Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Herbal Tea

Antitox фитошайы

Антиоксиданттық шай

Antitox шайының құрамындағы қызықжидек жапырағы, гүлшетен мен жебіршөп — күшті табиғи антиоксиданттар. Бұл өсімдіктер ағзадан зиянды заттарды тез шығарып, әлдендіруге септеседі. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 

40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)

Ресейде өндірілген

370
!Дүкеннен сатып алуға болады

Адам күнделікті қоршаған ортаның жағымсыз факторларына душар болады, олар: ауа райы, автокөліктерден шығатын газ, күннің белсенділігі. Қоршаған ортаның агрессивті әсері ағзадағы бос радикалдардың (тұрақсыз оттегі молекулалары) артуына соқтырады. Олар жасушалардың жарғақшаларын бұзып, ауру тудырады, қартаю процестерін жеделдетеді. Антиоксидант-заттар бос радикалдарды байланыстырып, тізбекті бұзғыш реакцияны тоқтатып, адамды аурудан қорғап, қартаюды бәсеңдетеді. 

Antitox шайының құрамында курил шайы, қызылжидек және жебіршөп секілді табиғи антиоксиданттар бар, олар жасушаларды бос радикалдардан қорғайды. Бұл өсімдіктердің құрамында иммунитетті күшейтуге қажетті минералдар мен дәрумендер бар, олар ағзадағы токсиндерді сыртқа шығарады, тамаша сергіткіш қасиеті де бар.

Кімдерге арналған?

Дәмді шай ішкенді ұнататындарға.

Жүрек пен қантамырларының сау болғанын қалайтындарға.

Шай құрамының табиғи әрі қауіпсіз болғанын қалайтындарға.

Шай ішу рәсімінің жайлы болғанын бағалайтындарға.

Үйреншікті дәм. Enerwood Herbal Tea шайлары сапалы қара және көк шайлардың негізінде әзірленіп, пайдалы фитокомпоненттерге байытылған. Бұл – өте дәмді шайлар, сондықтан оны дәріханада сатылатын фитошайларға қарағанда қиналмай, сүйсініп ішесіз.

Камчатканың эндемдік шөптерінен әзірленген. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері табиғи өсімдіктердің молшылығымен танымал Камчатканың экологиялық таза аудандарында өсірілген. Муссондық климат, оттегіге бай ауа, сансыз тұщы көлдер мен өзендер – осының бәрі емдік өсімдіктерді табиғи түрде құнарландыруға мінсіз жағдай жасайды.

Жоғары сапа. Enerwood Herbal Tea фитошайларының ингредиенттері айрықша жеңілдетілген тәсілмен көп сатылы тазарту мен сүзуден өткізіледі, осылайша шайдың пайдасы барынша сақталып қалады. Компоненттерді зертханада талдау арқылы әр шай қорабындағы активтердің құрамын дәл есептеу мүмкіндігі артады.

Дұрыс оралған орама. Enerwood Herbal Tea қалташалары ішінде қосымша көлем болатындай етіп жасалған, осының арқасында шай жапырақтары дұрыс ашылып, сусынның тіл үйірер дәмінің сапасы сақталып қалады.

Құрамы: көк шай, курил шайы (жапырағы), алтыншыбық (шөп), қызылжидек (жапырағы), жебіршөп (шөп), гүлшетен (жапырағы).

Курил шайы — радиоактивті заттарды жұтып, оның ағзада таралуына тосқауыл қоятын қабілеті, яғни радиопротекторлық қасиеті бойынша баламасы жоқ өнім. Микробқа қарсы әрекет ететін, қақырық түсіретін, өт айдайтын, қан тоқтататын, байланыстыратын және антиоксиданттық қасиеті бар. 

Көк шай жүрек пен орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырып, жұмыс өнімділігі мен белсенділікті арттырады, күйзеліс пен шаршауды басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін бәсеңдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырдың ахуалын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 

Алтыншыбық халық медицинасында зәр айдағыш құрал ретінде, сонымен қатар бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Ағзадағы артық сұйықтықты токсиндермен бірге сыртқа тиімді шығарады.

Қызылжидек қуық пен несеп жолы ауруларына, несеп-тас ауруларына, қышқылдығы төмен гастрит, артрит, подагра ауруларына шалдыққанда зәр айдайтын және дезинфекциялық құрал ретінде қолданылады. Қабынуға қарсы әсер етіп, ауырсынуды басады. Ежелден бері тұз алмасуды қалпына келтіретін құрал ретінде пайдаланылады. 

Жебіршөптің антисептикалық қасиеті бар, ол асқазан сөлінің бөлінуін жеделдетіп, асқазан-ішек жолындағы түйілуді басады, ағзадағы газдың сыртқа шығарылуын жақсартып, ішек микрофлорасын тұрақтандырады. 

Гүлшетен өт және зәр айдайтын қасиетке ие, үздік антиоксиданттардың бірі. Тыныс алу мүшелері ауырғанда, жұтқыншақ пен көмекей қабынғанда, суық тиіп, бас ауырғанда, асқазан-ішек, жүрек-қантамыр және тері ауруларына шалдыққанда гүлшетеннің көмегі зор.

Бір фильтр-қалташа салынған ыдысқа 200 мл қайнаған су құйып, арасында араластырып тұрып 20 минуттай демдеңіз, содан соң қалташаны сүзіп не сығып алыңыз.

Тек сусын ретінде қолданылады.

Қалауыңызға қарай қант, бал, лимон қосуыңызға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан адамдар емдеуші дәрігерімен ақылдаса отырып қолдануы керек. Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Қарсы көрсетімдер: ББҚ құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау, асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жоғары артериялық қан қысымы, жүректің жұмыс істеу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, жүктілік, бала емізу.

Пайдалану жөніндегі кеңестер: ересектер күніне 2 рет ½ стақаннан (100 мл) тамақпен бірге ішуі керек. Демделген тұнбаны тоңазытқыш ішінде 2 тәулік сақтауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз