Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Valery фитошайы

Тыныштандырғыш шай

Стреске тойтарыс беруде таптырмас құрал. Әдетте халық медицинасында тыныштандырғыш шөптер ретінде қолданылатын өсімдіктердің оңтайлы үйлесімі осы шайда жинақталған. Valery фитошайының құрамындағы белсенді компоненттер физикалық ахуалды жақсартып, шаршау мен шектен тыс қозғыштықты басуға септесіп, бойға күш-қуат береді. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Бүгінде стресс адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып кеткені соншалық, адам оған кез келген жағдайда шалдығып қалуы мүмкін. Бірақ, бір қызығы стрестің тек теріс әсері болады деуге келмейді. Стреске шалдыққанда ағза ауыр жұмысты еңсеріп, әсерлі эмоциялар мен жарқын сәттер секілді экстремалды жағдайлардан шығу тәсілін табу үшін, бойдағы бар күш-қуатын жұмылдыра бастайды. Дегенмен стреске шалдыққанда ағзаға түсетін салмақтың шамадан асып кетпеуін қадағалалап, артынша денсаулыққа қауіп-қатер келтіруіне жол бермеуіміз керек. Созылмалы шаршаңқылық, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, қозғыш ұстамалар, аллергия — стрестің салдарынан туындайтын аурулардың тізімінің бір бөлігі ғана. Ешқандай шара қолданбаса, симптомдар жинала беріп, ауру тудырады. 

Valery фитошайы — стреспен күресуге көмектесетін тамаша құрал. Әдетте халық медицинасында тыныштандырғыш шөптер ретінде қолданылатын өсімдіктердің оңтайлы үйлесімі осы шайда жинақталған. Шайдың атауы латынша valery сөзінен шыққан, аудармасы — «деннің саулығы», және бұл атау осы бір сусынның қасиетіне толық сәйкес келеді. Valery фитошайы физикалық ахуалдың жақсаруына, шаршауды басуға, күш-қуатты қалпына келтіруге септеседі. Бұл шайдың құрамындағы шөптерді бастың сақинасы ұстағанда, ұйқысыздыққа, асқынған қозғыштыққа шалдыққанда, жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты асқорыту жүйесі бұзылғанда пайдаланған жөн.

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Денсаулығын күтетін жандарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: түймедақ (гүлдері), алма (кептірілген жемістері), сасықшөп (шөп), даршын (қабығы).

Сасықшөп жүйке және жүрек-қантамыр жүйесін тыныштандырады, жүректің жиырылу ырғағын бәсеңдетіп, күшін арттырады, артериялық қан қысымын түсіреді. Сасықшөпті асқынған жүйке қозғыштығына, истерия, ипохондрия, кардиосклероз, стенокардия, климакс, невралгия ауруларына, жүрек-қантамыр неврозы, гипертониялық аурудың бастапқы сатыларында қолдану ұсынылады. 

Түймедақ тыныштандырады, жүйке жүйесін тұрақтандырады, бас ауруын басып, артериялық қан қысымын үйлестіріп, қан айналымын жақсартады. Түймедақты қолданса, жүректің жұмысы жанданып, тыныс тереңдей түседі. 

Алма жүрек пен тамырлардың қалыпты жұмысын арттырады, тәбетті жақсартады, қаназдықтың алдын алу үшін қолданғанға тиімді, жарақат алып, күйіп қалып немесе инфекциялық аурулармен ауырғанда тез жазылуға көмектеседі. 

Даршын асқорытуды, қан айналымын және тыныс алуды жеделдетеді, антисептикалық, фунгицидтік және бактерицидтік әсер береді. Асқорытуды жақсарту үшін, салқын тигенде, құздама болып ауырғанда, гастритке шалдыққанда, асқазан ауруын басу үшін қолданылады. 

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз