Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

«Flex Box» кейсі

Жеңіл әрі еркін қозғалыс

Буындарды сақтауға арналған экспресс-бағдарлама буындарды 20 күнде тез әрі барынша тиімді қалпына келтіреді.     

Спортшылар, бишілер, физикалық еңбекпен айналысатын қызметкерлер секілді қимыл-тірек аппаратына аса көп күш түсіретін белсенді адамдардың бәрі буындарын нығайтып тұруы керек. Буындардың саулығын нығайту жолында GREENFLASH® кешендерінің құрамына кіретін күшті табиғи хондропротекторлар көмекке келеді:

  • Flex Formula – шеміршек тініндегі коллаген синтезін жеделдетеді, буын мен сіңірлердің қарқынды регенерациясын қамтамасыз етеді, қабынуды басуға септеседі.
  • Multivitamin Formula – пайдалы заттардың оңтайлы теңгерімі сақталған дәрумендер мен минералдар көзі, ағзаның стресс пен ауыр физикалық күштен қорғану функциясын іске қосады.
  • Collagen Formula – дәнекер тіннің негізі қызметін атқаратын элементтерді жеткізеді, сүйек және шеміршек тіндерін қоректендіреді, күшті регенерациялағыш әсер береді.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Әрқайсысы 40 капсуладан 2 кешен

1 кешенде 20 стик

Дәрі емес 

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі

2150
!Дүкеннен сатып алуға болады

1. Flex formula. ЕРКІН ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ИІЛГІШ БУЫНДАР

Белсенді компоненттер бұлшықет және шеміршек тіндерінің созылғыштығы мен иілгіштігін сақтауға септеседі, қабынуға және ауырсынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар:

Бамбук сығындысы (кремнийдің көзі) коллаген мен кератин синтезіне қатысады, буын тіндерінің қалыпты жағдайына жауап береді.

Куркума, зімбір және босвелия сығындылары қабыну мен ауырсынуды басатын компоненттер ретінде қолданылады.

CLA (конъюгацияланған линол қышқылы) буындарды майлағыш қызметін атқарады, шеміршек және бұлшықет тіндерінің созылғыштығын сақтайды.

Хондроитин және глюкозамин (адамның шеміршек тінінің құрылымдық баламасы) шеміршек тінінің созылғыштығы мен иілгіштігін сақтайтын маңызды фактор болып табылады, тері, сіңір және байламдарды құрастыруға қатысады.

Метилсульфонилметан (органикалық күкірттің көзі) дәнекер тіндердің, яғни буын, тері, сіңірдің құрылымын сақтауға; кальций жиындыларын бұзуға септеседі.

Мырыш сіңірлердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді, сүйек және шеміршек тініндегі коллаген синтезін жеделдетеді, қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар.

2. Collagen formula. БЕЛСЕНДІ АҚУЫЗ

Буындарды, сүйек және шеміршек тіндерін қоректендіру үшін:

Коллаген және метилсульфонилметан (органикалық күкірттің көздері)           

Олар дәнекер тіннің негізі болып табылады әрі бұлшықет тінінің созылғыштығын сақтауда және буындардың құрылымын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

3. Multivitamin formula. БЕЛСЕНДІ ӨМІРГЕ ҚАЖЕТТІ КҮШ-ҚУАТ

Белсенді компоненттер күнделікті физикалық жүктемелерді еңсеруге көмектеседі әрі олар антиоксиданттық белсенділікке ие, ағзадағы қалпына келтіру процестерін жеделдетеді:

А, Е, С дәрумендері              

Жасушаларды бос радикалдардың зақымынан қорғайды, зақымдалған жасушалардың регенерациясын жеделдетеді, тамырлар мен капиллярлардың беріктігі мен иілгіштігін арттырады. 

В тобының дәрумендері мен магний     

Жүйке жүйесінің жай-күйіне тұрақтандырғыш әсер етеді, шаш пен тырнақтың, терінің сапасын сақтауға септеседі, жүрек-қантамырлар жүйесі мен қанжүру жүйесінің қызметін тұрақтандырады.

Мырыш пен марганец              

Терінің, сүйек және шеміршек тіндерінің, тамырлардың регенерациясын жеделдетеді, қабынуға қарсы әрекет етеді.

RMP-Complex™ – ағзаның мерзімінен бұрын қартаюы мәселесін тереңнен шешеді:

  • күшті антиоксиданттық әсер береді;
  • табиғи компоненттерден құралған (анар, гүлшетен, мангостин сығындылары);
  • иммунитетті күшейтеді;
  • жасушалардың бұзылу процесін тоқтатады;
  • қартаюды бәсеңдетеді.
  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

MULTIVITAMIN FORMULA

«Таңғы» капсула (ақ түсті) құрамы: Vitamin-complex (В8 дәрумені (инозитол), В4 дәрумені (холин), С дәрумені (аскорбин қышқылы), Е дәрумені (токоферол ацетаты), В5 дәрумені (кальций пантотенаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), В2 дәрумені (рибофлавин), биотин), желатинді капсула (желатин, бояғыш (титан диоксиді)), жемістер миксі (құрғақ анар, апельсин, лимон, грейпфрут, алма, банан шырындары), Mineral-complex (темір (II) сульфаты, мырыш цитраты, марганец L-аспарагинаты, мыс L-аспарагинаты, хром пиколинаты, калий йодиді), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (жасыл түсті) құрамы: магний цитраты, жемістер миксі (құрғақ анар, апельсин, лимон, грейпфрут, алма, банан шырындары), желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, патенттелген көк)), микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), Vitamin-Сomplex (РР дәрумені (ниацинамид), В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), В9 дәрумені (фолий қышқылы), В12 дәрумені (цианокобаламин)), RMP-Complex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), кальций стеараты (тасымалдағыш), кремний диоксиді (тасымалдағыш).

Күніне «таңғы» және «кешкі» екі капсуланы қабылдаса, ағзаны төмендегілермен қамтамасыз етуге болады (ҰТТ %-ы / АДТ %-ы): инозитол – 75 мг (15 %), мырыш – 7,5 мг (50 %), С дәрумені – 30 мг (50 %), Е дәрумені – 5 мг (50 %), А дәрумені – 0,4 мг (50 %), марганец – 1 мг (50 %), мыс – 0,5 мг (50 %), В1 дәрумені – 0,7 мг (50 %), В2 дәрумені – 0,8 мг (50 %), В6 дәрумені – 1 мг (50 %), В5 дәрумені – 3 мг (50 %), биотин – 50 мкг (100 %), холин – 75 мг (15 %), темір – 7 мг (50 %), йод – 75 мкг (50 %), хром – 25 мкг (50 %), РР дәрумені – 9 мг (50 %), В9 дәрумені – 100 мкг (50 %), В12 дәрумені – 0,5 мкг (50 %), магний – 20 мг (5 %).

COLLAGEN FORMULA

Құрамы: гидролизделген коллаген, фруктоза, құрғақ шие шырыны, құрғақ қызылша шырыны, мальтодекстрин, табиғи тектес «шие» хош иістендіргіші, метилсульфонилметан, ацерола сығындысы, лимон қышқылы (қышқылдықты реттегіш), С дәрумені (аскорбин қышқылы).

Күніне 2 порция қабылдаса, ағзаны төмендегілермен қамтамасыз етуге болады (ҰТТ %-ы / АДТ %-ы): С дәрумені – 60 мг (100 %), глицин – 1,8 г (52 %), пролин – 1 г (22 %).

FLEX FORMULA

«Таңғы» капсула (ақ түсті) құрамы: куркума сығындысы, желатинді капсула (желатин, бояғыш (титан диоксиді)), босвеллия сығындысы, зімбір сығындысы, бамбук сығындысы, конъюгацияланған линол қышқылы, микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), RMP-Сomplex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), аэросил (тасымалдағыш), кальций стеараты (тасымалдағыш).

«Кешкі» капсула (қоңыр түсті) құрамы: глюкозамин гидрохлориді, желатинді капсула (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді, қызыл темір оксиді, қара темір оксиді)), хондроитинсульфат, метилсульфонилметан, С дәрумені (аскорбин қышқылы), мырыш цитраты, микрокристалды целлюлоза (тасымалдағыш), Е дәрумені (токоферол ацетаты), RMP-Сomplex™ (анар сығындысы, гүлшетен сығындысы, мангостин сығындысы), марганец L-аспарагинаты, мыс L-аспарагинаты, аэросил (тасымалдағыш), кальций стеараты (тасымалдағыш).

Күніне «таңғы» және «кешкі» екі капсуланы қабылдаса, ағзаны төмендегілермен қамтамасыз етуге болады (ҰТТ %-ы / АДТ %-ы): куркумин – 7,5 мг (15 %), мырыш – 7,5 мг (50 %), марганец – 1,0 мг (50 %), мыс – 0,5 мг (50 %), глюкозамин – 105 мг (15 %), хондроитинсульфат – 90 мг (15 %), С дәрумені – 30 мг (50 %), Е дәрумені –5 мг (50 %).

Кейстің құрамында белсенді компоненттердің үш еселік әсерін қамтамасыз ететін 3 формула бар.

Таңертең тамақпен бірге қабылдайтын: Multivitamin Formula 1 «таңғы» капсуласын (ақ түсті), Flex Formula 1 «таңғы» капсуласын (ақ түсті), Collagen Formula 1 стик.

Кешке тамақпен бірге қабылдайтын: Multivitamin Formula 1 «кешкі» капсуласын (жасыл түсті), Flex Formula 1 «кешкі» капсуласын (қоңыр түсті).

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз