Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Шоколад пен құлпынай қосылған жемісті батончик

Піскен құлпынай мен шоколад біріккенде көңіл күйді көтеретін таңғаларлық тәтті пайда болады. Мұндай классикалық дәмдер үйлесімін «ғашықтар десерті» деп атап кеткен. 

Нетто массасы: 40 г

Ресейде шығарылған

50 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Шоколадқа малынған құлпынай Joyfield жемісті батончигі – қарын ашу сезімін басатын әрі иммунитетті нығайтатын пайдалы да өте дәмді ас. Құрамындағы табиғи антидепрессант – какаоның арқасында батончик бойыңызға энергия толтырып, көңіл күйіңізді көтереді. Батончик адамға қажетті дәрумендер, микроэлементтер мен жасуныққа бай. Joyfield – нағыз күннің астында піскен жеміс-жидектердің табиғи дәмі. 

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғанды ұнататындарға.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Дүкендегі жемістерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Energy Life батончиктерінің құрамында – тек қана табиғи жолмен піскен, өсіп-өнген жерге жақын маңда өңделген (ГМА мен химикаттарсыз) жеміс-жидектер.
  • Минимум фруктоза. Ұқыптап әзірлеудің арқасында (қайнатпай) жеміс-жидектердің табиғи тәттілігі сақталып қалады.
  • Диеталық, вегетариандық және жеңіл тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.
  • Балаларға да пайдалануға болады. Ақыл-ой белсенділігін арттырып, иммундық жүйені жақсартады.

Кептірілген өрік, жаңа мұздатылған құлпынай, кептірілген алма, мейіз, ананас, қант, какао-майды алмастырғыш, какао ұнтағы, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), қара сәбіздің концентрацияланған шырыны, калий сорбаты (консервант), лецитин (эмульгатор), аскорбин қышқылы (антиоксидант), табиғи «Құлпынай», «Ванилин» хош иістендіргіші.

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 40 г-да

Ақуыздар, г

3,5

1,5

Майлар, г

7

3

Көмірсулар, г

75

30

Калориялығы, ккал (кДж)

350 (1460)

140 (590)

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тамақтың калориясын азайту үшін пайдалануға болады. Құлпынайдың құрамындағы С дәруменінің арқасында иммунитет нығайып, байланыстырғыш тіндер қалпына келтіріледі. Тағамдық талшықтар шлактар мен токсиндердің шығарылуына ықпал етеді.

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз