Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Шоколад пен қараөрік қосылған жемісті батончик

Шоколадқа малынған қараөрік – күш-қуатыңды тасытатын пайдалы ас. Батончиктің дәмі бойыңды сергітсе, қараөріктің қышқылтым дәмі мен қанық шоколад дәмі нағыз рахат сыйлайды!

Нетто массасы: 40 г

Ресейде шығарылған

50 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Шоколадқа малынған қараөрік Joyfield жемісті батончигі – қарын ашу сезімін басатын әрі иммунитетті нығайтатын пайдалы да өте дәмді ас. Құрамының 83%-дан астамы жемістерден тұрады. Құрамындағы табиғи антидепрессант – какаоның арқасында батончик бойыңызға энергия толтырып, көңіл күйіңізді көтереді. Батончик адамға қажетті дәрумендер, микроэлементтер мен жасуныққа бай. Joyfield – нағыз күннің астында піскен жеміс-жидектердің табиғи дәмі. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғанды ұнататындарға.
  • Қант қосылмаған тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Дүкендегі жемістерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Energy Life батончиктерінің құрамында – тек қана табиғи жолмен піскен, өсіп-өнген жерге жақын маңда өңделген (ГМА мен химикаттарсыз) жеміс-жидектер.
  • Минимум фруктоза. Ұқыптап әзірлеудің арқасында (қайнатпай) жеміс-жидектердің табиғи тәттілігі сақталып қалады.
  • Диеталық, вегетариандық және жеңіл тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.
  • Балаларға да пайдалануға болады. Ақыл-ой белсенділігін арттырып, иммундық жүйені жақсартады.

Қараөрік, мейіз, кептірілген алма, фруктоза, қант, какао-майды алмастырғыш, какао ұнтағы, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант), лецитин (эмульгатор), аскорбин қышқылы (антиоксидант), «Ванилин» хош иістендіргіші.

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 40 г-да

Белки, г

3

1

Майлар, г

6,5

2,5

Көмірсулар, г

76

30

Калориялығы, ккал (кДж)

340 (1420)

140 (590)

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тамақтың калориясын азайту үшін пайдалануға болады. Шоколадқа малынған қараөрік Joyfield жемісті батончигі көмірсу алмасуын оңтайландырып, ішек мәселелерінен арылтады. Құрамындағы какаоның әсерінен күш-қуатты тасытып, көңіл күйді көтереді.

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз