Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Vodoley фитошайы

Бүйректі сауықтыруға арналған шай

Vodoley шайы бүйрек пен жалпы зәр шығару жүйесін сауықтыруға, тұз алмасуды тұрақтандыруға, бүйректе тас жиналудың алдын алуға, зиянды заттарды сыртқа шығарып, ағзаның ішкі ортасын тазартуға септеседі. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Бүйрек — ағзамыздың басты «сүзгісі». Күн сайын бүйрек ағзамыздан ақуыз алмасу өнімдерін, қышқылдарды, артық су мен тұздарды, қоректік заттарды, гормондар мен олардың метаболиттерін, экзогенді заттарды шығарып отырады. Сонымен қатар, бүйректің тағы бір қызметі — ағзаның ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерін тұрақты сақтап тұру; артериялық қан қысымын реттеу. Бүйрекке орасан зор салмақ түседі, оның үстіне инфекциялар мен токсиндерден бірінші зардап шегетін де — бүйрек. Сол себепті бүйректі сау күйінде сақтау өте маңызды. 

Көк шай мен Камчатканың алтыншыбығы бүйректі қорғап, онда тас жиналуды болдырмайтын антиоксиданттарға бай. Фенхель шайға хош иісті, ашқылтым-тәтті жұпар сыйлайды, ал нәзік те күшті кардамон реңкі шайдың қайталанбас дәмін аша түседі. 

Vodoley шайының құрамындағы барлық компоненттер белсенді заттар мөлшері бойынша дәл есептелгендіктен, ағзадан зат шығару жүйесіне оң әсер етіп, ағзаны тазартып, ондағы зиянды заттарды сыртқа шығаруға септеседі. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйрегінің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, фенхель (дәндері), кардамон (дәндері), алтыншыбық (шөп), қызылтаспа (шөп).

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 

Алтыншыбық халық медицинасында зәр айдағыш құрал ретінде, сонымен қатар бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Зәр құрамында ақуыз мөлшері тым көп болғанда, шеменмен ауырғанда, ісініп кеткенде қолданылады. 

Фенхель тәбетті ашып, ас қорытуды, ішекті босатуды іске қосады, лактацияны арттырады. Түйілуді басатын, қақырық түсіретін, зәр айдайтын қасиеттері бар. Іш кепкенде, бүйрек-тас және өт-тас ауруларымен ауырғанда қолданылады. 

Қызылтаспа биофлавоноидтер мен дәрумендерге бай. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамында ағзадағы көптеген процестерді реттеп, гормоналдық фонды тұрақтандыратын кремний тұзы бар.

Кардамон асқазан сөлінің бөлінуін жеделдетіп, реттейді, тәбетті ашады, асқорыту процестерін жақсартады, ауырсынуды басатын қасиеті бар, ағзаның жалпы тонусын арттыруға септеседі. 

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, ұйқысыздық, кешкі уақытта қабылдау, асқынған жүйке қозғыштығы.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. Қабылдау курсы - 1 ай.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз