Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Defender Formula

Вирустардан мықты қорғаныс

Микробқа қарсы әрекет ететін қасиеттерімен танымал өсімдік сығындыларына негізделген кешен тұмаудың сіздің жоспарларыңызды бұзуына мүмкіндік бермейді. Вирустық инфекциялардың алдын алу үшін немесе өзіңізді жайсыз сезінгенде Гринфлеш Дефендер Формуланы қабылдай бастасаңыз, табиғи компоненттер қалыпты өмір ырғағыңызға тез оралуға көмектеседі. 

Таңғы формуланың құрамы инфекцияларға қарсы белсенді күрес жүргізіп, күні бойы ағзаның тонусын сақтап тұрады. Ал кешкі формула ағзаның табиғи қорғаныш деңгейін қалпына келтіру үшін, оны тыныштандырып, терлеткіш әсер береді.

Дәрі емес

Әрқайсысы 400 мг-нан 60 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

690
!Дүкеннен сатып алуға болады

Таңғы Гринфлеш Дефендер Формуланың негізі – шырғанақ жапырақтары, ақ тал қабығы, А дәрумені, зімбір, ацероладан құралған кешен, олар:

  • микробтар мен вирустардан тиімді қорғайды,
  • қабынуға қарсы әрекет етеді,
  • күні бойы ағзаны тонуста ұстайды.

Кешкі формуланың негізі – шырғанақ жапырақтары, ақ тал қабығы, А дәрумені, жөке мен таңқурайдан құралған кешен, олар:

  • ағзаның қорғаныш қызметін іске қосады,
  • тыныштандырғыш және терлеткіш әсер береді.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

«Таңғы» капсула (қоңыр-сарғыш түсті) құрамы: микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), ақ тал қабығының сығындысы, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), шырғанақ жапырақтарының сығындысы, зімбір тамырының сығындысы, ацерола сығындысы, RMP сomplex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), мырыш цитраты, Е дәрумені (токоферол ацетаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), кремний диоксиді (тасымалдағыш), кальций стеараты (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (жасыл түсті) құрамы: микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), ақ тал қабығының сығындысы, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), итшомыртқы шырғанақ жапырақтарының сығындысы, жөке гүлдерінің сығындысы, С дәрумені (аскорбин қышқылы), таңқурай жемістерінің сығындысы, мырыш цитраты, RMP сomplex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), Е дәрумені (токоферолы ацетаты) , А дәрумені (ретинол ацетаты), кремний диоксиді (тасымалдағыш), кальций стеараты (тасымалдағыш).

Белсенді компоненттер:

Шырғанақ сығындысы – құрамы бактерицидті заттарға бай болғандықтан, микробқа қарсы күшті әрекет етеді.

Ақ тал қабығының сығындысы – сергіткіш әсер етеді. Ақ тал қабығында салицин деп аталатын өсімдік алкалоидының мөлшері көп. Адам ағзасына түскен соң салицин салицил қышқылына айналады. Ол бас ауруын жақсы жазады, температураны түсіріп, қабынуды басады. Ақ тал қабығының әсерін аспиринпен салыстыруға болады. Оның әсері танымал препаратқа қарағанда жай басталғанымен, әсері ұзаққа созылады әрі жанама әсерлері болмайды.

Ацерола – апельсин мен қарақатқа қарағанда құрамындағы С дәруменінің мөлшері анағұрлым көп, соның нәтижесінде иммундық жүйені ынталандырады.

Зімбір тамырының сығындысы – химиялық құрамында 400-ден аса пайдалы зат бар. Қабынуға қарсы әрекет ететін әрі ауырсынуды басатын қасиеті бар. Иммундық жүйенің жұмысын ынталандырып, ағзаға жалпы әлдендіргіш әсер беріп, вирустармен күресуге көмектеседі.

Таңқурай мен жөке сығындысы – қабынуға қарсы әрекет ететін, қызуды басатын, терлеткіш, тыныштандырғыш әсері бар, ағзаны қалпына келтіріп, күшейтеді.

Күніне екі капсула («Таңғы» және «Кешкі») қабылдасаңыз, ағзаңызды төмендегілермен қамтамасыз етесіз:​

Биологиялық белсенді заттар

Масса, мг

ҰТТ %-ы*

Рутинге есептелген флавоноидтар

4,5

15

Мырыш

7,5

50

С дәрумені

45

75

Е дәрумені

5

50

А дәрумені

0,4

50

*ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері

Ересектер түске дейін 1 «таңғы» капсуладан және түстен кейін 1 «кешкі» капсуладан тамақпен бірге қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз