Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Collagen Formula

Жастық шақ формуласы

Коллаген Формуланың құрамында сұлулық пен денсаулықты сақтауға қажетті бірден үш аса күшті элемент қамтылған, олар: табиғи ақуыз – коллаген, органикалық күкірт және ацерола. Бұл белсенді компоненттер шаш пен тырнақтың, терінің зақымдалған бөліктеріне еніп, олардың жағдайын едәуір жақсартып, күшті регенерациялағыш әсер береді, сондай-ақ бұлшықеттердің созылғыштығын сақтауға көмектеседі, әрі буындар мен шеміршек және сүйек тіндерін қорекпен қамтамасыз етеді. 

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрі емес

Әрқайсысы 9,5 г-нан 20 стик

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

1350
!Дүкеннен сатып алуға болады

Үш компоненттің кешенді әрекетінің арқасында Collagen Formula:

  • Ағзаны тері, шаш пен тырнақ регенерациясына қажетті негізгі құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді.
  • Сүйек және шеміршек тіндерін қоректендіріп, қалпына келтіреді.
  • Жүрек бұлшықетін қоректендіруге және буындардың иілгіштігін сақтауға қажетті элементтерді жеткізеді.

Коллаген туралы жиі қойылатын сұрақтар.

Шикізат жеткізушінің Collagen Formula-ға ауысу себебін бізден көп сұрайды. Оның орынды себептері көп. Ендеше анықтап көрейік.
Коллагеннің екі түрі болады:
1) теңіз коллагені (балықтан алынады);
2) жануар текті коллаген (ірі қара малдың тіндерінен алынады).

Көптеген өндірушілер жануар текті коллагенді теңгерімді амин қышқылдарының бай көзі ретінде пайдаланады.

Коллагеннің әзірленген көзі коллагенді таңдаудағы негізгі фактор болып табылмайды. Себебі біздің ағзамыз тек өзі синтездеген өз коллагенінде «жұмыс істей алады». Ал коллагенді тағам ретінде қолданғанымызда, біз ағзамызды өз коллагенін өндіріп шығаруына қажетті шикізатпен қамтамасыз етеміз.

Нағыз сапалы гидролизацияланған коллагеннің түссіз, дәмсіз, иіссіз және қоспасыз, толықтай өңделген (пептидтер тізбегіне бөлшектелген) өнім екендігін және оның бастапқы шикізатпен ортақ ештеңесі жоқ екендігін естен шығармаған жөн. Тек осындай гидролизацияланған коллаген ғана жоғары формадағы биоқолжетімділікке ие болады әрі оның өнімді сіңіру деңгейі де жоғары болады.

Теңіз коллагеніне келер болсақ, оның үлесі барлық коллаген нарығының 15%-ын құрайды әрі ол нарықтың сұранысын үздіксіз қамтамасыз етіп отыра алмайды. Collagen Formula сатылым хитына айналды, бұл өнімге деген сұраныс соңғы жылдары айтарлықтай артты. Жеткізу арасында үзілістер орын алып, өнімнің болмай қалуын болдырмас үшін, жеткізушіні алмастыру шешімі қабылданды. 

Қазіргі таңда біз Collagen Formula өндірісінде жануар текті GELCO гидролизацияланған коллагенін пайдаланамыз. Бұл компания зәлемдік коллаген өндірісінде көш бастап тұр. Әрі оның B.S.E.-free сертификаты, сондай-ақ Халал, Кошер, ISO, HACCP сертификаттары бар. GELCO компаниясының өндіріс көлемі кепілді жоғары сападағы шикізатты арасын үзбей жеткізіп тұруға мүмкіндік береді.

  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

Құрамы: гидролизацияланған коллаген, фруктоза, құрғақ шие шырыны, құрғақ қызылша шырыны, мальтодекстрин, табиғи тектес «Шие» хош иістендіргіші, метилсульфонилметан, ацерола сығындысы, лимон қышқылы, С дәрумені.

Бір порцияда:

  • 5000 мг коллаген,
  • 250 мг күкірт (метилсульфонилметан),
  • 30 мг С дәрумені.

Күніне 2 порция ішсеңіз, ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:

Биологиялық белсенді заттар

Масса, г

ҰТТ %-ы*

С дәрумені

60 мг

100%

Глицин

1,8 г

52 %

Пролин

1 г

22 %

*ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер тамақпен бірге күніне 1-2 порциядан қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы – 10–20 күн.

Дайындау тәсілі: 1 порцияны (1 стик) бөлме температурасындағы 100 мл суға салып, араластырыңыз. Дайын болған бойда пайдаланыңыз.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Қабылдау жөніндегі нұсқаулық: тамақпен бірге қабылдаған жөн. Коллаген құрамындағы мөлшері басым амин қышқылдары ағзаға түскен соң, ағзаның коллагенді синтездеуі жеңілдейді де, тамақпен бірге оның биоқолжетімділігі де артады. Қай уақытта қабылдағаны (таңертең/кешке) маңызды емес. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз