Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Vitaplus фитошайы

Дәруменделген шай

Vita Plus шайы — ағзаның өмірлік күшін қалпына келтіретін, асқорыту мүшелеріне оң әсер етіп, ағзаның жалпы ахуалының жақсаруына септесетін емдік шөптердің хош иісті купажы. Бұл сусынды белсенді, шапшаң адамдарға ұсынуға болады. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Ағзада дәрумендер мөлшерінің жеткілікті болуы — ағзаның жалпы хал-ахуалын анықтайды. Дәрумендер зат алмасу процесінің қалыпты жүруі үшін, жұмыс өнімділігі мен қорғаныш күштерін арттырып, әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін азайту үшін керек. Алайда адам ағзасы дәрумендерді ұзақ уақытқа қор етіп жинап қоя алмайды, сондықтан ағза дәрумендерді әрдайым сырттан алып отыруы керек. Ерте көктемде дені сау адамдардың 80 %-ында жалпы дәрумен жетіспеушілігінің байқалатыны бекер емес. Соның салдарынан адам тез шаршайды, өмір тонусы мен инфекцияларға қарсы төзімділігі төмендейді, ұйқысы бұзылады. 

Vita Plus иммунитетті күшейтіп, ағзаның жалпы ахуалының жақсаруына септеседі. Бұл сусын белсенді өмір салтын ұстанатын жандарға тамаша үйлеседі, оны ересектерге де, балаларға да ішуге болады. Өсімдік тектес дәрумендерден аллергиялық реакциялар сирек туындайды, әрі туындаса да, адам оны жеңіл өткереді. Ағзаңыз денсаулыққа қажетті барлық пайдалы заттарды алып отырады, ал сіз орман жидектерінің дәмінен ләззат аласыз. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Жүрек пен қантамырларының сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: үнді қара шайы, долана (жемістері), күреңот (жапырағы), каркаде (бөрітарақ), итмұрын (жемістері), шетен (жемістері), татқұлақ (жемісті ағаш).

Долана жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етеді. Оның құрамындағы компоненттер жүректің қан тарататын тамырларын кеңейтіп, қан айналымын арттырады, жүректің жиырылу ырғағын азайтып, күшін арттырады. Долана артериялық қан қысымын төмендетеді, холестерин мөлшерін тұрақтандырады, антиоксиданттық әсері бар. 

Қара шай әл береді, P дәруменінің белсенділігіне ие, тамыр қабырғасын нығайтады. 

Күреңоттың адам шаршағанда, әлсіреп-жүдегенде ағзаға тигізер пайдасы зор, ол ағзаны шлактардан тазартады, қан түзілуін жеделдетеді, ішектің жұмысын тұрақтандырады, ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттырады. 

Каркаде (гүл жапырақтары) — бұл өсімдіктің жапырақтарының құрамында алуан түрлі органикалық қышқылдар бар, олар дәрумендер мен өзге де микроэлементтермен бірігіп, сусынды тамаша иммунтүрлендіргішке айналдырып, тыныштандырғыш қасиетке байытады. 

Итмұрынның қайта қалпына келтіргіш қасиеті бар, ақыл-ой және дене еңбегінің жұмыс өнімділігін арттырып, негізгі зат алмасуды іске қосады. Асқынған және созылмалы инфекцияларға шалдыққанда, жаралар ұзақ уақыт жазылмай, сынған жерлер бітпей кеткенде, сонымен қатар ағзаның әртүрлі ауруларға қарсы жалпы төзімділігін арттыру мақсатында қолдану ұсынылады. Белгілі адаптогендер қатарына жатады, яғни ағзаны қорғашан ортаның жағымсыз әсерлеріне бейімдей алады. 

Сібір шетені халық медицинасында құрамы каротинге бай поливитаминді құрал ретінде қолданылады, сонымен қатар ол зат алмасуды тұрақтандырады. 

Татқұлақ тамаша антисептикалық және антибактериялық қасиетке ие, ол иммундық жүйені күшейтіп, зат алмасуды тұрақтандырып, жұмыс өнімділігін арттыруға септеседі. 

 

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек. Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу, жүрек-қантамыр аурулары, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, ұйқысыздық, кешкі уақытта қабылдау, асқынған жүйке қозғыштығы.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз