Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Immuno Formula

Мықты иммунитет

Гринфлеш Иммуно Формула ағзаның табиғи қорғаныш деңгейін арттырып, аурулардың алдын алады. Таңғы капсулалардың құрамындағы өсімдік негізіндегі күшті иммунтүрлендіргіштер ағзадағы тонусты жоғары деңгейде сақтап тұрады, сондай-ақ олар микробтар мен инфекциялардың шабуылына тойтарыс беріп, тұмау маусымында да денсаулығыңызды қалпында сақтауға көмектеседі. Бидифо- және лактобактериялар кешені ішек микрофлорасын тұрақтандырып, ағзаның саулығы мен иммунитеттің күштілігін сақтап тұру үшін, дәрумендер мен минералдардың барынша сіңірілуін қамтамасыз етеді. 

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Дәрі емес

Әрқайсысы 400 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы формуланың құрамында қызылкүрең, эвкалипт, гүлшетен, сәлбен, жалбыз, А,Е,С дәрумендері, қара бұрыш бар, олар кешенді түрде әрекет етіп:

  • иммунитетті күшейтеді,
  • күні бойы микробтар мен инфекциялардан қорғайды,
  • сергітеді.

Кешкі капсуланың құрамындағы бифидо- және лактобактериялар, А, Е, С дәрумендері, гүлшетен, инулин біріге әрекет етіп:

  • ішектің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді,
  • дәрумендер мен минералдардың барынша сіңірілуіне септеседі.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсуланың (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: қызылкүрең сығындысы, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), сәлбен сығындысы, эвкалипт сығындысы, микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), С дәрумені (аскорбин қышқылы), RMP-Сomplex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), мырыш цитраты, қара бұрыш сығындысы, Е дәрумені (токоферол ацетаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсуланың (жасыл түсті) құрамы: инулин, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), С дәрумені (аскорбин қышқылы), мырыш цитраты, «Bifidobacterium bifidum» бифидобактериялары, «Lactobacillus plantarum» лактобактериялары, RMP-Сomplex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), Е дәрумені (токоферол ацетаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Белсенді компоненттер:

Қызылкүрең, эвкалипт, гүлшетен сығындылары – ағзаға барынша табиғи түрде сіңірілетін түрде берілген күшті табиғи иммунтүрлендіргіштер. Олар күні бойы денсаулығыңызға қорған болып, қабынуға және бактерияларға қарсы қарқынды әрекет етеді.

Бифидо- және лактобактериялар, инулин – бүкіл ағзаның денсаулығының кепілі болып табылатын иммунитетті күшейтуге септеседі. Заманауи ғылыми зерттеулер пробиотиктердің иммундық ахуалмен тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Егер ішектің микрофлорасы патогенді болса, биологиялық белсенді компоненттер ағзаға сіңбейді. Демек, иммунитетті сақтаудың тиімді тәсілі ішек микрофлорасын қалыпты деңгейде сақтау болып табылады.

Күніне екі капсула қабылдасаңыз («Таңғы» және «Кешкі»), ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар Масса, мг ҰТТ %-ы *
Мырыш 7,5 50
С дәрумені 50 83
Е дәрумені 5 50
А дәрумені 0,4 50
Бифидобактериялар, КОЕ 8*107 16
Лактобактериялар, КОЕ 8*106 16
Инулин 240 9,6
Гидроксикорий қышқылдары цикорий қышқылына есептелгенде 1,5 15

*ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу, жүйелік үдемелі аурулар (туберкулез, лейкоз, шашыраңқы склероз, коллагеноз).

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз