Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Vision Formula

Тамаша көру қабілеті

Вижн Формулада табиғи компоненттерге негізделген бірден төрт күшті кешен қамтылған, олар күнделікті көзіңізге түсетін жүктемелерді еңсеріп, көздің көргіштігін сақтауға көмектесіп, компьютер алдындағы жұмыстан кейін көзді қалпына келтіруді жеделдетеді. 

Таңертең қабылдайтын капсулалар көзді шаршау мен қоршаған ортаның агрессивті әсерінен қорғаса, кешкі капсулалар көздің тамырлары мен тіндерін қарқынды түрде нығайтып, көз ішіндегі қысымды төмендету арқылы ауыр дерттердің алдын алады.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Дәрі емес

Әрқайсысы 400 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы Вижн Формула – ацерола, қаражидек, жүзім сүйектері, лимон қабығы, апельсин, В1, В2, В6 дәрумендерінен құралған кешен, мұның барлығы:

  • көзді шаршаудан сақтайды,
  • көздің жарыққа бейімделуін жақсартады,
  • УК сәулелерінен қорғайды.

Кешкі формуланың құрамындағы қызыл бұрыш, брокколи, асжапырақ, лютеин, каротоноидтар, рутин, А, Е, С дәрумендерінің кешені:

  • көз тіндерін қарқынды түрде қоректендіреді,
  • капиллярлар мен тамырларды нығайтады,
  • көз ішіндегі қысымды төмендетеді.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсула (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: Аnthocyan-Сomplex (қаражидек жемістерінің ұнтағы, қаражидек сығындысы, ацерола сығындысы, жүзім сүйектерінің сығындысы), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), лимон қабығының сығындысы, мырыш цитраты, РР дәрумені (ниацинамид), RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В2 дәрумені (рибофлавин), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (жасыл түсті) құрамы: Pro-carotin Complex (қызыл бұрыш сығындысы, брокколи сығындысы, асжапырақ сығындысы), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), Carotin-Complex (лютеин, бета-каротин, зеаксантин), С дәрумені (аскорбин қышқылы), рутин, Е дәрумені (токоферол ацетаты), RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), А дәрумені (ретинол ацетаты), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Белсенді компоненттер:

А, Е, С дәрумендері көз тіндерін қоректендіруді жақсартып, капиллярларды нығайтуға және көз ішіндегі қысымды төмендетуге септеседі.

Антоциан кешені қабынуға қарсы әрекет ететін және антиоксиданттық әсер беретін қасиеті бар, тіндердегі микроциркуляцияны жақсартуға және қантамырлардың қабырғаларын нығайтуға септеседі, көздің шаршауын басады.

B1 дәрумені көру аппаратына тым көп күш түсіп кеткенде, ағзаның соған қарсы тұру қабілетін арттырады.

B2 дәрумені көздің торын УК сәулелердің әсерінен қорғап, көру қабілетін қалыпты деңгейде сақтайды.

Про-каротин кешені сергіткіш және капиллярларды нығайтқыш қасиеті бар.

Каротин кешені антиоксиданттық белсенділікке ие.

Күніне екі капсула («Таңғы» және «Кешкі») қабылдасаңыз, ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар Масса, мг ҰТТ %-ы
мырыш 7,5 50
антоциандар 7,5 15
В1 дәрумені 0,7 50
В2 дәрумені 0,8 50
В6 дәрумені 1,0 50
РР дәрумені 9 50
рутин 15 50
С дәрумені 30 50
лютеин 0,75 15
зеаксантин 0,15 15
Е дәрумені 5 50
А дәрумені 0,4 50
бета-каротин 0,75 15

*ҰТТ - ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз