Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Gentleman фитошайы

Ерлер ағзасының саулығына арналған шай

Бұл — ерлер ағзасын сауықтыруға арналған шай, қабынуға қарсы және бактерицидтік әсер беретін қасиеті бар. Gentleman шайының құрамындағы өсімдік текті белсенді заттар ғасырлар бойы халық медицинасында қолданылып келе жатыр әрі қазіргі таңда заманауи ғылыми зерттеулерден өткізілген. 

Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді.

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Ерлер дәрігерге қаралғанды ұнатпайды. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демекші, Gentleman шайымен денсаулығыңызды оңай әрі ыңғайлы күте аласыз. Gentleman шайы — ерлерге арналған сенімді әрі тиімді құрал, оның үстіне дәмі де өте жағымды. 

Gentleman шайының құрамындағы өсімдік текті белсенді заттар ғасырлар бойы халық медицинасының да, заманауи ғылыми зерттеулердің де сынынан сүрінбей өткен. Татқұлақ, батпақ мажыра, маралтамыр, тиынтақ өсімдіктері қуықасты безі аденомасына шалдыққанда профилактикалық және терапевтік құрал ретінде қолданылады. Аталған шөптерден құралған кешен тұтас несеп-жыныс жүйесі мен асқорыту жүйесіне оң әсер етеді, қабынуға қарсы және бактерицидтік әсер беретін қасиеті бар. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйректің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: үнді қара шайы, зімбір (тамыры), күреңот (жапырағы), маралтамыр, татқұлақ, мажыра (тамыры), алтыншыбық (шөп), балдырған (тамыры), тиынтақ, қайың (бүршіктері).

Қара шай әл береді, P дәруменінің белсенділігіне ие, тамыр қабырғасын нығайтады. 

Күреңот бас ауырғанда, ұйқысыздыққа, көз, тері, шырышты қабық ауруларына шалдыққанда, тамақ іскенде, құлақ қабынғанда, асқазан жарасы, іріңді жара шыққанда, анемия мен қаназдықпен ауырғанда қолданылады. Қан түзілімін жеделдету үшін, ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Күреңот халық медицинасында асқазан-ішек жолының жұмысын реттегіш ретінде, тыныштандырғыш, байланыстырғыш, микробқа және қабынуға қарсы әсер ететін құрал ретінде қолданылады. 

Мажыра өт шығару жолдарына оң әсер етеді, улану салдарын басып, жасушалардың жаңаруына септеседі, әлдендіреді. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырсабақтарын іш өткенде, асқазан ауырғанда, асқорыту бұзылғанда, буын мен бұлшықеттер сырқырағанда, қан кеткенде, тұмауға шалдыққанда, ауыз қуысы мен қызылиек ауырғанда, невралгиялық ауруларға, тромбофлебитке, гипотонияға шалдыққанда, зат алмасу бұзылғанда қолданады. Геморройдың алдын алатындықтан, «отырықшы» мамандықтағы адамдарға аса пайдалы.  

Татқұлақ ағзаны әлдендіргіш құрал ретінде қолданылады. Ағзаның зиянды заттардан улануын азайтатын тамаша құрал. Асқазан жарасы, он екі елі ішек аурулары мен асқазан-ішек жолындағы өзге де ауруларға шалдыққанда күшті әсер етеді. Халық медицинасында ісікке қарсы құрал ретінде қолданылады. 

Алтыншыбық халық медицинасында зәр айдағыш құрал ретінде, сонымен қатар бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Зәр құрамында ақуыз мөлшері тым көп болғанда, шеменмен ауырғанда, ісініп кеткенде қолданылады. 

Маралтамыр — ақыл-ой және дене еңбегінен шаршағанда, жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанда, жұмыс өнімділігі төмендегенде, гипотония, импотенция, созылмалы ішкілікке шалдыққанда ағзаны әлдендіргіш, сергіткіш және адаптогендік әсер етеді. 

Тиынтақ ерлердің физикалық белсенділігі мен еркектік қауқарын жандандырады. Асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырады, жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйелерін жандандырып, күшейткіш әсер етеді. Іш өткенде, бас ауырғанда, анемияға шалдыққанда зәр айдағыш және жалпы әлдендіргіш құрал ретінде қолданылады. 

Зімбір халық медицинасында ас қорыту бұзылғанда, сонымен қатар сергіткіш құрал ретінде қолданылады. Қандағы холестерин мен қант мөлшерін азайтып, жыныстық құмарлықты күшейтеді, микробтар мен қабынуға қарсы әсер етеді, түйілуді басады, іштегі желді айдайды, жүрек айнуды басады. 

Қайың бүршіктері суық тиіп ауырғанда, тыныштандырғыш құрал ретінде пайдаланса, гиповитаминоздың алдын алу үшін қолданғанда, тұмау, тыныс алу органдары асқынып ауырғанда, немесе қабынғанда, омыртқа аурулары, артрит, әртүрлі невроздар, жүйке және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққанда пайдаланса, пайдасы зор.

Балдырған қабынуға қарсы әсер етеді, өт айдайтын, тер шығаратын, қақырық түсіретін, зәр айдайтын, тыныштандыратын және асқазанды бүркейтін қасиеттері бар.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындғы кей компоненттерді көтере алмау, асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылу, айқын атеросклероз, гломерулонефрит.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз