Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Prana фитошайы

Тыныс алу жүйесінің саулығына арналған шай

Prana шайының құрамындағы шөптер тынысты ашады. Бұл сусын өкпені шайыр мен шаң-тозаңнан біртіндеп тазартып, тыныс алу жолдарындағы тіндерді қорғап, сырқаттан кейін өкпенің тез қалпына келуіне септеседі. 

Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Еркін тыныс алу — өмірдің негізі. Өкпеден орасан зор ауа массасы өтіп, секунд сайын ағза ми мен жүректің, бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне аса қажет оттегімен қамтамасыз етіліп отырады. Тыныс алу жолына түскен тұмша мен никотиннің жолындағы бірінші тосқауыл өкпе болғандықтан, ол бәрін өзіне сіңіріп алады. Сол себепті әр шеккен темекі, әр көліктен шығарылған газ өкпенің үстіне өзінің «лас ізін» қалдырып кетеді.

Prana шайының құрамындағы шөптер тынысты ашып, өкпені тазартып, оның жұмысын жақсартады. Мия тамырының иммунтүрлендіргіш және адаптогендік әсер беретін және қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Бұл сусын өкпені шайыр мен шаң-тозаңнан біртіндеп тазартуға, тыныс алу жолдарындағы тіндерді қорғауға, сырқаттан кейін өкпе тінін тез қалпына келтіруге, сырқаттың дамуын тоқтатуға септеседі. Бұл шай тәтті әрі жанға жайлы дәмімен, жұпар иісімен баурап алады. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйректің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: үнді қара шайы, мия (тамыры), хош иісті бұрыш (дәндері), апельсин (қабығы), қалампыр (түйнегі).

Қара шай әл береді, P дәруменінің белсенділігіне ие, тамыр қабырғасын нығайтады. 

Мия / қызылмия тыныс алу жолдарындағы эпителийдің сөл бөлу қызметін жақсартуға септеседі, қақырықты сұйылтады, жөтелді жеңілдетеді. Мияның вирусқа және бактерияға қарсы әрекет ететін қасиетінің арқасында тыныс алу мүшелеріне жақсы әсер етеді. Қабынуға қарсы әрекет ететін механизм қабындырғыш ферменттерді басып, интерферонның өндірілуін арттырады. 

Хош иісті бұрыштың антисептикалық әрі қақырықты түсіретін әсері бар. Хош иісті бұрыш қосылған шай асқазан ауырғанда және метеоризмге шалдыққанда көмекке келеді. 

Қалампыр тыныс алу жолдарының әртүрлі ауруларына шалдыққанда тынысты ашу үшін қолданылады. Паразиттерге, микробтарға, жүрек айнуға қарсы әсер ететін, ауырғанды басатын қасиеті бар. 

Апельсин әл береді, асқорытуды жақсартады, фитонцидтік қасиеттерінің арқасында микробқа қарсы әсер ететін қасиеті бар.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, ұйқысыздық, кешкі уақытта қабылдау, асқынған жүйке қозғыштығы.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз