Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Lux фитошайы

Тазартқыш шай

Lux фиошайы — салмақты түзетуге арналған кешенді бағдарламалардың айнымас серігі. 

Бұл тазартқыш шай ішектегі шлактарды шығарып, ағзаны кешенді түрде тазартуға, асқазан-ішек жолының,  бауыр мен өт шығару жолдарының жұмысын қалпына келтіруге септеседі. 

Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Адам, ағзасында жиналып қалатын шлактардан жүйелі түрде тазарып отырғаны абзал. Осылайша жасуша деңгейіндегі процестердің белсенділігін және ағзаның жастығын сақтап қалуға болады. 

Ағзаны кешенді түрде тазартуды ішектен бастаған жөн. Ішектің ластануы минералды заттардың дұрыс сіңірілмеуіне себепкер болатындықтан, ағзада улы ыдырау өнімдері жиналып қалып, олар әлсіздік пен шаршауға, одан соң сырқатқа соқтыруы мүмкін. 

Шайдың құрамындағы мия ішектің жергілікті иммунитетін күшейтсе, зире газ түзілуді болдырмайды, сондықтан адам ағзасы бұл шайды жақсы қабылдайды. 

Lux тазартқыш шайы ішектегі шлактарды шығаруға, ағзаны кешенді түрде тазартуға септеседі, жеңіл зәр айдағыш әсер береді. Аурудың алдын алып, ағзаны емдеп, қалпына келтіретін қасиеттері бар шөптердің үйлесімі ағзаның өзін-өзі тазарту қызметін іске қосып, асқазан-ішек жолының жұмысын қалпына келтіреді. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйрегінің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, піштен (жапырағы), мия (тамыры), қызылтаспа (шөп), зире (дәндері), алтыншыбық (шөп), сынғақ итшомырт (қабығы).

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 

Сынғақ итшомырттың іш жүргізетін қасиеті бар. Халық медицинасында іш қатқанда, геморрой, бауыр ісігі, безгек ауруларына, асқазан мен ішек ауруларына шалдыққанда қолданылады. 

Піштен іш қатқанда, геморройға шалдыққанда қолданылады. Құрамында шайырлы заттар мөлшері аз болғандықтан, ағзаға жақсы сіңеді, ішекті тітіркендірмейді. 

Алтыншыбық халық медицинасында зәр айдағыш құрал ретінде, сонымен қатар бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Зәр құрамында ақуыз мөлшері тым көп болғанда, шеменмен ауырғанда, ісініп кеткенде қолданылады. 

Қызылтаспа биофлавоноидтер мен дәрумендерге бай. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамында ағзадағы көптеген процестерді реттеп, гормоналдық фонды тұрақтандыратын кремний тұзы бар.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, жүктілік, бала емізу, диарея.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз