Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Green Gold фитошайы

Жасартқыш шай

Ішкі ағзаны тазартуға септеседі, зат алмасуды жеделдетеді, ақыл-ой және дене еңбегі белсенділігін арттырады, антиоксиданттық әсер беретін қасиеті бар. Бұл шайды тұрақты түрде ішіп жүретін болса, ағзаны тұмау мен суық тиюден қорғап, көптеген созылмалы аурулардың алдын алуға болады. 

Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Өмірді артқа айналдыра алмайсың, уақытты да бір сәтке болсын тоқтату мүмкін емес. Бірақ қартаю процестерін бәсеңдетіп, ағзаны күнделікті жағымсыз факторлардың (ауа райы жағдайы, күннің белсенділігі, автокөліктерден шығатын газдар, өндірістік өнеркәсіптердің шығарындылары, электрмагниттік сәулелер) әсерінен қорғау — өз қолымызда. 

Green Gold шайының құрамына ерекше өсімдіктер — табиғат-ананың «жасыл алтыны» қосылған. Бұл шөптер ағзаға жасартқыш әсер беріп, ағзаның жалпы ахуалын жақсартады. Курил шайы мен қызылжидек ағзадағы зиянды заттарды сыртқа шығарып, зат алмасу процестерін тұрақтандырады. Ал лимон қабығы мен зімбірдің бой сергітер реңкі шайға қанық дәм мен еліктіргіш жұпар иіс сыйлайды. 

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Денсаулығын күтетін жандарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: көк шай, курил шайы (жапырағы), алтыншыбық (шөп), қызылжидек (жапырағы), зімбір (тамыры), лимон (қабығы).

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 

Курил шайы — радиопротекторлық қасиеті, яғни радиоактивті заттарды жұтып, олардың ағзаға таралуын болдырмайтын қасиеті бойынша еш баламасы жоқ өнім. Микробқа қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін, өт айдайтын, қан тоқтататын, байланыстыратын және антиоксиданттық әсер беретін қасиеті бар. 

Алтыншыбық халық медицинасында зәр айдағыш құрал ретінде, сонымен қатар бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Зәр құрамында ақуыз мөлшері тым көп болғанда, шеменмен ауырғанда, ісініп кеткенде қолданылады. 

Қызылжидек қуық пен несеп жолдары ауруларына, несеп-тас ауруына, қышқылдығы төмен гастрит, артрит, подаграға шалдыққанда зәр айдағыш және дезинфекциялағыш әсері үшін пайдаланылады. Қабынуға қарсы әсер етіп, ауырсынуды басады. Тұз алмасуды қалпына келтіру құралы ретінде ежелден бері қолданылып келе жатыр. 

Лимон ағзаны шлактардан тазартып, асқазан-ішек жолының жұмысын реттейді. Оның құрамында ағзадағы холестерин мөлшерін 35–40 %-ға төмендететін және атеросклероздық түйіндердің түзілуіне тосқауыл қоятын заттар бар. Лимон қабығындағы эфир майларының әсерінен антидепрессант қызметін атқарады. Сусын жақсы дәм береді. 

Зімбір асқорытуды жақсартады, әсіресе ақуыздың жақсы сіңуіне септеседі, антиоксиданттық, қабынуға және микробқа қарсы әрекет етеді, түйілуді басады, іштегі желді айдайды, жүрек айнуды басады, қандағы қант пен холестерин мөлшерін азайтып, ішімдіктің зиянды әсерінен қорғайды.. Тыныс алу органдарының асқынған аурулары мен тұмаумен ауырғанда көмектеседі, ағзаның жалпы тонусын арттырады.

 

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, жүктілік, бала емізу.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз