Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Antistress Formula

Стрестен қорғау және тамаша көңіл күй

Гринфлеш Антистресс Формула күнделікті стрестерге тойтарыс беруге және жүйке жүйесінің саулығын нығайтуға көмектеседі. Таңертең қабылдайтын капсулалардағы бірегей компоненттердің құрамы бойыңызға күш-қуат беріп, жұмыс өнімділігі мен стреске қарсы тұру қабілетін арттырып, көңіл күйді көтереді. Өсімдік сығындыларының кешені қосылған кешкі формула қарбалас күннен кейінгі шаршауды басып, ағзаны жайлап тыныштандырып, ұйқыны ретке келтіреді. 

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрі емес

Әрқайсысы 420 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы формуланың негізі – грифония, какао, магний, кальций, В1, В5, В6, РР дәрумендері, L-триптофан, кешенді түрде әрекет етіп:

  • стреске қарсы тұру қабілетін арттырады,
  • керемет көңіл күй сыйлайды,
  • мидың қызметін қан қысымын көтермей жеделдетеді.

Кешкі капсуланың құрамындағы сермене, эшшольция, пассифлора, кальций, магний, В1, В5, В6, РР дәрумендері бірігіп:

  • жүйке жүйесінің шаршауын басып,
  • сау әрі тыныш ұйқы сыйлайды.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсула (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: магний цитраты, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), L-триптофан, микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), какао сығындысы, 5-гидрокситриптофан, RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), РР дәрумені (никотинамид), В5 дәрумені (пантотен қышқылы), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (жасыл түсті) құрамы: магний цитраты, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), инозитол (В8 дәрумені), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), эшшольция сығындысы, пассифлора сығындысы, сермене сығындысы, RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), РР дәрумені (никотинамид), В5 дәрумені (пантотен қышқылы), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Белсенді компоненттер:

Гриффония сығындысы – эмоциялық және энергетикалық сергектік сыйлайды. Гриффония аса маңызды табиғи амин қышқылдарының бірі, серотониннің (қуаныш гормоны) тікелей ізашары – L-триптофанның көзі болып табылады. Антидепрессант ретінде әрекет ететін айқын әсері бар, мазасыздықты басуға көмектеседі.

Магний және В тобының дәрумендері – ағзаны жайлы күйге бөлеп, стреске қарсы төзімділік береді.

Теобромин – ақыл-ой белсенділігін жеделдетеді.

Эшшольция, пассифлора және сермене сығындылары – флавоноидтар мен микроэлементтерге бай бұл компоненттер жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер береді, қан қысымын тұрақтандырады, ұйқыға кету уақытын азайтып, ұйқы бұзылып жүрген жағдайда оны жақсартуға көмектеседі.

Күніне екі капсула қабылдасаңыз («Таңғы» және «Кешкі»), ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар Масса, мг ҰТТ %-ы*
магний 60 15
теобромин 6 17
В1 дәрумені 0,7 50
В6 дәрумені 1 50
В5 дәрумені 3 50
РР дәрумені 9 50
инозитол 75 15
L-триптофан 50 6

*ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз