Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Donna Bella фитошайы

Әйел ағзасының саулығына арналған шай

Бұл шай әйел ағзасының саулығын сақтауға және жастықты ұзартуға септеседі. Donna Bella шай шоғындағы ең керемет гүл — төртжапырақты семізот — әйелдің жыныстық ортасындағы аурулардың алдын алып, емдеудегі тиімділігі бойынша баламасы жоқ фитогормон. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Donna Bella шайының мақсаты — әйел денсаулығын жақсартып, жастығын ұзарту. Батпақ мажыра мен сасықшөптің емдік қасиеті зор, ал екеуі біріккенде әйел ағзасына күшті қорған болады. Donna Bella шай шоғындағы ең керемет гүл — төртжапырақты семізот — әйелдің жыныстық ортасындағы аурулардың алдын алып, емдеудегі тиімділігі бойынша баламасы жоқ фитогормон. Бұл шай эндокриндік бұзылыстарды жоюға, ұйқыны жақсартуға, инфекциялық ауруларға деген төзімділікті арттыруға, климакс кезінде қызуды басуға, ағзаны тыныштандыруға септеседі, етеккір уақытылы келмесе немесе ауыртып келген жағдайда көмектеседі. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйрегінің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, төртжапырақты семізот (тамыры), мажыра (тамыры), сасықшөп (шөп), қызылтаспа (шөп), фенхель (дәндері). 

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 

Қызыл щетка / төртжапырақты семізот — жапырағының пішіні мен түсіне қарай «қызыл щетка» аталып кеткен өсімдік, тек Таулы Алтай аймағында өседі. Иммунтүрлендіргіш әрі адаптоген, табиғи гормон, әйелдің жыныстық ортасындағы ауруларды емдеудегі тиімділігі бойынша баламасы жоқ өнім. Бедеулік, төсек салқындығы, аднексит, климакс, поликистоз, аналық бездің жылауығы, гипотиреоз, мастопатияға шалдыққанда, етеккір циклі бұзылғанда және өзге де гормоналдық бұзылыстарға шалдыққанда қолданылады. Ақыл-ой және дене еңбегінің жұмыс өнімділігін арттырады. Қанның құрамын жақсартады. 

Мажыра өт шығару жүйесіне оң әсер етіп, интоксикацияны басып, жасушаларды жаңартуға септесіп, ағзаны әлдендіреді. Халық медицинасында мажыраның тамырсабағын асқазан ауырғанда, асқорыту мен зат алмасу бұзылғанда, ревматизм, тұмау, тромбофлебит, гипотонияға шалдыққанда, қан кеткенде, сүт безі, ауыз қуысы мен қызылиек аурулары, невралгиялық ауруларға шалдыққанда қолданылады. 

Қызылтаспа ежелгі Русь жерінде бедеуліктен құтқаратын тамаша құрал деп саналған. Жас қызылтаспа өсімдігі нәзік әрі құнарлы болады. Оның құрамында әйелдің нәзік ағзасына оң әсер беретін пайдалы заттардың мөлшері мол. Қызылтаспаның құрамында биофлавоноидтер мен дәрумендерге бай. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамында ағзадағы көптеген процестерді реттеп, гормоналдық фонды тұрақтандыратын кремний тұзы бар.

Фенхель терінің келбетін жақсартады, қартаю процестерін бәсеңдетеді, етеккір циклін реттейді, әйелдік гормоналдық фонға оң әсер етеді.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз