Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Joyfield «Жемісті MIX» жемісті батончиктері

4 дәмнен құралған ассорти

Алмұрт, қауын, інжір мен қараөрік, сермене мен папайя қосылған 4 батончиктен тұратын жемісті коллекция күн сайын сүйікті дәмдеріңізден дәм татқызады. Батончиктердің ыңғайлы пішіні қайда жүрсеңіз де қарныңызды аш қалдырмайтын сенімді көмекшіңізге айналады.

Нетто массасы: әрқайсысы 30 г-нан 4 батончик

 

190 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

«Жемісті MIX» Joyfield коллекциясы – қарын ашу сезімін тиімді басатын әрі «ақылды» көмірсулардың арқасында энергияны тез қалпына келтіретін жемісті батончиктердің 4 сүйікті түрінен құралған жинақ. Қосымша дәрумендер көзі. Батончик ағзаға қажетті микроэлементтер мен жасуныққа бай. Joyfield – нағыз күннің астында піскен жеміс-жидектердің табиғи дәмі. Жұмыста, мектепте немесе саяхаттап жүргенде жүрек жалғап алатын ас немесе десерт ретінде таптырмас дүние.

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғанды ұнататындарға.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Дүкендегі жемістерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Energy Life батончиктерінің құрамында – тек қана табиғи жолмен піскен, өсіп-өнген жерге жақын маңда өңделген (ГМА мен химикаттарсыз) жеміс-жидектер.
  • Минимум фруктоза. Ұқыптап әзірлеудің арқасында (қайнатпай) жеміс-жидектердің табиғи тәттілігі сақталып қалады.
  • Диеталық, вегетариандық және жеңіл тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.
  • Балаларға да пайдалануға болады. Ақыл-ой белсенділігін арттырып, иммундық жүйені жақсартады.

Қауын: кептірілген өрік, кептірілген алма, қауын қағы, ананас цукаттары (ананас, қант), фруктоза, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант), «Қауын» хош иістендіргіші.

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 30 г-да

Ақуыздар, г

2,5

1

Майлар, г

0,4

0,1

Көмірсулар, г

77

23

Калориялығы, ккал (кДж)

290 (1210)

85 (360)

Алмұрт: табиғи алмұрт езбесі, кептірілген алма, табиғи алма езбесі, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант), аскорбин қышқылы (антиоксидант), лимон қышқылы (антиоксидант).

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 30 г-да

Ақуыздар, г

1,5

0,5

Майлар, г

0,2

0,1

Көмірсулар, г

59

18

Калориялығы, ккал (кДж)

240 (1000)

70 (300)

Інжір мен қараөрік: қараөрік, кептірілген інжір, кептірілген алма, мейіз, ананас цукаттары (ананас, қант), фруктоза, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант).

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 30 г-да

Ақуыздар, г

3

1

Майлар, г

0,5

0,2

Көмірсулар, г

84

25

Калориялығы, ккал (кДж)

320 (1340)

100 (420)

Сермене мен папайя: кептірілген өрік, мейіз, кептірілген алма, папайя цукаттары (папайя, қант), фруктоза, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), жабайы өсетін қытай серменесінің кептірілген жидектері, калий сорбаты (консервант), аскорбин қышқылы (антиоксидант).

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 30 г-да

Ақуыздар, г

2,5

1

Майлар, г

0,4

0,1

Көмірсулар, г

75

22

Калориялығы, ккал (кДж)

280 (1180)

85 (350)

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тамақтың калориясын азайту үшін пайдалануға болады. 

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз