Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Beauty Formula

Cұлулығыңыздың құпиясы

Гиалурон қышқылы қосылған бірегей формуланың арқасында, Бьюти Формула сізге жарқыраған шаш пен мықты тырнақ, сұлу да сау тері сыйлайды. Аса күшті табиғи антиоксиданттарға негізделген заманауи формула қартаю процестерін кешеуілдетіп, кератин мен коллаген синтезін жеделдетеді. Таңертең қабылдайтын кешен күні бойы жасушаларға күшті қолдау көрсетіп, ағзаны оксидативті стрестен қорғайды, ал кешкі формула жасушалардың жедел регенерациясына септесіп, сұлулықты ұзағырақ сақтауға көмектеседі. 

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Дәрі емес

Әрқайсысы 400 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы Бьюти Формуланың негізі – бамбук, тары, мыс, марганец және А, Е, С, В8 дәрумендерінен құралған бірегей табиғи кешен, ол:

  • шаш, тырнақ және теріні нығайтып, иілгіш болуын қамтамасыз етеді.
  • оксидативті стрестен қорғайды.

Кешкі формула – қызыл балдырлар, MCM (органикалық күкірт), L-цистеин, В2, В5, В6, В8 дәрумендері мен гиалурон қышқылынан құралған кешен, ол:

  • шаш, тырнақ және тері регенерациясына септеседі,
  • қартаю процестерін кешеуілдетеді.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсула (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: бамбук сығындысы, инозитол (В8 дәрумені), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), микрокристалды целлюлоза, тары сығындысы, С дәрумені, Е дәрумені, RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), марганец L-аспарагинаты, мыс L-аспарагинаты, А дәрумені, аэросил, кальций стеараты.

«Кешкі» капсула (жасыл түсті) құрамы: қызыл балдырлар сығындысы, метилсульфонилметан, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), микрокристалды целлюлоза, L-цистеин, мырыш цитраты, инозитол (В8 дәрумені), гиалурон қышқылы, RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), В5 дәрумені (пантотен қышқылы), В6, В2, биотин, аэросил, кальций стеараты.

Белсенді компоненттер:

Бамбук сығындысы – флавоноидтар, пептидтер, амин қышқылдары, полисахаридтер, микроэлементтер мен кремнийдің аса бағалы көзі. Кремний коллаген мен кератин синтезіне атсалысады, әрі шаш пен тырнақ, терінің саулығын қамтамасыз ететін маңызды компонент болып табылады.

Инозитол (В8 дәрумені) – жүйке жүйесін тепе-теңдікте ұстап, оны стресті қышқылдандырғыш процестердің залалды әсерінен қорғайтын тыныштандырғыш қасиетке ие.

Тары сығындысы – бауырды тазартуға, ағзадан терінің хал-ахуалына тікелей әсер ететін токсиндер мен одан ыдыраған заттарды шығаруға септеседі. Белсенді компоненттерді таңдау тәсілінің арқасында адам ағзасы мақсатты құрылымдық қолдау мен қышқылдандырғыш процестерден қорғайтын күшті қалқанға ие болады. Нәтижесінде тырнақ пен шаш, тері сауығып, әдемілене түседі. 

Қызыл балдырлар сығындысы мен гиалурон қышқылы – теріні сақтап, регенерациялауға қажетті полисахаридтердің аса бағалы көзі. Теріге барынша жақын полисахаридтердің биологиялық белсенділігі жоғары, олар терінің беткі қабаттарының да, терең қабаттарының да құрылымына табиғи түрде енеді.

Органикалық күкірт – терінің иілгіш және созылғыш қасиеттерін сақтайды, айқын антиоксиданттық қасиетке ие. 

Күніне екі капсула («Таңғы» және «Кешкі») қабылдасаңыз, ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар Масса, мг ҰТТ %-ы*
Инозитол (В8 дәрумені) 125 25
Мырыш 7,5 50
С дәрумені 30 50
Е дәрумені 5 50
А дәрумені 0,4 50
Марганец 1 50
Мыс 0,5 50
Гиалурон қышқылы 7,5 15
В2 дәрумені 0,8 50
В6 дәрумені 1 50
В5 дәрумені (пантотен қышқылы) 3 50
Биотин, мкг 50 100

*ҰТТ - ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз