Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Cardio Formula

Жүрек пен қантамырлардың саулығы

Гринфлеш Кардио Формуланың табиғи компоненттері жүрекке қосымша қорек беріп, саулығын арттыруға көмектеседі. 

Таңертең қабылдайтын капсулалар қандағы холестерин мен қанттың мөлшерін реттеп, жүрекке күндізгі жүктемелерді еңсеруге көмектеседі. Кешеннің антиоксиданттық әсері жасушалардағы бұзушы процестерді тоқтатып, қартаюды кешеуілдетеді. Кешкі формула болса, жүректің ырғағын қалыпқа келтіріп, тыныштандырады, тамырларды нығайтып, жүрек ауруларының туу қаупін азайтады. 

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Дәрі емес

Әрқайсысы 400 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы Кардио Формуланың негізі – қызыл жүзім мен долана жапырақтары, ресвератрол, коэнзим Q10, В6, В9, В12 дәрумендері, мұның бәрі кешенді түрде әрекет етіп:

  • қан айналымын іске қосады,
  • қандағы қант пен холестерин мөлшерін реттейді,
  • жүрек пен тамырлардың қызметін тұрақтандырады.

Кешкі Кардио Формуланың негізі – рутин, ацерола, мелисса, олар кешенді түрде әрекет етіп: 

  • қан қысымын тұрақтандырады,
  • тамырлардың беріктігі мен созылғыштығын қалпында сақтайды,
  • жүрек ауруларының туу қаупін төмендетеді.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсуланың (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: қызыл жүзім жапырақтарының сығындысы, долананың гүлді жапырақтарының сығындысы, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), микрокристалды целлюлоза, ресвератрол, RMP —Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), коэнзим Q10, В6, В9, В12 дәрумендері, аэросил, кальций стеараты.

«Кешкі» капсуланың (жасыл түсті) құрамы: микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), ацерола сығындысы, сермене сығындысы, рутин, RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Белсенді компоненттер:

Ресвератрол (жүзім қабығындағы элемент) – ғылымға мәлім табиғи антиоксиданттардың ішіндегі ең күштісі. Бұл – ағза жасушаларының оксидативті бұзылысына қарсы күресте өзін дәлелдеген тиімді компонент болып табылады, ол қартаю процестерін бәсеңдетіп, созылмалы аурулардың алдын алуға септеседі.

Қызыл жүзім полифенолдары – ғылымға мәлім табиғи ең күшті антиоксиданттардың бірі, қандағы холестерин мөлшерін азайтады, қантамырлардың қабырғаларын нығайтады, тромб түзілуінің және жүрек ауруларының пайда болуының алдын алады.

Ацерола – ғылымға мәлім ең күшті табиғи антиоксиданттардың бірі, ағзаны бос радикалдардың басты қарсыласы – С дәруменімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол тері, сіңір және қантамырларды құрайтын, ағзадағы аса маңызды құрылымдық ақуыз саналатын коллагеннің өндірісіне атсалысады.

Рутин – С дәруменімен бірігіп, тамырлар мен капиллярларды қоректендіріп, нығайтып, иілгіш етеді.

Жидек антоциандары – ағзаға күш түсірмей, жұмсақ әсер етеді. Жадты жақсартады, қандағы қант мөлшерін реттейді, жүрек аурулары мен диабет сырқатының туындау қаупінің алдын алады.

Сермене – жүректің жиырылу ырғағын тұрақтандыруға септеседі.

Күніне екі капсула қабылдасаңыз («Таңғы» және «Кешкі»), ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар Масса, мг ҰТТ %-ы*
Полифенолдар (галл қышқылы бойынша) 15 15
Ресвератрол 10 33
Коэнзим Q10 9 30
В6 дәрумені 1 50
В9 дәрумені, мкг 100 50
В12 дәрумені, мкг 0,5 50
С дәрумені 9 15
рутин 16 53

*ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну (мөлшері)

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз