Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

«Beauty Box» кейсі

Ағзаның антиоксиданттық қорғанысы

Сыртқы сұлулық – ішкі сұлулықтың айнасы.

BEAUTY BOX экспресс курсы 20 күнде максималды нәтижеге жеткізеді. Кейстің құрамында бір-бірінің әсерін күшейтетін үш белсенді формула бар. Белсенді компоненттер терінің саулығы мен су теңгерімін сақтауға, шаш пен тырнақты нығайтуға септеседі.

  • Beauty Formula қартаю процестерін бәсеңдетуге және кератин мен коллаген синтезін жеделдетуге бағытталған.
  • Antistress Formula жасушаларды терінің, шаш пен тырнақтың күйіне тікелей әсер ететін стрестің жағымсыз әсерінен қорғайды.
  • Collagen Formula тері, шаш және тырнақ жасушаларына қажетті негізгі құрылыс элементтерін жеткізеді.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Әрқайсысы 40 капсуладан 2 кешен

1 кешенде 20 стик

Дәрі емес 

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

2150
!Дүкеннен сатып алуға болады

1. Beauty Formula. СҰЛУЛЫҚ

Белсенді компоненттер терінің, шаш пен тырнақтың ахуалын жақсартуға септеседі.

Бамбук сығындысы (кремнийдің көзі) коллаген мен кератин синтезіне қатысады, терінің, шаш пен тырнақтың қалыпты ахуалына жауап береді.

В5, В6, В8 дәрумендері («сұлулық дәрумендері») жүйке жүйесінің күйіне жағымды әсер етеді, теріні стрестен қорғап, оның сыртқы келбетін жақсартады.

В2 дәрумені тіндер регенерациясына қатысады, УК сәулелерінің әсерінен қорғайды.

А, Е, С дәрумендері жасушаны бос радикалдардан зақымдалудан қорғайды, зақымдалған жасушалардың регенерациясын жеделдетеді, тамырлар мен капиллярлардың беріктігі мен созылғыштығын арттырады.

Қызыл балдырлар сығындысы мен гиалурон сығындысы тері регенерациясын жеделдетеді, терінің солу процесін бәсеңдетуге септеседі.

L-цистеин және метилсульфонилметан (органикалық күкірттің көзі) терінің созылғыштығы мен иілгіштігін сақтауға қатысады.

2. Collagen Formula. БЕЛСЕНДІ АҚУЫЗ коллаген

Теріні, шаш пен тырнақты қоректендіріп, құрылымын жақсартуға арналған:

Коллаген және метилсульфонилметан (органикалық күкірттің көзі) дәнекер тіннің негізі болып табылады әрі терінің, шаш пен тырнақтың созылғыштығын сақтап, құрылымын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Белсенді ақуыз ежелден өзінің күшті регенерациялағыш қасиетімен танымал.

3. Antistress Formula. АНТИСТРЕСС

Белсенді компоненттер сыртқы келбетімізге айтарлықтай әсер ететін күнделікті стрестерді еңсеруге көмектеседі.

Какао полифенолдары, магний В тобының дәрумендері жүйке шаршағанда, жабыққанда жүйке жүйесінің қызметін тұрақтандыруға септеседі.

L-триптофан (алмастырылмайтын амин қышқылы) серотониннің (қуаныш гормонының) биологиялық ізашары болып табылады.

Эшшольция, пассифлора және жаужапырақ сығындылары жүйке жүйесінің жұмысын тұрақтандырады, тыныштандырғыш әсер береді.

RMP-Complex™ – ағзаның мерзімінен бұрын қартаюы мәселелерін тереңнен шешу:

  • күшті антиоксиданттық әсер береді;
  • құрамында табиғи компоненттер бар (анар, гүлшетен, мангостин сығындылары);
  • иммунитетті күшейтеді;
  • жасушалардың бұзылу процесін тоқтатады;
  • қартаюды баяулатады.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

BEAUTY FORMULA

«Таңғы» капсуланың (ақшыл қызғылт түсті) құрамы: бамбук сығындысы, инозитол (В8), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, қызыл темір оксиді)), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), тары сығындысы, С дәрумені (аскорбин қышқылы), Е дәрумені (токоферол ацетаты), RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), марганец L-аспарагинаты, А дәрумені (ретинол ацетаты), мыс L-аспарагинаты, кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсуланың (қызғылт түсті) құрамы: микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), қызыл балдырлар сығындысы, метилсульфонилметан, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, қызыл темір оксиді)), инозитол (В8 дәрумені), мырыш цитраты, гиалурон қышқылы, RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), В5 дәрумені (кальций пантотенаты), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В2 дәрумені (рибофлавин), биотин, кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Күніне «таңғы» және «кешкі» 2 капсуланы қабылдаса, ағзаны төмендегілермен қамтамасыз етуге болады (ҰТТ %-ы / АТД %-ы): инозитол – 125 мг (25 %), мырыш – 7,5 мг (50 %), С дәрумені – 30 мг (50 %), Е дәрумені – 5 мг (50 %), А дәрумені – 0,4 мг (50 %), марганец – 1 мг (50 %), мыс – 0,5 мг (50 %), гиалурон қышқылы – 7,5 мг (15 %), B2 дәрумені – 0,8 мг (50 %), B6 дәрумені – 1 мг (50 %), B5 дәрумені – 3 мг (50 %), биотин – 50 мкг (100 %).

COLLAGEN FORMULA

Құрамы: гидролизделген коллаген, фруктоза, құрғақ шие шырыны, құрғақ қызылша шырыны, мальтодекстрин, табиғи тектес «шие» хош иістендіргіші, метилсульфонилметан, ацерола сығындысы, лимон қышқылы (қышқылдықты реттегіш), С дәрумені (аскорбин қышқылы).

Күніне 2 порция қабылдаса, ағзаны төмендегілермен қамтамасыз етуге болады (ҰТТ %-ы / % АТД): С дәрумені – 60 мг (100 %), глицин – 1,8 г (52 %), пролин – 1 г (22 %). 1 порцияның құрамында: коллаген - 5000 мг, метилсульфонилметан (күкірт) - 250 мг

ANTISTRESS FORMULA

«Таңғы» капсула (ақшыл көк түсті) құрамы: магний цитраты, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, индиготин)), L-триптофан, микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), какао сығындысы, 5-гидрокситриптофан, RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), РР дәрумені (никотинамид), В5 дәрумені (пантотен қышқылы), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (көк түсті) құрамы: магний цитраты, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, индиготин)), инозитол (В8 дәрумені), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), эшшольция сығындысы, пассифлора сығындысы, жаужапырақ сығындысы, RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), РР дәрумені (никотинамид), В5 дәрумені (пантотен қышқылы), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Күніне «таңғы» және «кешкі» 2 капсуланы қабылдаса, ағзаны төмендегілермен қамтамасыз етуге болады (ҰТТ %-ы / АТД %-ы): магний – 60 мг (15 %), теобромин – 6 мг (17 %), В1 дәрумені – 0,7 мг (50 %), В6 дәрумені – 1 мг (50 %), В5 дәрумені – 3 мг (50 %), РР дәрумені – 9 мг (50 %), инозитол – 75 мг (15 %).

Кейстің құрамында белсенді компоненттердің үш еселік әсерін қамтамасыз ететін 3 формула бар.

Таңертең тамақпен бірге қабылдайтын: Beauty Formula 1 «таңғы» капсуласын (ақшыл қызғылт түсті), Antistress Formula 1 «таңғы» капсуласын (ақшыл көк түсті), Collagen Formula 1 стик.

Кешке тамақпен бірге қабылдайтын: Beauty Formula 1 «кешкі» капсуласын (қызғылт түсті), Antistress Formula 1 «кешкі» капсуласын (көк түсті).

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз