Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Liverpool фитошайы

Бауырды тазартатын шай

Liverpool шайы бауырға, ұйқы безіне және өт шығару жүйесіне кешенді әсер етеді. Тазартқыш қасиетінің арқасында өттің іркілуін тоқтатып, ыдырау өнімдерін шығарып, ағзаға күшті кешенді қорғаныш қызметін көрсетеді. 

Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Бауыр – ағзаны тазартып, ақуыздар мен дәрумендерді синтездейтін нағыз «фабрика». Бауыр асқорыту жүйесінің жұмысына қатысып, энергетикалық процестерді реттейді. Бұл мүшенің барлық қызметін санап тауыса алмайсың. Алайда қоршаған ортаның әсерінен, инфекциялардың, дұрыс тамақтанбаудың, ішімдік пен қозғалысы аз өмірдің салдарынан бауыр қорғаныш пен қолдауға мұқтаж бола бастайды. 

Бауырды жүйелі түрде тазартып тұру арқылы өттің іркілуін тоқтатып, жаңару процестерін жандандырып, ыдырау өнімдерін сыртқа шығарып, ағзаны ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардан қорғайтын күшті кешенді қалқанмен қамтамасыз етуге болады. 

Аталған мәселелерді шешу үшін, Liverpool шайы жасап шығарылды. Ол бауырға, ұйқы безі мен өт шығару жүйесіне кешенді әсер етіп, осы мүшелердің қызметін оңтайландырып, ауру-сырқаттардың алдын алады. Бұл сусын әдетте шай ретінде қолданылатын өсімдіктерден жиналған, дәмі тәтті әрі жанға жайлы.

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйректің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, алатікен (дәндері), бәден (дәндері), қызылтаспа (шөп), ошаған (шөп), шоқсары (шөп). 

Алатікен зақымдалмаған гепатоциттерді қорғап, олардың инфекциялар мен әртүрлі заттардан улануға қарсы төзімділігін арттырады. Алатікен өттің түзілуін күшейтіп, оның ағзадан шығуын жеделдетеді, осылайша ас қорыту және зат алмасу процестерін тұрақтандырып отырады.

Ошағанның микробқа қарсы, қабынуға қарсы әсер ететін, әл беретін, өт айдайтын, ауырсынуды басатын, қан тоқтататын, байланыстыратын, ішек құрттарына, ісікке қарсы әсер ететін қасиеттері бар.

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады.

Шоқсары өт айдайды, сөл айдайды, қабынуға қарсы әсер етеді, тамырларды нығайтады, адаптогендік әсер береді. Асқазан-ішек жолы мен өт жолында қабынба аурулары пайда болғанда қолданылады. Өттің бөлінуін 40-50%-ға арттырып, жалпы қасиетін жақсартады. Бауыр мен өт жолы ауруларына шалдыққанда кеңінен қолданылады. Бауырдың қызметін реттейді.

Бәден спазмолитикалық және секретолитикалық әсері бар. Ішектегі шіріткіш және ашытқыш процестерді бөгейді, іш қуысындағы мүшелердің түйілуін басады.

Қызылтаспа биофлавоноидтер мен дәрумендерге бай. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамында ағзадағы көптеген процестерді реттеп, гормоналдық фонды тұрақтандыратын кремний тұзы бар.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, жүктілік, бала емізу.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз