайша асқорыту жүйесінің жұмысын оңтайландырып, бактерияларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

Пайдаланар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрі емес

Орамасы: әрқайсысы 400 мг-нан 40 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Алоэ, жолжелкен және фенхель дәндерінің сығындылары ішектің тазартқыш қызметін арттырып, жайлап іш жүргізіп, ағзадағы токсиндер мен шлактарды шығарады. Инновациялық Floracia® компоненті пайдалы микрофлораның жетіліп, асқазан-ішек жолы жұмысының қалпына келуіне септеседі.

  • Мұқият әрі тиімді тазарту. Тазартқыш кешен күнделікті өмір ырғағыңызға тамаша үйлесе кетіп, ұқыпты әрекет етеді.
  • Қолайлы пішінде шығарылған. Капсулалы блистерлерді өзіңмен бірге алып жүрген оңай әрі ыңғайлы.
  • Құрамындағы инновациялық Floracia® кешені – ағзаны ұқыпты тазартатын жаңа стратегия:
    • пребиотикалық қасиеттері бар;
    • пайдалы микрофлораның жетіліп, ішек жұмысының қалпына келуіне септеседі;
    • токсиндерді жұтады;
    • дәрумендер мен минералдардың ағзаға сіңуіне септеседі.

«ФЛОРАЦИЯ» тағамдық талшығы, фенхель сығындысы, алоэ вера сығындысы, жолжелкен сығындысы.

Полисахаридтерге қаныққан алоэ сығындысы ағзадан шлактарды шығаратын тамаша құрал болып табылады, асқазан-ішек жолының функциясын жақсартады.

Жолжелкен дәндері токсиндер мен шлактарды шығарады, зат алмасуды реттейді, ішектің шырышты қабығын нығайтады. Жолжелкен асқазан-ішек жолын тиімді тазартады, ұйқы безінің, бауыр мен өт қабының жұмысын жеделдетеді, ішектің қимыл қызметін тұрақтандырады.

Фенхель дәндерінің сығындысы асқазан-ішек жолы бездерінің секрециясын күшейтіп, асқорыту жүйесінің жұмысын қалпына келтіріп, бүйректің қызметін жеделдетеді.

Пайдалану тәсілі мен мөлшері

Ересектер күніне 2 рет 2 капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 10 күн.

Қарсы көрсетімдер

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз