Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Atlantea фитошайы

Буындарды нығайтатын шай

Буынды сауықтыруға арналған Atlantea шайының құрамындағы шөптер композициясы зат алмасуды тұрақтандырып, буын тіндерінде тұз жиналып қалуын болдырмай, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттыруға септеседі. 

Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Ежелгі грек мифологиясына үңілер болсақ, атланттар дегеніміз — аспан күмбезін иығымен көтеріп тұратын жаратылыстар. Оның құрметіне адам қаңқасындағы бірінші мойын омыртқаның аты аталған. Шындығында, денеміздің әр буынын «атлант» десек те болады. Буыны сау адам ғана еркін қозғалыстың қуанышын сезініп, белсенді өмір салтын жүргізе алады. 

Буынды сауықтыруға арналған Atlantea шайының құрамындағы шөптер композициясы зат алмасуды тұрақтандырып, буын тіндерінде тұз жиналып қалуын болдырмай,  олардың қызметін сақтап тұрады; ағзаның жұмыс өнімділігі мен белсенділігін арттырып, ревматизм, подагра, омыртқа ауруларына шалдыққанда қайта қалпына келтіргіш әсерімен көмектеседі. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Бүйрегінің сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, алтыншыбық (шөп), мажыра (тамыры), қызылтаспа (тамыры), жебіршөп (шөп), лимон (қабығы).

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 

Алтыншыбық халық медицинасында зәр айдағыш құрал ретінде, сонымен қатар бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Зәр құрамында ақуыз мөлшері тым көп болғанда, шеменмен ауырғанда, ісініп кеткенде қолданылады. 

Жебіршөп антисептикалық қасиеті бар, асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді, асқазан-ішек жолындағы түйілуді басады, ішек микрофлорасын тұрақтандырып, іштегі желдің шығуын жақсартады. 

Мажыра өт шығару жүйесіне оң әсер етіп, интоксикацияны басып, жасушаларды жаңартуға септесіп, ағзаны әлдендіреді. Ревматизм, тромбофлебит, гипотонияға, невралгиялық ауруларға шалдыққанда, зат алмасу бұзылғанда қолданылады. 

Лимон — табиғи хош иістендіргіш әрі антиоксидант, сусынға жанға жайлы дәм мен хош иіс береді. 

Қызылтаспа биофлавоноидтер мен дәрумендерге бай. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамында ағзадағы көптеген процестерді реттеп, гормоналдық фонды тұрақтандыратын кремний тұзы бар.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, жүктілік, бала емізу.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз