Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

«Detox Box» кейсі

Жұмсақ әрі тиімді тазарту

Бет терісінің өңсізденуі, бөртуі, иммунитеттің әлсіреуі, үнемі шаршап жүру – мұның бәрі уақыт өте келе ішімізде жиналып қалатын шлактар мен токсиндердің салдары болуы мүмкін. Олар ағзаны ішінен улап, дәрумендердің сіңірілуіне кедергі келтіріп, қартаю процестерін үдетеді. Инновациялық Greenflash Detox бағдарламасы негізгі тазарту механизмдерін дұрыс ретпен іске қосып, әр қадам сайын ағзаңызды шлактар мен токсиндерден арылтады. Нәтижесінде осындай «жалпы тазарту жұмысынан» кейін зат алмасу процестері мен астың қорытылуы жақсарады, пайдалы заттар жақсырақ сіңеді, иммунитет күшейеді, теріңіз бен шашыңыз сауығып, сұлулығы арта түседі!

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

4 кешеннен құралған 40 капсула

Дәрі емес 

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

2590
!Дүкеннен сатып алуға болады

Барлық бағдарламаларға арналған дайындық сатысы

Greenflash Detox бағдарламасы ағзаны сатылы түрде ұқыптап тазартуға бағытталған. Ол әр қадам сайын шлактар мен токсиндерді шығаруға, зат алмасу процестерін тұрақтандырып, бауыр мен бүйректің, ішектің жұмысын жақсартуға септеседі. Өнім құрамындағы табиғи өсімдік сығындылары ешқандай жайсыздық туғызбай, жайлап қана әсер етеді, ал пайдалы бактериялар кешені мен инновациялық Floracia® компоненті сау ішек микрофлорасын қалпына келтіруге және асқорытуды жақсартуға көмектеседі.

1 қадам. Ішекті тазарту
Алоэ, жолжелкен, фенхель дәндерінің өсімдік сығындылары, Floracia® тағамдық талшығы

  • ағзаны тазарту процесін іске қосады,
  • жайсыздық туғызбай, жайлап әсер етеді,
  • барлық басқа органдардың жұмысының жақсаруына септеседі.

2 қадам. Бауырды тазарту
Куркума, зімбір, жалбыз, көк шай, тары, лимон қабығы сығындылары, Floracia® тағамдық талшығы

  • жиналып қалған токсиндерді жұтады,
  • өттің іркілуіне жол бермейді,
  • шлактар мен токсиндерге қарсы табиғи қорғанысты қалпына келтіреді.

3 қадам. Бүйректі тазарту

Екпе шиырмақ, опунция, бөрікгүл, қырықбуын сығындылары, калий цитраты, Floracia® тағамдық талшығы

  • артық сұйықтықтарды шығарады,
  • ісінулерді басуға септеседі,
  • минералдардың шайылып кетуіне тосқауыл қояды.

4 қадам. Микрофлора мен асқорытуды тұрақтандыру

Түймедақ, фенхель, жалбыз сығындылары, бифидо- және лактобактериялар кешені, Floracia® тағамдық талшығы

  • микрофлораның саулығын сақтайды,
  • асқорытуды дұрыстайды,
  • иммунитетті қалпына келтіреді,
  • пайдалы заттардың сіңірілуіне септеседі.
  • Мұқият әрі тиімді тазарту. Тазартқыш кешен күнделікті өмір ырғағыңызға тамаша үйлесе кетіп, ұқыпты әрекет етеді.
  • Қолайлы пішінде шығарылған. Капсулалы блистерлерді өзіңмен бірге алып жүрген оңай әрі ыңғайлы.
  • Кешенді тәсіл. Бұл бағдарлама бауыр мен бүйректің, ішектің сүзгіш және қорғаныш функцияларын жақсарта отырып, басты тазарту механизмдерін дұрыс ретпен іске қосады.
  • Құрамындағы инновациялық Floracia® кешені – ағзаны ұқыпты тазартатын жаңа стратегия:
    • пребиотикалық қасиеттері бар;
    • пайдалы микрофлораның жетіліп, ішек жұмысының қалпына келуіне септеседі;
    • токсиндерді жұтады;
    • дәрумендер мен минералдардың ағзаға сіңуіне септеседі.

Детокс 1 қадам Ішек

Құрамы: «ФЛОРАЦИЯ» тағамдық талшығы, фенхель сығындысы, алоэ вера сығындысы, жолжелкен сығындысы.

Белсенді компоненттер:

Полисахаридтерге қаныққан алоэ сығындысы шлактарды шығаратын тамаша құрал болып табылады, асқазан-ішек жолының қызметін жақсартады.

Жолжелкен дәндері шлактар мен токсиндерді шығарады, зат алмасуды реттейді, ішектің шырышты қабығын күшейтеді. Жолжелкен асқазан-ішек жолының тиімді тазартылуына, ұйқы безінің, бауыр мен өт қабының жұмысының жеделдеуіне септеседі, ішектің қимыл қызметін дұрыстайды.

Фенхель дәндерінің сығындысы асқазан-ішек жолы бездерінің секрециясын күшейтіп, асқорыту жүйесінің жұмысын тұрақтандырады, бүйрек қызметін жеделдетеді.

Floracia® пайдалы микрофлораның өсуін жеделдетіп, ішектің жұмысын тұрақтандырады. Токсиндерді жұтып, дәрумендер мен минералдардың сіңірілуіне септеседі.

Детокс 2 қадам Бауыр

Құрамы: «ФЛОРАЦИЯ» тағамдық талшығы, куркума сығындысы, зімбір сығындысы, ащы жалбыз сығындысы, көк шай сығындысы, лимон қабықтарының сығындысы, тары сығындысы.

Белсенді компоненттер:

Куркума сығындысы ағзаны токсиндерден тазартуға жауап беретін ферменттердің өндірілуін жеделдетеді. Куркумин атты куркуманың белсенді заты – бауырдағы триглецидттер мөлшерін азайтатын тиімді құрал, қабынуға қарсы әрекет ететін және өт айдайтын айқын қасиеті бар.

Зімбір сығындысы зат алмасуды күшейтіп, ағзаны токсиндерден тазартып, бауырдың сүзгіш функциясын жақсартуға септеседі. Зімбір сығындысы ағзадан тағамдық, алкогольдік, химиялық токсиндердің барлық түрлерін шығаруға көмектеседі.

Жалбыз сығындысының құрамында өттің ажырауын арттыратын каротин, терпеноидтар, бетаин мен эфир майлары бар. Сондай-ақ, бұл зат түйілуді басатын дәрі ретінде әрекет етіп, жұмсақ бұлшықеттердің тонусын төмендетеді.

Лимон сығындысы бауырды тазартуға септеседі, басқа өнімдердің күші жетпейтін зиянды заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ лимон бауырдағы оттегі мен кальций деңгейін реттейді.

Көк шай сығындысы антиоксиданттарға бай болғандықтан, ол ағзаны бос радикалдардан тазартуға септеседі. Көк шайдың құрамында бауырды уланудан қорғайтын күшті антиоксидант бар.

Тары сығындысының құрамы никотин қышқылына, мыс пен марганецке бай болғандықтан, қан түзілімін жеделдететін, жүрек қантамырларын кеңейтуге септесетін қасиетке ие. Несеп айдағыш қасиеті бар.

Floracia® пайдалы микрофлораның өсуін жеделдетіп, ішектің жұмысын тұрақтандырады. Токсиндерді жұтып, дәрумендер мен минералдардың сіңірілуіне септеседі.

Детокс 3 қадам Бүйрек

Құрамы: «ФЛОРАЦИЯ» тағамдық талшығы, калий цитраты, опунция сығындысы, екпе шиырмақ сығындысы, қырықбуын сығындысы, бөрікгүл сығындысы.

Белсенді компоненттер:

Екпе шиырмақ сығындысы тиімді несеп айдағыш құрал деп саналады әрі ол бүйрек пен қуықта тастың түзілуіне тосқауыл қояды, асқорыту сөлдерінің өндірілуін тұрақтандырады.

Опунция сығындысы қабынуға қарсы әрекет етеді, несеп және өт айдағыш қасиеті бар. Сондай-ақ, оның ісінулерді басатын құрғатқыш әсері де бар.

Бөрікгүл сығындысы биологиялық белсенді заттарға бай. Бөрікгүлдің құрамындағы антиоксиданттардың бауыр жасушаларын бос радикалдардың жойғыш әсерінен қорғайтын қабілеті бар. Ол өтті сұйылтып, оның аққыштық қасиетін арттырып, тастардың түзілуіне тосқауыл қояды. Сондай-ақ, бөрікгүлдің несеп айдағыш қасиеті де бар.

Қырықбуын сығындысы үздік бүйрек тазартқыш құрал деп саналады. Тастардың түзілуіне тосқауыл қояды.

Калий цитраты зәр бөлінуін күшейтеді, бұл ісіну мен уланған жағдайда қандағы токсиндерді тез шығару үшін аса маңызды. Ағзадағы су теңгерімін реттейді. Бүйрек қызметі мен терінің ахуалына жағымды әсер етеді.

Floracia® пайдалы микрофлораның өсуін жеделдетіп, ішектің жұмысын тұрақтандырады. Токсиндерді жұтып, дәрумендер мен минералдардың сіңірілуіне септеседі.

Детокс 4 қадам Микрофлора теңгерімі

Құрамы: «ФЛОРАЦИЯ» тағамдық талшығы, түймедақ сығындысы, фенхель сығындысы, жалбыз сығындысы, «B. bifidum» бифидобактериялары, «L. plantarum» лактобактериялары.

Белсенді компоненттер:

Түймедақ сығындысы асқазан-ішек жолы (әсіресе, колит) мен қуықтың қабынуын басады. Ішектің толқымалы жиырылуын жақсартып, реттейді.

Фенхель сығындысы асқорытуды тұрақтандырады, шектен тыс газ түзілудің алдын алады.

Жалбыз сығындысы ішектің жұмысын дұрыстайды, ауру тудыратын бактериялар мен метеоризмнің тууына кедергі болады.

Бифидобактериялар мен лактобактериялар – қалыпты ішек микрофлорасының өкілдері, фермент түзу, қорыту және сіңіру процестеріне жауап береді. Ішектегі В тобы дәрумендерінің синтезіне қатысады. Ішектің тосқауылдық қызметін қолдап, иммундық жүйені күшейтуге септеседі.

Floracia® пайдалы микрофлораның өсуін жеделдетіп, ішектің жұмысын тұрақтандырады. Токсиндерді жұтып, дәрумендер мен минералдардың сіңірілуіне септеседі.

Бұл кейс ағзаны сатылы түрде ұқыптап тазартуға бағытталған 4 қадамнан құралған. 

1 қадам. Ішекті тазарту

Ересектер күніне 2 рет тамақпен бірге 2 капсуладан ішу керек. Қабылдау ұзақтығы - 10 күн. 

2 қадам. Бауырды тазарту

Ересектер күніне 2 рет тамақпен бірге 2 капсуладан ішу керек. Қабылдау ұзақтығы - 10 күн. 

3 қадам. Бүйректі тазарту

Ересектер күніне 2 рет тамақпен бірге 2 капсуладан ішу керек. Қабылдау ұзақтығы - 10 күн. 

4 қадам. Микрофлора мен асқорытуды тұрақтандыру

Ересектер күніне 2 рет тамақпен бірге 2 капсуладан ішу керек. Қабылдау ұзақтығы - 10 күн. 

Дәрі емес. Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз