Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Detox Kidney

Бүйректі тазарту

Бұл кешен құрғатқыш және несеп айдағыш әсермен әрекет етеді, бүйректерді тазалауға, тіндердегі сұйықтықтың іркілуін жоюға, ісінуді басуға көмектеседі. Құрамындағы өсімдік компоненттерінің оңтайлы пропорциясының арқасында, қоспаның әсері жұмсақ.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрі емес

Орамасы: әрқайсысы 400 мг-нан 40 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Өсімдік сығындыларының кешені ағзаға несеп айдағыш және қабынуға қарсы әсермен әрекет етеді. Өнім құрамындағы опунция сығындысының құрғатқыш қасиеті бар, ол артық сұйықтықты шығаруға және ісінулерді басуға септеседі. Ал калий цитраты құнды минералдардың ағзадан жуылып кетуіне жол бермейді.

  • Мұқият әрі тиімді тазарту. Тазартқыш кешен күнделікті өмір ырғағыңызға тамаша үйлесе кетіп, ұқыпты әрекет етеді.
  • Қолайлы пішінде шығарылған. Капсулалы блистерлерді өзіңмен бірге алып жүрген оңай әрі ыңғайлы.
  • Құрамындағы инновациялық Floracia® кешені – ағзаны ұқыпты тазартатын жаңа стратегия:
    • пребиотикалық қасиеттері бар;
    • пайдалы микрофлораның жетіліп, ішек жұмысының қалпына келуіне септеседі;
    • токсиндерді жұтады;
    • дәрумендер мен минералдардың ағзаға сіңуіне септеседі.

Құрамы: «ФЛОРАЦИЯ» тағамдық талшығы, калий цитраты, опунция сығындысы, екпе шиырмақ сығындысы, қырықбуын сығындысы, бөрікгүл сығындысы.

Екпе шиырмақ сығындысы тиімді несеп айдағыш құрал болып табылады әрі ол бүйрек пен қуықта тас түзілуге жол бермейді, ас қорыту сөлінің түзілуін қалпында сақтап тұрады.

Опунция сығындысы қабынуға қарсы әрекет ететін, несеп айдағыш және өт айдайтын қасиеті бар. Сондай-ақ ісінулерді басып, ағзаға құрғатқыш әсер етеді.

Бөрікгүл сығындысы биологиялық белсенді заттарға бай. Бөрікгүлдің құрамындағы антиоксиданттар бүйрек жасушаларын бос радикалдардың жойғыш әсерінен қорғайтын қасиетке ие. Олар өтті сұйылтып, оның арттырып, тас түзілуге жол бермейді. Сондай-ақ бөрікгүлдің несеп айдағыш қасиеті бар.

Қырықбуын сығындысы бүйректі тазалаудағы ең үздік құралдардың бірі саналады. Ол бүйректе тас түзілуді болдырмайды.

Калий цитраты зәр шығаруды күшейтеді, бұл әсіресе уланып қалғанда, ісініп кеткенде қаннан токсиндерді шығару үшін аса маңызды. Ағзадағы су теңгерімін реттейді. Бүйректің қызметі мен терінің ахуалына оң әсер береді. 

Пайдалану тәсілі мен мөлшері

Ересектер күніне 2 рет 2 капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 10 күн.

Қарсы көрсетімдер

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз