Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Multivitamin Formula

Белсенді өмірге қажетті күш-қуат

Мультидәруменді Формуланың құрамына сіздің денсаулығыңызға, күш-қуатыңыз бен сұлулығыңызға қажеттінің бәрін жинадық. Ол бізге күнделікті қажет пайдалы заттардың оңтайлы теңгерімін сақтайтын дәрумендер мен минералдарға байытылған жеміс шырындарының табиғи миксіне негізделген. 

Таңғы капсулалар формуласы көңіл күйіңізді көтеріп, бойыңызға күш-қуат беріп, ағзаның қорғаныш қызметін іске қосады. Ал кешке қабылдайтын капсулалар ағзаңыздың күйбең тіршілікке толы күннен кейін қалпына келуіне көмектесіп, оны мерзімінен бұрын қартаюдан қорғайды. 

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрі емес

Әрқайсысы 400 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы формула ағзадағы негізгі жүйелердің табиғи әрі жеңіл сіңірілетін түрде қоректенуін қамтамасыз етеді. Кешен табиғи жемістер миксіне (құрғақ анар шырыны, апельсин, лимон, грейпфрут, алма, банан) және дәруменді-минералды кешенге (А,Е,С,Н, В2, В4, В5, В8 дәрумендері, темір, мырыш, марганец, мыс, хром, йод) негізделген, олар:

  • бойыңызға күш-қуат беріп, күні бойы көңіл күйіңіздің көтеріңкі болуына септеседі,
  • ағзаның қорғаныш қызметін іске қосады,
  • дұрыс зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Кешкі формуланың құрамындағы анар, апельсин, лимон, грейпфрут, алма, банан, дәрумендер (В1, В3, В6, В9, В12), кальций, магний кешенді түрде әрекет етіп:

  • күндізгі шаршауды басады,
  • ағзаның негізгі жүйелерін қоректендіріп, регенерациялайды,
  • бос радикалдардан қорғайды.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсула (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: Vitamin-complex (В8 дәрумені (инозитол), В4 дәрумені (холин), С дәрумені (аскорбин қышқылы), Е дәрумені (токоферол ацетаты), В5 дәрумені (кальций пантотенаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), В2 дәрумені (рибофлавин), биотин), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), жемістер миксі (құрғақ анар, апельсин, лимон, грейпфрут, алма, банан шырындары), Mineral-complex (темір (II) сульфаты, мырыш цитраты, марганең L-аспарагинат,ы мыс L-аспарагинаты, хром пиколинаты, калий йодиді), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (жасыл түсті) құрамы: магний цитраты, жемістер миксі (құрғақ анар, апельсин, лимон, грейпфрут, алма, банан шырындары), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), Vitamin-complex (РР дәрумені (ниацинамид), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), В9 дәрумені (фолий қышқылы), В12 дәрумені (цианокобаламин)), RMP-Complex (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Белсенді компоненттер

А, Е, С дәрумендері жасушаларды бос радикалдардың зардабынан қорғайды, зақымдалған жасушалардың регенерациясын жеделдетеді, тамырлар мен капиллярлардың беріктігі мен иілгіштігін арттырады. 

В тобының дәрумендері мен магний жүйке жүйесінің хал-ахуалын тұрақтандырғыш әрекет етеді, тері мен тырнақтың, шаштың сапасын сақтауға септеседі, жүрек-қантамыр және қантамыр жүйелерінің қызметін қолдайды.

Йод және хром қалқанша безінің қызметін қалпында сақтайды.

Мырыш пен марганец тері, сүйек, шеміршек тіні, тамыр регенерациясын жеделдетеді, қабынуға қарсы әсер етеді.

Күніне екі капсула («Таңғы» және «Кешкі») қабылдасаңыз, ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар Масса, мг ҰТТ %-ы*
Инозитол 75 15
Мырыш 7,5 50
С дәрумені 30 50
Е дәрумені 5 50
А дәрумені 0,4 50
Марганец 1 50
Мыс 0,5 50
В1 дәрумені 0,7 50
В2 дәрумені 0,8 50
В6 дәрумені 1 50
В5 дәрумені 3 50
Биотин, мкг 50 100
Холин 75 15
Темір 7 50
Йод, мкг 75 50
Хром, мкг 25 50
РР дәрумені 9 50
В9 дәрумені, мкг 100 50
В12 дәрумені, мкг 0,5 50
Магний 20 5

*ҰТТ - ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан (қоңыр-сарғыш капсула) және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан (жасыл капсула) тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу. Қалқанша безі ауруларына шалдыққан жандар эндокринолог дәрігермен кеңескені жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз