Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Cardelis фитошайы

Жүрек-қантамыр жүйесін нығайтатын шай

Cardelis шайы қан қысымын тұрақтандырып, көптеген ауруларды сәтті түрде бөгеуге септеседі. Емдік шөптердің дәл есептелген композициясы жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етіп, жүрекке сенімді қорған болып, қантамырлардың қабырғаларын нығайтады. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Жүрек үздіксіз жұмыс істеп тұрады, себебі оның қызметінсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Жүрек — тәулік бойы еңбектенетін, ағзаның ең еңбекқор мүшесі. Жүрек қажетті тамырларға қан тарататын күшті компрессордың қызметін атқаратындықтан, адам ағзасының жұмысы тұрақты жүріп тұрады. Сонымен қатар, ағзаның бұл мүшесі басқа мүшелерге белгілі бір мөлшердегі қанды береді. Жүректің саулығы — белсенді әрі ұзақ өмірдің айқындаушы шарты. Стресс, дұрыс тамақтанбау, ауру-сырқау — жүректің жұмысын бұзуы мүмкін себептің бір бөлігі ғана. Ал оның салдары бәрімізге де аян — сырқат,  гипертония, тамыр аурулары. 

Cardelis шайы қан қысымын тұрақтандырып, көптеген ауруларды сәтті түрде бөгеуге септеседі. Емдік шөптердің дәл есептелген композициясы (долана, қырмызыгүл және сасықшөп) жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етеді. Қаражемісті шетен мен қызыл шетеннің қосындысынан таңғажайып дәм пайда болып, жүрек сенімді қорғанға ие болады. Cardelis қантамырлардың қабырғаларын нығайтуға, орталық жүйке жүйесін тыныштандыруға септеседі. Бұл сусын әдетте шай ретінде қолданылатын өсімдіктерден даярланған әрі оның жемісті жұпар иісі керемет. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Жүрек пен қантамырларының сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: каркаде, долана (жемісі), сасықшөп (шөп), итмұрын (жемісі), шетен (жемісі), жалбыз (жапырағы), қырмызыгүл (гүл жапырақтары).

Долана жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етеді. Оның құрамындағы компоненттер жүректің қан тарататын тамырларын кеңейтіп, жүректегі қан айналымын арттырады, жүректің жиырылу ырғағын азайтып, күшін арттырады. Долана артериялық қан қысымын төмендетеді, жүректің ырғағы бұзылғанда көмектеседі. 

Каркаде / бөрітарақ холестерин мөлшерін азайтады, антиаллергиялық белсенділігі бар, ішімдіктің улы әсерінен қорғайды. Бұл өсімдік қосылған сусынның суыған кезінде қан қысымын түсіріп, ал ыстық күйінде көтеретіні анықталды. Бөрітарақтың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер кешені ағзаға өмірлік энергия беріп, тонусты орнына келтіреді. 

Сібір шетені артериялық қан қысымын түсіріп, қантамырлардың қабырғаларын нығайтуға септеседі. Подагра, ревматизм, артериялық гипертензия, атеросклероз, қант диабетіне шалдыққанда зат алмасуды тұрақтандырғыш және қырқұлаққа қарсы құрал ретінде қолданылады. 

Қырмызыгүл орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Рефлекстік қозғыштық пен артериялық қан қысымы деңгейін төмендетіп, жүректің жұмысын арттырады, жүректің ырғағын бәсеңдетеді. 

Сасықшөп жүйке және жүрек-қантамыр жүйесін тыныштандырады, жүректің жиырылу ырғағын бәсеңдетіп, күшін арттырады, артериялық қан қысымын түсіреді. Сасықшөпті асқынған жүйке қозғыштығына, истерия, ипохондрия, кардиосклероз, стенокардия, климакс, невралгия ауруларына, жүрек-қантамыр неврозы, гипертониялық аурудың бастапқы сатыларында қолдану ұсынылады.

Итмұрынның қайта қалпына келтіргіш қасиеті бар, ақыл-ой және дене еңбегінің жұмыс өнімділігін арттырып, негізгі зат алмасуды іске қосады. Антисклеротикалық құрал ретінде қолданылады. Белгілі адаптогендер қатарына жатады, яғни ағзаны қорғашан ортаның жағымсыз әсерлеріне бейімдей алады. 

Жалбыз (жапырағы) сусынның дәмін ерекше етеді, сонымен қатар бұл өсімдік эндокриндік жүйенің бұзылуынан пайда болатын инфаркт, аритмия, стрестің әсері секілді сырқаттардың салдарын емдейтін халықтық құрал ретінде қолданылады.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек. Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, жүктілік, бала емізу.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз