Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Greenflash

Life Run

Ағзаны қалпына келтіру

Табиғи компоненттердің бірегей үйлесімділігінің арқасында Greenflash Life Run ағзаға кешенді әсер етеді. Гинкго билоба жапырақтарының сығындысы қан айналымын жақсартып, ми қызметін тұрақтандырады. Долана жапырақтары мен гүлдерінің сығындысы жүрек пен қантамырларға салмақ түскенде қолданса пайдалы. L-карнитин ағзаға күш-қуат беріп, жұмыс өнімділігін арттырады. Е, С дәрумендері мен хромнан құралған антиоксиданттық кешен жасушаларды қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды.

Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. 

Дәрі емес. 

Орамада: әрқайсысы 425 мг-нан 40 капсула

Тіркеу құжаттары сұратым бойынша беріледі.  

 

690
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Жүйке жүйеміз үнемі шаршап жүретіндіктен, ұйқымыз қанбай, дұрыс тамақтанбай жүретіндігімізден, ағзамызға күнделікті едәуір салмақ түседі. Стресс жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын тудырады, когнитивтік қабілеттерді төмендетеді, тез шаршатады. Life Run формуласының құрамында ағзаны қалпына келтіруге септесетін компоненттер бар. 

Белсенді компоненттер:

Цитрусты пектин пайдалы заттардың барынша сіңірілуіне септеседі, қабынуға қарсы әсер етеді, қан айналымын жақсартады. 

L-карнитин ағзаға күш-қуат беріп, жұмыс өнімділігін арттырады. 

Долана жапырақтары мен гүлдерінің сығындысы жүрек пен қантамырларға шектен тыс салмақ түскенде қолданса пайдалы. Ағзаны жүрек-қантамыр ауруларынан табиғи қорғау қызметін іске қосады.

Кверцетин және кемпферол биофлавоноидтері (флавоноидтері) — жүйке жасушаларын қорғап, қалпына келтіруге септесетін табиғи ноотроптар. Ағзаға антиоксиданттық әсер етеді, жүрек тіндерін жағымсыз әсерлерден қорғайды, тамырдың иілгіштігін жақсартады.

С, Е дәрумендері мен хром — антиоксиданттық кешен. Жасушаларды қоректендіріп, бос радикалдардың жағымсыз әсерінен қорғайды. Қандағы глюкоза мөлшерін реттейді.

Кремний диоксиді — тіндерді қалпына келтіретін минерал. Тері мен сүйекті тығыз, шашты мықты қылады. 

  • Ғылымды көп қажет ететін заманауи формулалар – биологиялық белсенді заттардың ағза жүйелеріне тигізетін әсерін зерттеу саласындағы соңғы ғылыми еңбектердің нәтижесі.
  • Кешеннің негізі – жоғары деңгейде сіңірілетін, нақты бір ағза жүйесін барынша тиімді түрде қолдауға бағытталған белсенді заттармен байытылған табиғи компоненттер (дәруменді сығындылар, табиғи шырындар, эфир-майлы компоненттер).
  • Құрамындағы пайдалы заттарды барынша сақтап қалу үшін, белсенді компоненттер жоғары технологиялы әрі мейлінше жұмсақ тәсілмен өңделеді.
  • Барлық формулалар NL компаниясының жеке зерттеу нәтижелерінің негізінде алынған.

Құрамы: цитрус пектині, L-карнитин тартраты, желатин капсуласы (желатин, бояғыштар (титан диоксиді, сары темір оксиді)), долана жапырақтары мен гүлдерінің сығындысы, С дәрумені (аскорбин қышқылы), гинкго билоба жапырақтарының сығындысы, Е дәрумені (токоферол ацетаты), хром пиколинаты, кремний диоксиді (тасымалдағыш), кальций стеараты (тасымалдағыш).

Тәуліктік тұтыну мөлшері ағзаға С дәруменінің (60 мг), Е (10 мг) дәруменінің 100 %-дан кем түспейтін тәуліктік тұтыну мөлшерін, хромның 100 %-дан кем түспейтін адекватты тұтыну мөлшерін (50 мкг) қамтамасыз етеді.

Пайдалану тәсілі және мөлшерлемесі: ересектер күніне 1 рет тамақпен бірге ішуі керек. Қабылдау ұзақтығы — 20 күн.

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

 

Өнім туралы пікірлер Life Run

Сіздің тұрғылықты жеріңіз